Модулдік оқыту тиімділігі
НҰРАЛИЕВА Асем, Айдарлы орта мектебінің
биология пәнінің мұғалімі
М.М.Жанпейісованың басшылығымен ғылымға енген модулдік оқыту технологиясы, білімді меңгеруде жүйелі әрі тиімді екенін көрсетіп келеді.
«Модулдік технология бойынша оқыту» әдісін қолданып тәжірибе жинақтап келемін.
Төменде 9-сыныпта өткізілген «Адамның шығу тегі. Антропосоциогенез.» тарауына құрылған модулдік сабағымды ұсынып отырмын.
Адамның шығу тегі. Антропосоциогенез.(4 сағат)
Бөлімі
|
Сабақ саны
|
Сабақтың мазмұны мен түрі
|
Бөлінген уақыты
|
Кіріспе
|
1-сабақ
|
1.Модулдің құрылымымен танысу: мақсат, міндетін түсіндіру.
2.Антропогенездің қозғаушы күштері.
3.Приматтар және адам эволюциясы.
4.Адам нәсілдері.
|
10 мин.
10 мин.
15 мин.
10 мин.
|
Диалогтар
|
2-сабақ
3-сабақ
|
«Қарлы кесек » оқыта –үйрету ойыны
«Ғылыми симпозиум» рөлдік ойыны.
|
45 мин.
45 мин.
|
Қорытынды
|
4-сабақ
|
Сынақ тапсыру.
|
45 мин.
|
Оқушы нені білу керек:
1.Адамның тірі табиғаттағы орны.
2.Антропосоциогенез сатылары. Адамның бейімделгіштігі.
3.Адам нәсілдері. Қоғамдасып өмір сүру мәні.
Кіріспе бөлім.
Тірек-сызбаларды, кесте, үлестірмелі дидактикалық материалдарды пайдаланып отырып ауызша баяндау әдісімен түсіндіру.
№1. Тірек-сызба
Адамның тірі табиғаттағы орны
Жүйелі топтар
|
Қазақша атаулары
|
Орысша атаулары
|
Тип
|
Хордалылар
|
Хордовые
|
Тип тармағы(подтип)
|
Омыртқалылар
|
Позвоночные
|
Класы
|
Сүтқоректілер (аңдар)
|
Млекопитающие (звери)
|
Класс тармағы(подкласс)
|
Ұрықжолдастылар
|
Плацентарные
|
Отряд
|
Маймылдар
|
Приматы (обезьяны)
|
Отряд тармағы(подотряд)
|
Жоғары сатыдағы маймылдар
|
Высшие обезьяны
|
Тұқымдасы(семейство)
|
Адамдар
|
Человеки
|
Туысы(род)
|
Адамдар
|
Человек
|
Түрі (вид)
|
Саналы адамдар
|
Человек разумный
|
1
№2. Тірек-сызба
Адам эволюциясының қозғаушы күштері
Әлеуметтік
Биологиялық
-Тіршілік үшін күрес -Етті тағамды пайдалану
-Тұқым қуалайтын өзгергіштік -Еңбек әрекеті
-Табиғи сұрыпталу -Ақыл – ой, сана
-Еңбектің қоғамдық сипаты
-Сөз
№3. Тірек-сызба
Адамның шығу тегі мен эволюциялық дамуының негізгі кезеңдері
Қаңқа қалдықтары табылған өкілдері
|
Тіршілік еткен уақыты
|
Миының салмағы(г.)
|
Қаңқа қалдықтары табылған аймақтар
|
Аустралопитектер
|
10-4,5 млн.ж.бұрын
|
500-750
|
Оңтүстік, Шығыс және Орталық Африка,Азия
|
А) афарлық аустралопитектер
|
4,5-4 млн.ж.бұрын
|
500-600
|
|
В) епті адам
(Homo habilis)
|
4 -2 млн.ж.бұрын
|
600-750
|
Оңтүстік және Орталық Африка
|
І. Архантроптар /ежелгі адамдар/
|
4 -2 млн.ж.бұрын
|
850-1100
|
Африка, Шығыс Азия,Индонезия, Европа, Орта Азия, Қазақстан, Байкал өнірі
|
А) питекантроптар
|
2,6 млн -400 мың.ж.б.
|
850-900
|
Индонезия
|
Ә) синантроптар
|
2 млн-600 мың ж.б.
|
900
|
Қытай
|
Б) атлантроптар
|
2 млн. -400мың ж.бұрын
|
1000
|
Солтүстік Африка
|
В) Гейдельберг адамы
|
400 мың ж.бұрын
|
1000-1100
|
Батыс Германия
|
ІІ .Палеонтроптар
/ертедегі адамдар/
|
1.5 млн- 500 мың ж.б.
|
1500
|
Африка,Азия
|
А)неандертальдық адам(Homo sapiens Neanderthalis)
|
1,5млн. - 40мың ж.б.
|
1400
|
Батыс Германия
|
ІІІ.Неоантроптар
/осы заманғы алғашқы адамдар/
|
40 мың ж.бұрын
|
1300-1400
|
Антарктидадан басқа барлық құрлықта
|
А)Кроманьон адамы
|
40-10 мың ж.бұрын
|
1400-1500
|
Антарктидадан басқа барлық құрлықта
|
Ә)Саналы адам (Homo sapiens)
|
10 мың ж.бұрын
|
1500-1600
|
Антарктидадан басқа барлық құрлықта
|
2
№4. Тірек-сызба
Еуропеоидтік нәсілдер
Адам нәсілдері
Негроидтік нәсілдер
Монголоидтік нәсілдер
2-сабақ «Қарлы кесек » оқыта –үйрету ойынында оқушылар топқа бөлінді, әр топтың мақсаты түсіндірілді, тапсырмалар берілді.
1.Антрополог ғалымдар тобы
2. Антрополог тарихшылылар тобы
3.Социолог- әлеуметтанушылар тобы
4.Анатомолог - физиолог ғалымдар тобы
5.Нәсілтанушы ғалымдар тобы
Топ №
|
Тапсырмалар
|
Жұмыс түрі
|
1.
|
Антропогенездің қозғаушы күштері.
|
Тірек сызбалар құрастыру
|
2.
|
Адамның тірі табиғаттағы орны.
|
Кесте толтыру
|
3.
|
Қоғамдасып өмір сүру мәні. Сөз .
|
Эссе жаздыру
|
4.
|
Адамның бейімделгіштігі
|
Биологиялық диктант алу
|
5.
|
Адам нәсілдері
|
Венн диаграммасы бойынша ерекшіліктерін салыстыру
|
Әр жұмыс барысында белсенділік танытқан топ мүшелері бағаланып отырады.
3-сабақ «Ғылыми симпозиум» рөлдік ойыны.
«СИМПОЗИУМ» - жиын, жиналыс, бірлесіп мәселені шешу.
Оқушылар түрлі рөлдері сомдайды, ақпарат құралдарының сұрақтарына жауап береді.
1.Антрополог – тарихшыға сұрақ:
- Адамның жануарлар дүниесіндегі орнын көрсетіп, оны ғылыми тұрғыдан дәлелдеңіз.
2.Этнограф –археологқа сұрақ:
- Приматтар және адам эволюциясы туралы не айтасыздар?
3.Палеонтолог –морфолог ғалымға сұрақ:
-Антропогенездің эволюциясындағы негізгі қозғаушы факторларды атаңыз.
4.Приматолог –эмбриолог дәрігерге сұрақ:
-Адамның шығу тегі және эволюциясы туралы қазіргі көзқарастар.
5.Социолог- әлеуметтанушы ғалымға сұрақ:
-Қоғамдасып тіршілік етудің мәні неде? Қоғамдық еңбек әрекеті процесінде ақыл және сөздің пайда болуы туралы.
6.Нәсілтанушы саясаткер ғалымға сұрақ:
-Адам нәсілдерінің ерекшеліктері және адам нәсілдерінің бірлігін қалай дәлелдеуге болады?
7.Археологиялық -палеонтологиялық мұражай директорына сұрақ:
-Адамның эволюциясының салыстырмалы - анатомиялық, эмбриологиялық, палеонтологиялық дәлелдемелеріне мысал келтіріңдер.
Әр жұмыс барысында белсенділік танытқан оқушылар бағаланып отырады.
3
4-сабақ Сынақ тапсыру.
№1 билет
1. Адамның жануарлар дүниесіндегі орнын көрсетіп, оны ғылыми тұрғыдан дәлелдеңіз.
2.Сөз және ойлау аса маңызды әлеуметтік фактор екенін түсіндіріңдер.
|
|
№2 билет
1. Антропогенездің эволюциясындағы негізгі қозғаушы факторларды атаңыз.
2. Қоғамдасып тіршілік етудің мәні неде?
|
|
№3 билет
1.Адамның шығу тегі және эволюциясы туралы қазіргі көзқарастар.
2.Әлеуметтік факторлар деген не?
|
|
№4 билет
1.Қоғамдық еңбек әрекеті процесінде ақыл және сөздің пайда болуы туралы.
2.Маймылдан адамға өтудегі еңбектің ролі қандай?
|
|
№5 билет
1.Ежелгі адамдарға кімдер жатады? Олардың ерекшіліктері қандай?
2.Нәсілдердің шығу тегі туралы не білесіңдер?
|
|
№6 билет
1.Ертедегі адамдарға кімдер жатады? Олардың ерекшіліктері қандай?
2. Адам нәсілдерінің бірлігін қалай дәлелдеуге болады?
|
|
№7 билет
1.Осы заманғы алғашқы адамдарға кімдер жатады? Олардың ерекшіліктері қандай?
2.Нәсілшілдік деген не?
|
|
№8 билет
1.Адам нәсілдерінің морфологиялық ерекшеліктері сипаттама беріңдер.
2.Рудимент дегеніміз не? Мысал келтір.
|
|
№9 билет
1.Антропогенездің эволюциясындағы биологиялық факторларды атаңыз.
2.Атавизм деген не? Мысал келтір.
|
|
№10 билет
1.Антропогенездің эволюциясындағы әлеуметтік факторларды атаңыз.
2.Антропология нені зерттейтін ғылым?
|
Әдебиеттер
1.Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту
құралы ретінде.
2 Ж.Шілдебаев Ж.Қожантаева Л.Аманжолова Биология 9-сынып
3. М.Қ.Смағұлова Оқушы анықтамасы 6-11 сыныптар
Алматы облысы
Панфилов ауданы
Айдарлы ауылы
4
Достарыңызбен бөлісу: |