Сабақтың тақырыбы: «Жақсы мінез жан азығың»



бет6/8
Дата11.01.2022
өлшемі21,04 Kb.
#129242
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жақсы мінез
Ашық сабақ
Нұрлыжол:

Ей, адам! Есіңде болсын, ойламаған жерден бас айналдырарлықтай бақ қонып, жолың болып кетер деп сену – бос далбаса. Әлдебір қолдаушы күштерге сенуден бас тартып, тек өзіңе, өз күшіңе ғана үміт арт. Адамды бақытсыз ететін нәрсе – ерік-жігерінің әлсіздігі мен тәуекелсіздігі. Күтпеген жерден келетін кездейсоқ бақытқа сенбе. Жоқ нәрсеге дәмеленіп, алтын уақытты боска өткізгенше, сол бақыт ауылын өзің іздеп тап.



Лаура:

Ей, Адам! Қолға алған ісіңді тоқтатпа. Бүгін бітіруге болатын шаруаны ешқашан ертеңге қалдырма. Кез келген істі тоқтату немесе сылбырлыққы салыну саған тек қана зиянын тигізеді. Сен үшін әр кезде ең басты іс – ол дәл қазір қолға алған шаруа болуға тиіс. Өзіңе қорқынышты, түбінде түк шықпайтын үмітсіз іспен айналыспа.



Мадина:

Ей,адам! Жаманшылық келмей жақсылықтың қадірін біл. Адамның мінез-құлқын, оның шын мәнінде қандай екенін бақытсыздыққа тап болып, басына іс түскенде анық байқауға болады. Кемеңгер адам тағдырдың салмағын нық тұрып көтере алады. Әрі ғылымға, өнерге, мейірімді істерге деген сүйіспешілігін жоғалтпайды.



Айым:

Ей, адам! Бойыңды үрей мен қорқыныштан таза ұста. Кішкентай ғана бақытсыздық адамды қажытып жіберуі мүмкін. Бірақ, шын мәнінде адамды қажытатын әлгі кішкентай бақытсыздық емес, адамның өз ішіндегі үлкен үрейі мен қорқынышы. Сен басыңа төнген бақытсыздықтан соң адал, мейірімді, жан дүниесі таза адамға айналсаң, басыңа түскен қасіретке де қуана біліуің керек.Өйткені, бұл қасірет сенің өз басыңа үлкен пайда әкелді ғой.


Маржан:

Ей, адам! Таза, сау дене мен орасан зор еңбекке негізделген қанағатшылдық, көргенділік – адам еркіндігінің белгісі. Ешбір істе абыржыма және үмітсіздікке салынба. Егер бүтін жағымсыз, арам істерге жол берсең, онда ертең үлкен жауыздықпен күресуіңе тура келеді.

Төзімділікті, кішіпейілділікті, қарапайымдылықты, салмақтылықты және рух беріктігін өзіңнің ішкі әлеміңнің қасиеті мен әдетіне айналдыр. Бұлар бар болған жерде ашу–ыза сенің ақыл-есің мен санаңды бағындыра алмайды. Сені жағымсыз істер мен қылмыстарға бастайтын долылықтан сақтан.

Шыдамсыздық және асығыстықпен өміріңді бүлдірме. Егер әлдекім сенің сүйеуің мен ықыласыңа ынтық болса, ешқашан ешқандай іс-әрекетіңмен оның көңіл-күйін бұзба және ренжітпе.



Әділ:

Ей, адам! Ұят-иба мен инабаттылық қасиеттеріңді сақта. Қара қылды қақ жаратын әділдікті жақта, жұртты алалама. Адалдық – ең асыл қасиет, одан айнымасаң абыройлы боласың. Айтқан лебізіңді жұтпа, берген уәдеңнен тайма, жасаған мәмілеңді бұзба, сонда адамгершілік бағаң артады.



Ләзиза:

Ей, Адам! Кімге болса да жақсы лебізіңді айтып, жақсы ниетіңді білдір. Қандай жағдайда да сабырлы бол. Қиыншылыққа төзе біл, шыдамды бол. «Болдым», «толдым» деп асқақтама, оған да тосқауыл бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет