Сборник нормативных и инструктивных документов для использования в работе профсоюзных органов Астана-2015



бет22/85
Дата12.10.2020
өлшемі2,36 Mb.
#68187
түріСборник
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   85
3. Топтар құрамы
Оқу кәсіподақ қызметкерлері мен белсенділерінің төмендегідей санаттары бойынша жүргізілу қажет:

- аудандық комитеттер (қалалық комитеттер) төрағалары;

- бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары;

- кәсіподақ комитеттерінің мүшелері;

- кәсіподақ комитеттерінің бухгалтерлері мен қазынашылары;

- еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитеттер (комиссиялар) мүшелері, техникалық инспекциялар қызметкерлері;

- кәсіподақ заңгерлері, құқықтық еңбек инспекциясының қызметкерлері;

- кәсіподақ органдарының мамандары;

- бақылау-тексеру органдарының мүшелері;

- жоғары, ортадан кейінгі, кәсіби және техникалық білім беру ұйымдарында оқитындар.



4. Оқытушылар
Кәсіподақтық оқытудың оқытушылары ретінде:

- барлық деңгейдегі кәсіподақ органдарының төрағалары, төраға орынбасарлары, аппарат қызметкерлері;

-кәсіподақтар Федерациясының, салалық кәсіподақтың, басқа да кәсіподақтардың, соның ішінде шет елдік кәсіподақтың өкілдері;

-мемлекеттік басқару органдарының, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың, оқу орындарының, ұйым әкімшіліктерінің өкілдері бола алады.

Кәсіподақтық оқыту оқытушыларын таңдау кезінде, кандидаттың біліктілік деңгейін, оқытудың әр түрлі озық әдістері мен білім беру технологияларын меңгеруін ескерген жөн.


  1. Бағдарлама


Кәсіподақтық оқыту бағдарламасы облыстық, аумақтық, Астана, Алматы қалаларының кәсіподақ ұйымдарымен тыңдаушылар немесе дәріс алушылар құрамына, оқытудың жиілігі мен ұзақтылығына байланысты дербес дайындалады. Дәріс алушылардың аталған санатына қажетті нақты мәселелерден басқа, әрбір бағдарламада, дәріс алушылардың барлық санаттары үшін анағұрлым маңызды және жалпы мәселелер көрсетілуі қажет: қазіргі жағдайдағы кәсіподақтар қызметінің стратегиясы мен тактикасы, кәсіподақ қозғалысының даму тарихы, әлеуметтік әріптестік, кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғаудың әдістері мен тәсілдері. Тақырыптарды оқу салалық кәсіподақ органдарының, съездер мен конференциялар материалдарының нақты шешімдерімен байланысты болуы керек.


  1. Әдістер

Дәріс беру әдістері тыңдаушылардың зор белсенділігін арттырып, оларды оқыту процесінің қатысушылары ете білуі қажет. Ол үшін лекциялар оқумен қатар, оқытудың белсенді түрлерін қолданып, талқыланатын тақырыпқа пікірталастар, дөңгелек үстелдер, іскерлік ойындар, оқу экскурсиясын және т.б. ұйымдастырған жөн. Ақпараттық және статистикалық деректерді, бейнематериалдарды, оқу құралдарын, оқытудың техникалық құралдарын кеңінен қолданған дұрыс.




  1. Қаржыландыру

Кәсіподақ оқуын ұйымдастыруға және өткізуге бөлінетін қаражат мөлшері, жыл сайын анықталып, бекітіледі және кәсіподақ органдарының сметасында көрсетіледі. Оқуға бөлініп ұсынылатын қаражат көлемі – жиналатын мүшелік жарналардың валдық көлемінің кем дегенде 10%. Еңбекті қорғау жөніндегі комитеттердің (комиссиялардың) мүшелерін, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі қоғамдық инспекторларды оқытуға, ұжымдық шарттардың ережелері арқылы жұмыс берушінің қаражатын пайдалануға болады.




  1. Нәтижелері

Кәсіподақ оқуын өткізудің айтарлықтай нәтижесі ретінде осы ұсынымның бірінші бөлімінде анықталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді айтуға болады.

Кәсіподақтық оқыту жөніндегі жұмыстың нәтижелері жыл сайын Атқарушы Комитеттің мәжілісінде қаралып, осы бағыттағы әр түрлі деңгейдегі кәсіподақ органдарының жұмысына баға беріледі, саладағы кәсіподақ білімінің жүйесін жетілдіру және кемшіліктерін жою жөнінде нақты шаралар айқындалады.


Каталог: files -> content
content -> «Үздік шаңғышы» «Жаңа жылдық шаңғыға»
content -> Сабақтың тақырыбы: 1867-1868 жылдардағы реформа Сабақтың мақсаты
content -> Оқу-тәрбие жұмысының жоспары 2016-2017оқу жылы
content -> Пәні: Қазақ әдебиеті. 8 «Қ» Тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
content -> Анализ работы средней общеобразовательной школы №14 г. Павлодара за 2015 2016 учебный год
content -> Сабақ барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Алты топқа бөлініп отыру. Психологиялық дайындық. 1минут
content -> Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз мектебі туралы білімдерін тереңдету
content -> Оқу жылына «№21 жалпы орта білім беру мектебі»
content -> Сабақтың мақсаты: а дк-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндеттерімен танысу
content -> Сабақ жоспары Сбақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет