Бекітемін:
Күні: 5 ақпан,2015 жыл Математика
Сабақтың тақырыбы: Қосындыны санға көбейту
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушылардың қосындыны санға көбейту тәсілімен таныстыру.
Дамытушылық: Ой - өрісін, сана - сезімі мен тілін дамыту. Есте сақтау қабілетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Әр істі саналы түрде орындауға, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: Іздену, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі.:геометриялық фигура,үлестірме,ойын
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:- Оқушыларды топқа бөлу. (санау арқылы)- Психология тренинг
2. Үй тапсырмасын тексеру:№6,7
- "Кім жылдам?" ойыны арқылы ережені сұрау
3. Жаңа сабақ №1 Геометриялық мазмұнды тапсырма
А В
Е Д АВДЕ тік төртбұрышының ауданын әр түрлі тәсілмен есептеп шығару. 1-тәсілі: (3+4)*2 2-тәсілі: 3*2+4*2 АВДЕ –ауданы 14(см2)
(3+4)*2-3*2+4*2 Бұл теңдік амалдың қандай қасиетін білдіретінін түсіндіру.
Ереже: Қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғышты осы санға көбейтіп, нәтижелерін қосуға, немесе қосындының мәнін тауып, осы санға көбейтуге болады.
Оқулықпен жұмыс. Тақтамен жұмыс
№2 Есепті әр түрлі тәсілмен шығару.
1 түп,1 сағ 5кітап Ұзын-6см 6-2=4(см)
2 түптеуші-4кітап Ш: (5+4)*6=54(кітап) Ені-? 2см қысқа Р-(6+4)*2 =20(см)
6 сағ-? Кітап түп? 5*6+4*6 =54(кітап) Р-? S-? S- 6*4 =24 (см2)
№3 Топпен жұмыс Өрнектердің мәнін табу
(14+36)*5= 250 (10+70)*4 = 320 (46+24)*7= 700 (48+22)*3==210
(27+73)*8= 800 (10+20)*6= 180 (17+33)*9=450 (89+11)*2=200
№5 Жұптық жұмыс
8км 250м+3км139м =11км389м 6кг150г+2кг375г= 8кг525г
25м 39см -4м 26см = 21м13см 15кг750г-7кг275г= 8кг 475г
№6 Өзіндік жұмыс Бос тор көзге тиісті санды тауып қою.
Шығармашылық тапсырма.
Суретте неше үшбұрыш бар?
№ 7 Танымдық тапсырма
7*4= 28 28:4= 7 37*4=148 148:4=37
17*4=68 68:4=17 47*4188 188:4=47
27:4 = 108 108:4=27 57*4=228 228:4=57
4.Сабақты қорытындылау Логикалық тапсырма Жүктің салмағы Адам орындықтан секіреді.Оның қолында таразы, ыдысында 10 кг салмағы бар жүк жатыр. Құлап келе жатқанда таразының тілі қай бөлікте тұрады? Жауабы: Нөлде.
Үйге тапсырма № 3(ә), №4 бағалау
Бекітемін:
Күні: 6 ақпан,2015 жыл Математика
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушылардың қосындыны санға көбейту тәсіліне берілген тапсырманы пысықтау.
Дамытушылық: Ой - өрісін, сана - сезімі мен тілін дамыту. Есте сақтау қабілетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Әр істі саналы түрде орындауға, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: Іздену, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі.:геометриялық фигура,үлестірме,ойын
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:- Оқушыларды топқа бөлу. (санау арқылы)- Психология тренинг
2. Үй тапсырмасын тексеру:№6,7
3.Жаңа сабақпен жұмыс
Оқулықпен жұмыс
№1 Есепті әр тәсілмен шығару.
Тазалауға-15 мин Ш: (15+5)*3= 60(мин) әр -4таға Ш: 4*9+4*8=68 (таға)
Жинауға- 5 мин 3сағ-? 15*3+5*3 =60(мин) 1-к-9,2-к-8 2 к-? (9+8)*4 =68 (таға)
№2 Өрнектердің мәндерін табу.Топпен жұмыс
(10+80)*5 (13+27)*4 (40+20)*5 (30+20)*6
(7+3)*5 (8+2)*4 5*(70+30) 4*(80+20)
№3 Геометриялық мазмұнды тапсырма.Сұрақтарға жауап беру
Тік төртбұрыштың ұзындығы
|
Тік төртбұрыштың ені
|
Ауданы
|
Периметрі
|
8см
|
3см
|
28см2
|
22см
|
8см
|
5см
|
40см2
|
26см
|
6см
|
2см
|
12см2
|
16см
|
№4 Өзіндік жұмыс(жұптасып орындау)
ә ) 24+6*8-45:5= 63 9*6-3*6+19-27:9=52
6*4:3:2*6 =24 48: 6:2*6:3*2=16
78-5*4+7*7 = 107 36:4+5*5-12+6*7=64
№5 Салыстыру
2 тәул.21сағ >50сағ 45см <4дм5см1мм 5тәул.12сағ < 6сағ 4сағ10мин <252мин
2сағ30мин > 90мин 20м5дм= 205дм 3сағ50мин >186мин 15см < 5дм5см
«Кім алда!»ойыны №7
8*4=32 32:4=8 38:4=152 152:4=38 68:4=272 272:4=68
18*4=72 72:4=18 48:4=192 192:4=48 78:4=312 312:4=78
28*4=112 112:4=28 58:4=232 232:4=58 88:4=352 352:4=88
Шығармашылық тапсырма
7таяқшаны алып тастап,әр түрлі 2шаршы шығар.4таяқшаны алып тастап,4бірдей шаршы шығар.
3.Сабақты қорытындылау
Логикалық есептер
1..Көбінесе ай 30 не 31 санмен аяқталады. Ал қай айда 28 деген сан бар?
2.1 қатарда 8 тас, аралары 2 см - ден, 2 – ші қатарда 15 тас, аралары 1 см - ден. Қай қатар ұзынырақ? бірдей
3. Күшіктер мен үйректер балапандарында 7 бас пен 20 аяқ бар. Қанша ит күшіктері мен үйрек балапандары бар? Жауабы: 3 күшік және 4 балапан
Үйге тапсырма № 6 Оқушыларды бағалау
Бекітемін:
Күні: 9 ақпан, 2015 жыл Математика
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушылардың қосындыны санға көбейту тәсіліне берілген тапсырманы пысықтау.
Дамытушылық: Ой - өрісін, сана - сезімі мен тілін дамыту. Есте сақтау қабілетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Әр істі саналы түрде орындауға, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: Іздену, сұрақ – жауап,өзіндік жұмыс
Сабақтың көрнекілігі.: суреттер,,үлестірме,ойын
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:- Оқушыларды топқа бөлу. Психология тренинг
2. Үй тапсырмасын тексеру:№ 6,7
3.Жаңа сабақпен жұмыс
Оқулықпен жұмыс
№ 1 ,2 Есепті қлоайлы тәсілмен шығару а )
Ш: (90+10)*6 =600 (әшекейлі бұйым)
90 сақина 10жүзік 6 күн-? 90*6+10*6 =540+60= 600(әшекейлі бұйым)
ә ) 1- 100 білезік , 2-? 2 есе кем 100+ (100 :2)= 150(білезік) Ж: 150 білезік соқты.
Барлығы-?
б ) Әрқ- 5алма, 4алмұрт Ш: (5+4)*2= 18(жеміс)
2 ваза-? Жеміс 5*2+4*2 =10+8= 18 (жеміс)
№3 а )Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып,өрнектің мәнін табу.
(10+8)*8 =10*8+8*8 =144 (30+9)*2 = 30*2+9*2=78 (100+80)*5 =100*5+80*5=900
(20+6)*3= 20*3+6*3 = 78 (20+1)*4 =20*4+1*4= 84 (200+60)*3=200*3+60*3=780
ә ) 400*2+100*2= (400+100)*2=1000 100*3+200*3=(100+200)*3= 900
№4 Өзіндік жұмыс (өрнек құрып және мәнін табу)
*(2+8)*8 = 80 5 *(3+6)= 45 (18-10)*7 =58 2*(9-4) =10 (400-100)*3= 900 (30+20)*10=500
№5 Тиісті амал таңбаларын қою: «Кім тез» ойыны
4*8-9= 41 69+11+20=100 72:9*5= 40
7*5+25= 60 27:3*5= 45 200:2-9= 91
63:7:3=3 66-30: 6= 6 300*2:100= 6
Шығармашылық тапсырма
Бір үйдің 3 ұлы бар.3 ұлдың әрқайсысының бір әпкесі ,бір қарындасы бар.Бұл үйдің баласы нешеу болғаны?
Логикалық тапсырма:
Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды? 12 құс. (Тордан ұша алмайды)
2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды. 2 сағат ойнайды?
Әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады? Теңдеу арқылы шеш. 34+х=2(11+х) 34+x=22+2x -2x+x=22-34 -1x=-12 x=12/1 x=12
Барлық жылқының үштен бірі және екеуі бөлініп алынды. Бұдан соң қалған жылқының жартысы айдалып кетті. Сонда өрісте 9 жылқы қалды. Басында неше жылқы болды? 30 жылқы
3.Сабақты қорытындылау Үйге тапсырма№ 6,7 Бағалау
Бекітемін:
Күні: 12 ақпан,2015 жыл Математика
Тақырыбы: Қосындыны санға бөлу
Мақсаты:
1) Қосындыны санға бөлудің бірнеше жағдайларын түсіндіріп, бөлу амалына есептеу дағдысын қалыптастыру
2) Есте сақтау қабілетін сана қабілеттерін, сана сезімдерін, зейінін, ойлау қабілеттерін дамыту
3) Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа білімді игеру
Әдіс тәсілдері: проблемалық іздену, сұрақ - жауап, әңгімелеу
Көрнекі құралдары: оқулық, суреттер, қима қағаздар
Жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) а) психологиялық дайындық 2. Үй тапсырмасын тексеру (8 мин)
3. Жаңа сабақ
а) Ой жинақтау
ә) мұғалімнің түсіндірмесі
б) оқулықпен жұмыс
в) Кезеңдермен жұмыс
4. Сабақты бекіту
а) шығармашылық жұмыс
ә) деңгейлік тапсырмалар
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма: № 5, № 8 201 бет
Сабақтың барысы: оқушылардың назарын сабаққа аудару, қонақтармен сәлемдесу
- Үлкенге де сіз!
- Кішіге де сіз.
- Сәлем бердік сіздерге.
- Құрметпен біз.
Психологиялық дайындық
Сабаққа біз даярмыз!
Жалқаулықты қоямыз,
Үздік оқып әрқашан,
Кілең бестік аламыз.
Сабақтың мақсатын түсіндіру. Бүгінгі сабағымыз ерекше болады. Себебі біз қаламыздағы көне тарихи ескерткіштерге саяхат жасаймыз. Олай болса автобусқа мінбестен бұрын автобусты кім жүргізеді?
- Жүргізуші
- Сұрақ қой,
- Кім?
- Жүргізуші.
Ал автобусқа мінбестен бұрын автобустың алдынан жүгіріп өтуге болмайды. Ал кеттік балалар, бәріміз автобусқа мініп бірінші Жамбыл Жабаев атамыздың ескерткішінен бастаймыз.
- 1846 жылы қазіргі Жамбыл облысының Хан тауы мен Жамбыл тауының
етегінде туылған. Қазақ халық поэзиясының алыбы атанған ірі сөз шебері. Ол
айтыс ақыны болған. 1945 жылы 99 жасында дүние салған.
№6 Өрнектердің мәнін тап. (оқушыларға оқыту, өрнектердің мәндерін бірден разрядттық қосылғыштарға жіктеу)
90: 3+9: 3=39
40: 4+4: 4=11
60: 2+6: 2=33
600: 10+60: 10=66
Достарыңызбен бөлісу: |