Саясаттану пәні 1 лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде лекция жоспары



бет3/4
Дата25.05.2022
өлшемі0,91 Mb.
#144928
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
1 лекция
макалаа, Марзия, Райхан БЖБ және ТЖБ жасау үлгілері» (2), Презентация Microsoft PowerPoint, Құрт алу технологиясын қарастыру, ??ðûëûñû. Çåðòõàíàëû? æ?ìûñ «Ñ?éåêò³? õèìèÿëû? ??ðàìûí»ê?ðíåê³ , Африка, Америка және Океанияның дәстүрлі өркениеттері, 192534

Саясаттану міндеттері

  • қоғамдық-саяси күштердiң бiрiгуi қағидаларын, жолдарын, жағдайын анықтау;
  • саяси жүйенi демократияландырудың негiзгi бағытын, формалары мен әдiстерiн әзiрлеу;
  • құқықтық мемлекет пен өзiн-өзi басқарушы мемлекеттiк құрылысқа өтудiң ең тиiмдi жолдарын анықтау;
  • ұлттық-этникалық шиеленiстердi, қоғамдық ұлттық-мемлекеттiк құрылысты шешудiң жетiлген жолдарын белгiлеу;
  • азаматтардың саяси мәдениетiнiң теориялық және практикалық аспектiлерiн зерттеу, адамдарды әлеуметтiк-саяси жауапкершiлiк рухында тәрбиелеу жолдары мен формаларын анықтау;
  • халықаралық қатынастардағы жалпы адамзаттық және мемлекеттiк мүдделердiң тиiмдi қойылуын анықтау.

Саясаттанудың құрылымы

  • Саяси жүйелер теориясы- саяси жүйенiң мәнiн, құрылымын, қызметiн зерттейдi, оларға салыстырмалы талдау жасайды, сонымен бiрге негiзгi саяси институттарға– мемлекет, партия, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстарға, қатынастарға сипаттама бередi.
  • Әлеуметтiк-саяси процестердi басқару теориясы- қоғамды саяси басқару мен жетекшiлiк жасаудың мақсатын, мiндеттерiн және формасын зерттейдi, саяси шешiм қабылдау мен тарату механизмiн қарастырады.
  • Саяси iлiмдер тарихы- cаяси iлiмдердiң қалыптасуы мен даму тарихын, кезеңдерiн зерттейдi.
  • Халықаралық қатынастар теориясы- iшкi және сыртқы саясат мәселелерiн, әлемдiк саясатты, халықаралық қатынастың әртүрлi аспектiлерiн т.б. қарастырады.

Саясаттанудың зерттеу әдістері

  • Жүйелiк әдiстiң мәнi саясатты бiр тұтас, күрделi организм, өзiн-өзi реттеушi механизм, қоршаған ортамен кiрiс (талап, мүдде) және шығыс (саяси шешiм) арқылы байланыста болатын тұтас жүйе ретiнде қарастыруында.
  • Салыстырмалы әдіс ұқсастық белгілері бар саяси нысандардың екі және одан да көбірегін өзара салыстырудан тұрады. Салыстырмалы әдіс салыстыру арқылы әртүрлі саяси жүйелердің, саяси құбылыстардың жалпы және айрықша ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
  • Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды бұрынғы, қазіргі және болашақ байланыстарын айқындауға мүмкіндік береді.
  • Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделген.
  • Социологиялық әдіс шынайы саяси өмір фактілерін талдауға бағытталған, саяси өмірде социологиялық зерттеу нәтижелері тауар ретінде көрініс табады.
  • Саясаттануда іскерлік ойын әдісі (саяси шешім қабылдау) кең тараған. Бұл әдіс саяси процестерді үлгілендіруге негізделінген. Ал мұның өзі мемлекеттік органдар мен саяси партияларға басқару процесін жетілдіруге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет