Саяси партиялар мен қОҒамдық-саяси қОЗҒалыстар § Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері



бет3/7
Дата17.11.2022
өлшемі54,29 Kb.
#158677
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
9 лекция саяси партия
00066945-a2bb2d0a, 0004d398-81e98e08, лекция-6 ОХТ
Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әртурлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрін айтады. Онда үш және одан артық партия қатысады. Бұл – адамзаттың қоғамдық басқаруда ойлап тапқан өркениетті түрі. Дегенмен, орыстың белгілі саясатшысы Б. Чичерин айтқандай, көппартиялықтың өзіндік жағымды және жағымсыз жақтары бар. Жағымды жағына жататындары - онда саяси мәселелер жан-жақты қаралады. Кемшіліктерді кешірмейтін оппозициялық партиялардың болуы үкіметті тиімді жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Бюрократияның өрістеуіне тежеу салынады. Партияны тәртіпке шақырады. Билік басына кездейсоқ емес нағыз дарынды адамдардың келуіне мүмкіндік тудырады. Ұнамсыз жағына жататындар - өмірдегі көп мәселелерге өз партиясының тұрғысынан ғана қарайды. Бар ойы қарсы партияны жеңуге арналып, ол жолда алдау-арбау, өсек-өтірік сияқты жат қылықтар мен тәсілдер пайдаланылып жатады. Дегенмен, қазіргі таңда көппартиялық саяси өмірдің тәуір жетілген түрінің бірі болып танылады. Ондайларға Австрия, Бельгия, Дания, Нидерландыдағы көппартиялықты жатқызуға болады.
Екіпартиялық жүйеге (бипартизм) басқада кішігірім партиялар болуы мүмкін, бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасында жүреді. Мұнда жалпыға бірдей тікелей сайлау нәтижесінде екі партияның бірі өзінен-өзі автоматты түрде парламентте көпшілік орынды қамтамасыз етеді. Ол Министрлер Кабинетінің орнықтылығын қамтамасыз етеді. Себебі, ол үкіметті заң бойынша көрсетілген мерзімі біткенше қызметін атқаруына мүмкіндік береді. Ол мемлекет басшысын сайлауға жіберілген қаржыны да үнемдейді. Өйткені ол орынға сайлауда жеңіске жеткен партияның серкесі ие болады. Бипартиялық көппартиялықтағы сияқты өзінің жіберген қателіктерін бірге билеген басқа партияларға аудара сала алмайды. Бұған мысал ретінде АҚШ-тағы республикалық және демократиялық, Ұлыбританияда - консерваторлар мен лейбористер, Германияда -христиандық демократтар мен социал-демократтар жатады. Саяси күреске басқа да партиялар араласады. Бірақ, әдетте, олар шешуші рөл аткармайды және жеңіске жетерлік мүмкіндіктері де жоқ. Дегенмен, мұндай жүйенің өміршеңдігін аты аталған елдердің өмірі дәлелдеп отыр.
Бірпартиялық жүйе өзінен басқа, әсіресе бәсекелес партияларды болдырмайды. Ол тоталитарлык және авторитарлық қоғамдарға тән. Мұндай тәртіпте басқарушы партия бақылаушы және сынаушы оппозициялық партиялардың жоқтығын пайдаланып, саяси билікті бүтіндей қолына алып, басқа мемлекеттік органдарды ығыстырады. Ондай партия бұрын КСРО-да болды, қазір Қытай, КХДР, Кубада бар.
Демек, партиялық жүйе әр түрлі болады. Сондықтан солардың ішінде ең тәуірі, тиімдісі қайсысы деген сұрақ тууы мүмкін. Бұған бірыцғай кесіп жауап беру, бір үлгіні ұсыну дұрыстыққа жатпайды. Әйтсе де партиялық бірлестіктердің тиімділігіне жалпы өлшеуіш боларлық жағдайлар мыналар. Олар халықтың әлеуметтік мүдделері мен мұқтаждықтарын бірінші сезініп, қамтамасыз етуге тырысуы ләзім. Партия арқылы шешімдер қабылдағанда азаматтардың барынша мол қажеттіктерін қамту. Үкімет бағытын сын көзбен түзету және басқарушы топтың жұмысына демократиялық бақылау жасау және т.с.с.
Саяси партиялардың ішінде фракциялар (латынның "бөлшектену", "бөлектену" деген сөзінен) болуы мүмкін. Бұл сөз екі мағынада қолданылады: 1) бір партияның парламентте, мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда өздерінің саяси нұскау, мақсаттарын ұйымшылдықпен жүргізу үшін құрған ұйымы; 2) бір партияның ішінде өзіндік бағыты, құрылысы, тәртібі бар, бірақ сол партияның қатарынан шықпаған мүшелердің бөлігі. Мұндай жағдай азшылықтың кұқы бұрмаланған кезде дүниеге келуі мүмкін Әдетте, ол өтпелі кезеңдерде пайда болады және ұзаққа созылмайды.
Мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін партиялар коалиция (латынның "бірлестік" деген сөзінен) құруы мүмкін. Коалиция деп жалпы мақсатқа жету үшін партиялардың жасаған бірлігін айтады. Оның мынадай түрлері болады:
а) парламентке қатысатын партиялардың ешқайсысы өз алдына бөлек, дербес басқара алмайтындай жағдайда (дауыстың аздығынан) құралған көппартиялық коалиция;
ә) екі күшті партияның әрқайсысы өкіметгі өз колына алып билей алатындай жағдайда екіпартиялық коалиция орнайды. Мұндайда бір партия парламентте көпшілік дауыс алады да, екіншісі оппозицияда болады. Егер екеуінің де парламенттегі орны тең болса, үкіметті құру үшін басқа кішірек партиямен келісімге келуге мәжбүр болады. Мұндайды түрін өзгерткен екіпартиялық коалиция дейді;
б) билік үшін бәсеке екі партия одағының арасында болса, оны екі блоктық коалиция дейді. Мұндай коалиция, әсіресе Францияға тән. Онда президенттік, парламенттік, кантондық сайлаулар кезінде екі блок құрылады. Оң блокқа гольдықтар, жискарлықтар (Францияның бұрынғы президенттері Де Голь мен Жис-карде Эстеннің фамилияларынан шыққан) т.б. кіреді де, сол блоққа социалистер, коммунистер солшыл радикалдар жатады; в) егер дербес партия ұзақ уақыт (20—30 жыл бойы) билік етсе, оны басымдық коалициясы дейді. Мысалы, Швеция социал-демократиялық партиясы 1932 жылдан І976 жылға дейін, содан кейіи 1982 жылдан осы уақытқа дейін билік басында. Жапонияда либералдық-демократиялық партия 1955 жылдан бері өкімет басында келеді.
Саяси партиялардың жұмысы әдетте құқықпен немесе Конституциямен реттеледі. Себебі, олардың жұмысы саяси жүйенің принциптері мен мақсаттарына қайшы келмеуі керек. Оларға жататындар: қоғамдық өмірде партияның орнын конституциялық жолмен рұқсат ету; саяси жүйеде партияның жұмыс істеу жағдайын белгілеу; сайлау жүйесінің жұмысына партиялардың қатысуы; мемлекеттік өкімет органдарында партиялардың өкілдік ету тәсілдері; мемлекеттік бюджеттен партиялардың қызметін қаржыландыру. Бірқатар Батыс елдерінде (Германия, Италия, Швеция, т.б.) 60-70 жылдардан бастап саяси партиялар мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Кейбір елдерде заң бойынша саяси партиялардың сайлау науқанына арнайы қаржы бөлінеді. Бұл конституцияда көрсетілген міндеттерді орындау және қиянат етушілікке жол бермеу (мысалы, саяси партияларды құрғанда әлдеқандай кішігірім топтардың немесе жеке адамдардың, ықпалын азайту, не болмаса қызметкерлердің, қоғам қайраткерлеріиің сатылғыштығына жол бермеу және т.б.) үшін керек деп саналады.
Бірқатар елдердің (Германия, Үндістан, Ұлыбритания, Франция) заңдарында радио мен теледидарды кеңінен пайдалануға мол құкық берілген. Мұның бәрі сайлау науқанында және т.б. жұмыс бабында партияларға тең жағдай қамтамасыз етілгендігі деп саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет