Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу шеберлігі және тіл мәдениеті Сабақ жоспары



бет27/39
Дата07.02.2022
өлшемі331,5 Kb.
#87122
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39
Байланысты:
stud.kz-12821 (1)
118382
Мал дауы
Шешендік сөздердің бір сыпырасы мал дауымен байланысты туған. Әсіресе осы мал дауына қатысты сөздер де ру басыларының үстемдігі, мал-мүлік теңсіздігі айқынырақ көрінеді. Болмашы нәрсені сылтау ғып күшті ру әлсіз рулардың малдарын айдатып алып, білсе «барымта», білмесе «сырымта» деп сіңіріп кететін.
Момын деген атаның жүз жылқысын Ебей, Себей деген ұрылар айдап кетеді. Мал иелері артынан сан рет қуып барса да Көкшолақ деген би тіл мен жағына сүйеніп теңдік бермейді. Сонда қуғыншыларға ілесіп барған он екі жасар Досбол:
Қысырында бермесең, Семізінде берерсің.
Буазында берерсің. Өз алдыңда бермесең,
Арығында бермесең, Өнерімді көрерсің, -
деп тепсініп тұрып кетеді.
Сонда Көкшолақ би:
- Мына бала түбі құтқармас, мойнына қосақ, құйрығына тіркеу қосып малын қайырыңдар, - деген екен.
Мал баққан аңқау шаруаны билер, атқа мінер қулар қалай алдап ақысын жейтінін, әлдеқалай ауысқан бір малын қалай еселеп төлетіп алатынын бейнелейтін сөздер бар. Нау дейтін бидің бір ешкісі жоғалады. Ақырында оны сойған ұрысы табылып, төлеуіне екі ешкі берсе алмай айтысып ханға жүгінеді.
-Ешкімнің іші толған лақ еді,
Саусам сүті бұлақ еді.
Қап-қап құрты бар еді,
Қарын-қарын майы бар еді.
Сойсам терісі бұтыма қап еді,
Мүйізі пышағыма сап еді.
Айыр емес нардай көретін едім,-
деп шұбырта жөнеледі Нау.
-Ешкіңнің мақтауын жеткіздің, енді төлеуін айтшы!-дейді төреші.
- Төлеуіне төрт ешкі, Артына жетек,
Айыбына алты ешкі. Өзімен он үш ешкі,
Басына қосақ, Би ақысы бір ат!- дейді Нау.
Момын шаруаның маңдай тер, табан ақысымен тапқан малын байлар мен билер ғана емес, атқамінер пысықай қулар, жылпос ұрылар бірге жескен.
Бір қу мен момын болады. Қу соғымға момынның ту биесін сояды; момын балаларға ермек болсын деп қудың бір лақты ешкісін алады. Ақыры екеуі араздасып, айтысып ханға жүгінеді.
-Рас, мұның байталы ту еді,
Бірақ тумайтұғын қу еді.
Менің ешкімнің іші маңыраған лақ еді,
Бауыры ағып тұрған бұлақ еді...
дейді қу.
Малы бар момын шаруаны көрсе қулар мен ұрылар құда-жекжат болғансып, нағашы-жиен, тіпті сылтау таппаса тамыр-таныс болып, малын құртқанша майлы шектей айналдыратын. Жоғарыда келтірілген мысалда халық сондай залымдықты әшкерелейді, Құлдың тапқаны бидің аузына қалай түсетінін көрсетеді.
Біреудің ақ-адал малын, мүлкін «таныдым» деп тікелей немесе жанама «дәлел» тауып жабысатын, кейде біреудің лақ дауын тоқтыға сатып алатын даукестер бірге болған. Ондай қиянаттарды, әрине, халық жек көреді, ажуасықақ етеді. Кейбір белгілі билердің басындағы сондай «мінезді» мінеп, әшкерелейтін дау нұсқалары сақталған. Қазымбет деген мініскер, істеген бір ерге қызығып Төле би «менің тоғайымның ағашы» деп жала жабады-мыс. Дүңгене деген қарт биге жүгінгелі бара жатқанда оларға бір жылқышы жігіт былай дейді:
Өзің Үйсін Төлесің, Мұнымен қайда барсаң да,
Ақылға кең кемесің. Түбінде сен күйесің.
Жорта қиял қылмасаң, Қапталы қайың, қасы без
Алыстан өзің көресің, Қазымбет қосқан ер екен,
Барғаның бүкір би болып, Қайтсең де иесіне бересің!
Бермесе қисық төресін,
Тілмар шешендігі үшін жоғары бағалап, әрқашан дәріптейтін Төлені халық қиянатын көргенде есіркемейді. Қарапайым малшының атынан дандайсыдың, бұл іспен кімге жүгінсең де сен жеңілесің деп ескертеді және ерді еңбек иесіне қайыруын талап етеді. Осы ер дауының бірнеше варианты бар. Қайсы біріне Қазыбекте араласады. Бірақ кімнің атынан айтылса да төреліктің мазмұны біреу: жалақорды айыптайды, еңбек иесін жақтайды.
Қазақтың жасы үлкенді сыйлау, табысынан сыйлық беру сияқты ежелгі жол – жоралғыларын кейбір ру басылар, ауыл ақсақалдары еңбексіз мал табу, біреудің табысына ортақтасу үшін пайдаланған. Ертеде көш алдынан бір түлкі қашады. Көш басшылар жабыла қуып, бәрі де жете алмай қалып кетеді. Астында жүйрік тайы бар Ізбасты бала түлкіні қуып жетіп, соғып алып, қанжығасына байлап жатқанда «байлансын» деп басқа кісілер келеді.
- Уа, бала! Қанжығаңа байланып жатқаның қалай? Аты жеткен соғатын, жасы үлкен байланатын, бұрынғы ата-бабаңның жолы қайда? – дейді ауылдас ағайындары.
- Алғашқы тырнақалдым еді. Олай десеңіздер, төрешіге бармай ешкімге түлкі бермеймін, - дейді бала.
Көштің байсал тапқаны,
Көкорайға қонғаны.
Даудың байсал тапқаны,
Төрешіге барғаны, -
дейді түлкіден дәмегөйлер.
- Бала! Ата-бабаңның жолына шығып, олжаңды үлкендерге байламағаның қалай? – дейді төреші.
Сонда «тырнақалдым еді» деп Ізбасты баланың қайырған жауабы:
Ойдан қашты бір түлкі, Ағайыннан дұшпан жоқ,
Тоғайға қарай дем алмай. Алдына салып айдап жүр,
Жабыла қуды көп кісі, Бір түлкіні көре алмай.
Бәрі де қалды ере алмай. Ұялып, тақсыр, жүрмеңіз,
Сол түлкіні кім алар, Төресін түзу бере алмай!
Жетіп соққан мен алмай.
Сөйтіп, балаға түлкіні жетіп алумен бірге сөзбен жеңіп алуға тура келеді.
Бұл даудың да бірнеше түрі бар. Соның бәрінде халық бар болсаң көре алмайтын, жоқ болсаң бөліп бере алмайтын бай ағайынды сынайды, әжуалайды. Асылында, тайдың тері, ешкінің шалабы үшін малын бақтыратын, шөбін шаптыратын кім еді? Сол – ағайын. Азамат өлсе «әмеңгерім» деп әйелін алып, үйін жығатын, мал-мүлкін талап әкететін кім еді? О да сол ағайын болатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет