Сабақтың тақырыбы: Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздері Күні



бет6/6
Дата16.09.2022
өлшемі0,54 Mb.
#149778
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9к160922

Рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар нені білді?
Сыныптағы ахуал қандай
болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен уақытты тиімді пайдалана алдым ба?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?



Сабақтың оқу мақсаттары мен оқу міндеттері орындалды, себебі, бүгінгі сабағымда оқушылар Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздерін білді.


Оқушылар берілген тапсырмалар арқылы, Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздерінің мазмұнын түсінді, өзіндік пікір айта алды. Автор стиліне сүйене отырып, мысал келтіре алды, шынайы өмірмен байланыстырып шығармашылық ойтолғау жаза алды.

Сыныптағы ахуал өте жақсы болды,себебі, «Жұлдыз жорамал» әдісі арқылы жүргізілген оқу әрекеті оқушыларға жағымды ахуал туындатты. Сол арқылы сабақты бастауға мүмкіндік беріп, оқушылардың көңіл- күйін жақсарттым.


Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды, себебі, әр тапсырма үшін тиімді болатын әдістерді таңдап, топтық, жеке жұмыстар сәтті орындалды
Мен уақытты тиімді пайдалана алдым, себебі, тапсырмаларым уақытылы орындалып, мақсатыма жеттім.
Мен өз жоспарыма ең бастысы мақсатқа жұмыс жасау керектігін түсіндім.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1.Графикалық органайзерлердің көмегімен жүзеге асырылған тапсырмаларымда, оқушылар ынтымақтастықта, бірігіп отырып, ұйымшыл, тиянақты орындауына септігін тигізді.
2. Жеке жұмыс барысында орындалған тапсырмалар өте ұтымды болды, себебі, оқушылар қызығушылықпен, жоғары ынтамен орындады.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

  1. Курс барысында жүргізілген ықшам сабақтар ( кері байланыс, графикалық органайзерлер, рефлексия түрлері, шаттық шеңбері, сергіту сәті) бүгінгі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін білдім.

  2. Мұғалім тарапынан тиімді қадағалау жүрізіп, белсенді қолдау көрсетіп отырғанда сабақ жақсы өтетінін аңғардым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет