ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:.
Ойталқы-қоғамдық маңызды мәселені талқылау. Ойталқының басқа пікірталастардан ерекшелігі талқылауға түскен мәселенің қойылысы,мақсаты түпкі нәтижесі, т.б сипаттарынан танылады.
Ойталқы жиылған топқа талқылауға ұсынылар сөз таласы
|
Ұсынылар тақырып алдын ала белгіленеді
|
Түрлі көзқарастарды талдай отырып,оң шешім мүмкіндіктерін табу
|
Ортақ шешімге келу міндетті емес
|
Ғылыми және қоғамдық тақырып талданады
|
Бірнеше адам баяндама,
хабарлама да жасауына болады.
|
Ғылыми тақырыпты, көркем шығарманы талқылау, «Дөңгелек үстел», т.б
|
Қатысушылар саны үш-төрттен он бес жиырмаға дейін болу мүмкін.
|
Жаттығумен жұмыс: 32-жаттығу «Әрқашан шындықты ғана айту қажет пе?» тақырыбына дебат ұйымдастырыңдар. Үш топқа бөлінеді. Екі топ тақырыптар бойынша сөйлейді. Үшінші топ талдау жасай отыра, оларды әділ бағалайды.
Білімді бекіту: . Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Пікірталастың пікіралмасудан қандай айырмашылығы бар?
Ойталқы дегеніміз не?
Дебат дегеніміз не?
Жарыссөз дегеніміз не?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: қайталау
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Дебат өткізуге дайындық
Сабақтың мақсаты: білімділік – Дебат өткізу , оның ережелері туралы түсінік беру;
тәрбиелік – жастарды елжандылыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеу;
дамытушылығы – іскерлік белсенділіктерін,ойлау қабілетін ауызша және жазбаша талдаулар арқылы дамыту,сөйлеу мәдениетін қалыптыстыру.
Сабақтың түрі: дебат сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, жарыс т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, газет-журналдар
Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:.
1.Аталған тақырыптың бірін таңдап алу.
2. Көзқарастары сәйкес келетін сөйлеушілерді белгілеу.
3. Дәлелдейтін тезистерін анықтау.
4. Дебетқа қатысушылардың бір-біріне сыпайы түрде «сіз» үлгісінде тілдесу.
5. Регламент сақтау.
6. Қарсылас сөзін бөлмей,соңына дейін тыңдау.
7. Қарсыласқа сұраққа жауап берген соң,алғыс айту.
8. Егер қарсылас сұрағына жауап бере алмаса, соңында қорытынды сөзде жауап беруді ұмытпау.
9. Қарсылас сөзінің соңын көрермендермен бірге қолпаштап отыру (қол шапалақтау)
10. Соңында өз топ мүшелерінің , қарсыластарының қолын алып, алғыс айту. Дебатқа түсушілер «Әркімнің өз пікірі өзіне құнды» деген қағиданы ұмытпағаны жөн.
Шығармашылық жұмыс: Үш топқа бөлініп «Ренжіспей өмір сүруге бола ма?» тақырыбына дебет ұйымдастырыңдар. Екі топ тақырыптар бойыеша сөйлейді. «Ренжіспей өмір сүруге болады», «Керіссіз де келісімнің жолы бар» ал, үшінші топ талдау жасай отыра, оларды әділ бағалайды.
Білімді бекіту: . Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Пікірталастың пікіралмасудан қандай айырмашылығы бар?
Ойталқы дегеніміз не?
Дебат дегеніміз не?
Жарыссөз дегеніміз не?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: қайталау
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Пікірcайыс
Сабақтың мақсаты: білімділік - пікірсайыс туралы түсінік бере отырып, оқушыларды ойын жүйелі, еркін жеткізуге, көпшілік алдында қысылмай сөйлей білуге дағдыландыру;
тәрбиелік – жастарды елжандылыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеу;
дамытушылығы – іскерлік белсенділіктерін,ойлау қабілетін ауызша және жазбаша талдаулар арқылы дамыту,сөйлеу мәдениетін қалыптыстыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, іздендіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,деңгейлік тапсырма
Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:.
Пікірсайыс өз аты айтып тұрғандай пікірлер,идеялар сайысы. Пікірсайыстың басты ерекшелігі-қатысушылардың бір жағының жеңіп,мақсатқа жетуі,яғни бір ғана идея,пікірдің дәлелденуі.
Пікірсайыс көбіне қоғамдық-әлеуметтік тақырыптарға арналады.
Адамгершілік қасиеттерді сақтау,рухани құндылықтарды қорғау,адам құқығын жоғары қою,ізгілікті дәріптеу, т.б мәселелер төңірегінде ұйымдастырылады.
Әр шешен,әр қатысушы өз ойын,пікірін дәлелдей білуі керек.
Өз ұстанымының маңыздылығына,мәніне қатысушылар мен тыңдаушылар көзін жеткізе алу қажет.
Жаттығумен жұмыс: 34-жаттығу «Үздік оқу, үлгілі тәртіп үшін ақшалай марапаттау қажет пе?» деген тақырыпта пікірсайыс өткізіңдер.
Мысалы: «Үздік оқу, үлгілі тәртіп үшін ақшалай марапаттау қажет», «Үздік оқу, үлгілі тәртіп үшін ақшалай марапаттау қажет емес».
Көзқарастары сәйкес келмейтін екі топ құру.
Дәлелдейтін тезистерін анықтау.
Сауалнама жүргізу.
Әдебиеттерден материалдар жинақтау.
Білімді бекіту: . Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1.Дебатқа қатысушылар кімдер болады?
2. Қандай тезистер алынғаны дұрыс?
3. Сауалнама жүргізген жағдайда кімдерге сұрақ қоюға болады?
4. Дебат қорытындысын шығаруға кімдер төрелік ету керек?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Материалдар жинақтап келу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Жарнама
Сабақтың мақсаты: білімділік - оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету;
тәрбиелік – жастарды елжандылыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеу;
дамытушылығы – іскерлік белсенділіктерін,ойлау қабілетін ауызша және жазбаша талдаулар арқылы дамыту,сөйлеу мәдениетін қалыптыстыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, іздендіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, қосымша материалдар
Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:.
Біздің күнделікті өмірде жарнамаға мән бере қарауымызға тура келеді. Соңғы мәліметтер бойынша , жарнама теледидарда көп көрсетіледі,келесі орындарда радио, газет-журнал, т.б жарнама не үшін керек деген сұраққа жауап іздеп көрелік.
тауар өндіруші өз өнімінің сапасы, басқадан ерекшелігі, қалай, қайдан алуға болатыны туралы мәлімет береді.
Қызмет көрсету түрін,сапасы,артықшылығы жайында айтып,жұртшылықтың назарын аударады.
Саяси партия сайлау алдында ұсынар адамы жайында, оның істеген істері мен болашақ елге тигізер пайдасы жайында айтады.
тауар
|
Сапасы,ерекшелігі, сатылатын нүктелері
|
Сатып алуға ұсыныс жасау
|
Қызмет көрсету
|
Сапасы,артықшылығы, мекен-жайы
|
Аталған қызмет көрсету үлгісін таңдау
|
Жеке тұлға
|
Атқарған істері,болашақ жоспары
|
Сайлауда дауыс беру
|
Жаттығумен жұмыс: 35-жаттығу «Миллион кімдікі?» телебағдарламасына жарнама жасаңдар
Білімді бекіту: . Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Соңғы көрген көркем фильмге жарнама жазып келу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Ақпарат пен жарнаманың айырмашылығы
Сабақтың мақсаты: білімділік - оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету;
тәрбиелік – оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық қасиеттерін қалыптастыру;
дамытушылығы – іскерлік белсенділіктерін,ойлау қабілетін ауызша және жазбаша талдаулар арқылы дамыту,сөйлеу мәдениетін қалыптыстыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, жарнамалау т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, қосымша материалдар
Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:.
Жарнама мен ақпарат беру, мәлімет таратудың арасында ұқсастық та бар. Мысалы, концертке келу, көрмеге шақыру т.б сияқты әрі ақпараттық және жарнамалық үлгілер кездеседі. Жарнама болу үшін ең бастыс ақпарат беру және жарнамалап отырған істің тыңдаушыға керек екеніне сендіру мақсаты қойылады. Осындай ерекшелігіне қарай жарнаманы:
Хабарландыру-жарнама
Аңдатпа –жарнама
хабарлама –жарнама деп бөлуге болады.
Ақпарат пен жарнаманың айырмашылығы
Ақпарат
|
жарнама
|
Өткен,өтетін оқиға (немесе зат) жайында айтады
|
Өтетін оқиға (немесе зат) жайында айтады
|
Неғұрлым жан-жақты мол мағлұмат беру
|
Нақты, кең көлемде айту міндетті емес
|
Бейнелеп,суреттеу міндетті емес
|
Көркем,бейнелі назар аударатындай
|
Хабарлама,ақпарат беру
|
Сатып алу, пайдалану,қолдау
|
Жаттығумен жұмыс: 36-жаттығу «Менің тауарымды сатып алыңдар» ойыны
Қарындаш,сөмке,қалам, т.б заттарын сату үшін жарнамалау.
Сыныптан 3-4 оқушы шығып, әркім өз заттарын кезек-кезек,қатар-қатар тұрып жарнамалайды.
Ойын соңында кімнің жарнамасы жақсы шықса (заты өткен оқушы), жеңіске жетеді.
Білімді бекіту: . Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ұнаған көркем әдебиеттеріне жарнама жазып келу
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Жарнамаға қажет талаптар
Сабақтың мақсаты: білімділік - оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету;
тәрбиелік – оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық қасиеттерін қалыптастыру;
дамытушылығы – іскерлік белсенділіктерін,ойлау қабілетін ауызша және жазбаша талдаулар арқылы дамыту,сөйлеу мәдениетін қалыптыстыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, жарнамалау т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, қосымша материалдар
Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:.
Жарнамаға қажет талаптар
Телебағдарла
маның ерекшелігі:
|
Телебағдарла
ма жүргізілетін орынның жабдықталуы:
|
Өтетен уақыты
|
Жүргізушінің шеберлілігі:
|
Телебағдарла
маның көрермен ,қатысушы үшін маңызы:
|
Жүру барысы:
|
Танымдық, ақпараттық білімділік т.б
|
Безендірілуі,
қатысушыларға ыңғайлылығы, көрермендерге барлық кезеңді көруге қолайлылығы
|
|
Сөз мәдениеті,
өзін-өзі ұстау мәдениеті, қатысушылармен қарым-қатынасы, бағдарламаны жүргізу ерекшелігі
|
Эстетикалық, танымдық, білімділік, ой-өрісін дамыту
|
Алғашқы, негізгі, қорытынды кезеңдер
|
Жаттығумен жұмыс: 37-жаттығу Жарнама жазыңдар.
Мектептегі жас суретшілер үйірмесінің көрмесіне шақыру жайында жарнама жазады
Білімді бекіту: . Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Ақпарат пен жарнаманың қандай айырмашылығы бар?
жарнамаға қандай талаптар қажет?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Балалар кітаптарын шығаратын баспа ашылғаны туралы жарнама жазады.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Айтыс
Сабақтың мақсаты: а) Айтыс туралы түсініктерін кеңейту.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
ә) сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру;
б) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып, оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, қосымша материалдар т.б электронды оқулық
Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Өз пікірін,ойын, көзқарасын жеткізуде пікірталас түрлерінің ішіндегі ең көркемі,нағыз сөз шеберінің ғана қолынан келер өнер туындысы-айтыс.
Халыққа танымал айтыс ақындары ән мен жрдың шеберлері ғана емес, ел тілегін, жұрт қамын айтқаннан соң, ел еркелері де-солар.
Айтыс-қазақ халқының ежелден қалыптасқан өлеңмен суырып салып айтатын сөз сайысы,жыр жарысы.
Айтыс-түрлі ой-пікірлердің талқыға түсуі,әр пікір,ойды айтушының өзін қорғай алуы. Айтыс көпшілік алдында немесе екеара немесе топтар арасында өтуі мүмкін.
Жаттығумен жұмыс: 38-жаттығу. Мәтінді оқыңдар.
1.Алғашқы айтыстағы Шөже басымдылығы неде деп ойлайсыңдар?
2. Екі айтыста да Шөженің жеңуінің сыры, шеберлігі неде?
А) әдептен озбай,қарсыласын көтермелей отырып соққы береді;
ә) жасы үлкендігі;
Б) тапқыр жауабында.
Венн диаграммасы: Шөжеге, Орынбайға мінездеме беріңдер
Шөже Орынбай
Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1.Қазіргі айтыс ақындарынан кімдерді танисыңдар?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Қосымша әдебиеттерді пайдаланып,айтыс түрлеріне реферат жазыңдар
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Пікірталасқа қажет білім мен білік негіздері
Сабақтың мақсаты: а) түрлі әдістерді пайдалана отырып,оқушыларды тапқырлық, жылдамдық, ізденімпаздық қасиеттерге баулу;
ә) сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру;
б) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып, оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, қосымша материалдар т.б электронды оқулық
Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Пікрталас-шешеннің сыналар орны. Ең бастысы шешеннің аудиторияны қызықтыруы. Ол үшін шешен аудитория ерекшелігін жақсы білуі әрі соның сипатына қарай әрекет етуі қажет.
Аудитория түрлері
Жасына қарай
|
Дайындық деңгейіне қарай
|
Кәсіби белгісіне қарай
|
Көлеміне қарай
|
Гендерлік белгісіне қарай
|
Ұлттық белгісіне қарай
|
Балалар
|
Жақсы дайындалған
|
Нақты ғылым өкілдері
|
Үлкен
|
ерлер
|
Түрлі ұлттар
|
Орта жастағы
|
Орта дайындық деңгейінде
|
гуманитарлық
|
орташа
|
әйелдер
|
Бір ғана ұлт өкілдері
|
Үлкендер
|
Дайындығы төмен
|
Оқушылар, жұмысшылар
|
шағын
|
|
|
Шығармашылық тапсырма: «Білім-ұлттың болашағы» атты тақырыпта пікірталас өткізіңдер. Мынадай рөлдерді бөліп алыңдар: ғалым, ата-ана, жас ұрпақ
Жаттығумен жұмыс: 39-жаттығу. Мәтінді айтылу сазымен оқыңдар.
Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Қыз көркі-сыпайы мінезі» тақырыпта пікіралмасуға тезис әзірлеп келу.
Тест тапсырмалары
Аристотельдің шешендік өнер жайында жазған шығармасын көрсетіңдер:
А) «міндеттер туралы» ә) «Федр» б) «этика»
В) «»шешендік тәлім» г) «риторика»
2. Шешендік өнердегі негізгі мақсаттардың бірі:
А) эмоция туғызу ә) сөйлеушінің білімділігін таныту б) сендіру
В) әдемі сөйлеуге үйрету г) шешім табу
3. Ежелгі Грециядағы шешендік өнерге үйретуші мұғалімді қалай атаған?
А) ритор ә) Федр б) педогог в) софист Г) философ
4. Ежелгі Грециядағы философ шешенді тап.
А) Платон Ә) Цицерон б) педогог В) гус Г) Конфуций
5. Көркем,шешен сөйлеу-мемлекет үшін басты қажеттілік деп есептеген шешен кім?
А)Аристотель ә) Сократ Б) Цицерон В) Рабль Г) Квинтилиан
6. Жалған сөйлесең де, жеңіп шығуың қажет деген бағытты ұстаушылар кімдер еді?
А) теолог Ә) филолог Б) философ В) софист Г) ритор
7. Шешендік сөздің басты белгісін тап.
А) Тыңдаушымен көзбе-көз,тікелей қарым-қатынас жасалады
Ә) айтылған ой, пікірдің барлығы бірден жүзеге асады
Б) тыңдаушылардың шығармашылық қабілеттерін дамтады
В) дайын тілдік құралдарды жаттайды Г) адамгершілікке үндейді.
8. Шешенге қойылатын талаптардың бірін анықта.
А) тақырыпқа қажет материалдарды жинақтай білу
Ә) жазылған мәтінді мәнерлеп оқып беру Б) мәтінді бөлімдерге бөліп оқу
В) көркем сөйлеуге үйрету г) әдемі жазуға төселдіру
9. Шешенге қажет талаптардың бірі деп төмендегілердің қайсысын белгілеуге болады?
А) психологиялық бейімдеу Ә) психологиялық шабуыл
Б) психологиялық қарсылық В) мәтінді жаттау Г) мәтінді түсіндіру
10. шешендік сөздердің есте жақсы сақталуының шарттарының бірін тап.
А) құрамындағы сөздердің ұқсаспен айтылуы
Ә) кітаптардан жазылып алынуы б) көп насихатталуы
В) мектепте жиі оқытылуы Г) кітаптарға жиі жазылуы
11. « Би айтатын сөзді құл да айтады, бірақ аузында... жоқ». Мақалдағы бос орынға қай сөзді қояр едіңдер?
