Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу шеберлігі және тіл мәдениеті Сабақ жоспары



бет30/39
Дата07.02.2022
өлшемі331,5 Kb.
#87122
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39
Байланысты:
stud.kz-12821 (1)
118382
3. Қысқаша теориялық мәлімет
Абай Құнанбаевтың Қара сөздері
Бірінші сөз
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық: қылып жүрген ісіміздің бәрінің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал енді қалған өмірімізді қайтіп не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ елге бағым жоқ. Бағусыз, дертке ұшырайын деген кісі болса, не албыртқан көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
Мал бағу! Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше, өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалаған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
Ғылым бағу! Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсіз де кездемені жайып салып қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып, шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі – бір тез қартайтатұғын күйік.
Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елде, осы жерде не қылған софылық!
Балаларды бағу! Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісінде білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харакетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірімнің, білімінің пайдасын тыныштықпен көрерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.
Ақыры ойландым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде кім ішіне керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де ақыры осыған байландым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет