Күні:24.02.2015ж Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Бесеудің хаты» тарихи драмасы Сабақтың мақсаты: – тарихи драмада бейнеленген адамдар тағдыры арқылы өмір шындығын, автор идеясын ұғындыру, образдар жүйесіне талдау жасау дағдыларын жетілдіру.
Күтілетін нәтиже: – қазақ халқының ашаршылық жылдарындағы қайғылы кезеңдері мен тарихи бастан кешкен қасіретін таниды;
-оқушылардың өз бетімен ізденіп оқуы мен шығармашылық дағдылары қалыптасады.
Сабақтың түйінді идеялары:тарихи драманың мазмұнын, автордың идеясын ұғынады.
Сабақтың әдісі-тәсілдері: диалогтік оқыту, СТО, эссе.
Сыныбы: 8 «Ә»
Ұйымдастыру кезеңі
Миға шабуыл
Шерхан Мұртаза кім?
Қандай шығармаларымен таныссыңдар?
Шығарма қандай тарихи оқиғаға негізделіп жазылған?
Драманың кейіпкерлері кімдер?
Сұрақтарға жауап береді.
Слайд
1010-1020
Таныстырылым
Ізденіс жұмыс
1. Шерхан Мұртазаның портреті (шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет айтылады)
2. Сталиннің теріс саясаты туралы айтылады.
3. Голощекиннің асыра сілтеп отырған көрсоқырлығы туралы айтылады.
4. Рысқұлов туралы деректер
Оқушылар өздері жинақтаған деректерін жариялайды
Слайд
1020-1040
Негізгі бөлім
1.Жазушы, драматург Шерхан Мұразаның «Бесеудің хаты» екі бөлімді тарихи драмадан үзіндіні көріп,тамашалаңыздар. Оқиға 1932 жылы өтеді. (көрініс)
2.Хат жазған бесу кім?
(Мүсірепов, Ғаттауллин, Алтынбеков, Қуанышев, Дәулетқалиев)
1.Оқушылар дайындап келген көріністерін көрсетеді.
2.Хат жазған бесеу туралы мағлұмат береді.
Слайдтар
Әскери киім, домбыра
1040-1050
Қорытынды
І.«Ашаршылық зобалаңы» деректі фильмнен үзінді көрсетіледі.
ІІ. “Бесеудің хатында” қамтылған негізгі мәселелер:
1.Мал басының кемуі
2.Асырасілтеушіліктер мен көзбояушылықтар
3.Қазақ шаруашылықтарындағы егіс туралы
4.Қазақтарды отырықшылыққа көшіру
5.Қоныс аударушылар мен қазақ жұмысшыларына қатысты ұлт саясатының бұрмалануы жөнінде.
ІІІ. Тарихи деректер:
1.Аштық жылдары
2.Болу себептері
3.Аштыққа ұшыраған
аймақтар.
4.Ашығушылар саны.
5.Зардаптары.
1.«Ашаршылық зобалаңы» тақырыбына эссе жазады.
2.Хатта қамтылған негізгі мәселелерді атайды.
3.Тарихи деректер бойынша өз ойларын айтады.
Формативті
Видеофильм
Слайдтар
1050-1055
Бағалау
Ағашқа стикер жабыстырады:
Жасыл-бәрі жақсы
Сары –орташа
Қызыл-төмен