А) дауасы Ә) дауы б) дуасы В) дәруі г) дәні
12. «Жеті жарғы» деген не?
А) күлтөбедегі жиын ә) жеті жыр Б) шешендік сөздер
В) әдет-ғұрып,қарым-қатынас заңдарының жиынтығы Г) сөз өнеріне үйрететін кітап
13. Мақалдағы көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойңдар, «Тура биде туған жоқ... биде иман жоқ»
А) ақылсыз Ә) жағымсыз Б) туысқан В) таныс Г) туғанды
14. Дау-жанжалға билік айтушыны кім деп айтады?
А) шешен Ә) би Б) ақын В) төре Г) болыс
15. «Азғынды қуып, тозғанға жолықпа,
Туыс іздеп, достан кетпе.
Тауға шығып айғайлама,
Ойда тұрып бақырма.
А) Қазыбек би ә) Төле би Б) Байқотан шешен В) Жанқұтты шешен
Г) Кенжалы шешен
16 «Түгел сөздің түбі-бір, түп атасы ... би». Мақалда қай би туралы айтылады?
А) Сасан би Ә) Майқы би Б) Төле би В) Қазыбек би Г) Әйтеке би
17. Пікірталас түрін белгілеңдер.
А) көзқарас Ә) ойбөліс Б) Түсіндірме сұрақ В) пікір Г) сұрақ-жауап
18. Мәтіндегі ойдың берілу ретін алдын ала жобалауды не деп айтады?
А) жоспар Ә) тақырып Б) сөйлеу тілі В) аудиториямен байланыс Г) хабар
19. Тыңдаушыларды тақырыпқа даярлайтын мәтін бөлігі
А) жоспар Ә) тезис Б) қорытынды В) неізгі бөлім Г) кіріспе
20. Нақты бір мәселені талдап,талқылап аяқтап,келесіге көшу әдісі
А) тарихи әдіс Ә) индуктивті әдіс Б) дедуктивті әдіс
В) баспалдақты әдіс Г) салыстыру
21. Хронологиялық жолмен баяндау әдісі:
А) тарихи әдіс Ә) индуктивті әдіс Б) дедуктивті әдіс
В) баспалдақты әдіс Г) салыстыру
22. Қатысушылар мүдделері ортақ пікірталас түрі
А) ойбөліс Ә) айтыс Б) ойталқы В) пікірталас Г) пікіралмасу
23. Ортақ шешеімге келу міндетті емес пікіралмасу түрі
А) ойбөліс Ә) айтыс Б) ойталқы В) пікірталас Г) пікіралмасу
24. Ғылыми,саяси, есеп беру баяндамасына қосымша талдау
А) жарыссөз Ә) тақырып Б) жарнама В) айтыс Г) пікірталас
25. Пікірлер,идеялар айтысы,бір жағы жеңіп үстем болатын пікірталас түрі
А) жарыссөз Ә) тақырып Б) жарнама В) айтыс Г) пікірсайыс
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың пікірталас тарауынан алған теориялық білімдерін қайталау және іс жүзінде қолдану жолдарын деңгейлік тапсырмалар арқылы анықтау;
тәрбиелік – жастарды елжандылыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеу;
дамытушылығы – іскерлік белсенділіктерін,ойлау қабілетін ауызша және жазбаша талдаулар арқылы дамыту,сөйлеу мәдениетін қалыптыстыру.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, қосымша материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:.
Жаттығумен жұмыс: 43-жаттығу Шалкиіз ақынның жақсы мен жаман жігітіне сипаттама беріңдер
Жақсы жігіт Жаман жігіт
Шығармашылық тапсырма
Үш топқа бөлініңдер: 1-топ «реалистер» ,2-топ «пессимистер», 3-топ «оптимистер» әр топ өз міндеттері бойынша мұқият дайындалып, «замана» тақырыбына сөйлесін. .
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлем жазып сатылай кешенді талдау жүргізеді.
Білімді бекіту: . Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Пікірталас дегеніміз не?
Пікірталастың қандай түрлері бар?
Ойталқы дегеніміз не?
Ақпарат пен жарнаманың қандай айырмашылығы бар?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: қайталау.
Достарыңызбен бөлісу: |