Серік Мырзалы философия оқу құралы


технология- ларды игеруіміз



Pdf көрінісі
бет18/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия
РУКОВОДСТВО ПО ИНТЕРПРЕТАЦИИ ОБНОВЛЕННЫХ СТАНДАРТОВ АМБУЛАТОРИЯ, Фил тезисы, Отбасы ж не азіргі заман Отбасыны леуметтік ызметтері
технология-
ларды игеруіміз
керек. Мұның өзі жеке адамның 
бас бостандығын

оның 
белсенді
де 
шығармашылық
деңгейге көтерілуін талап етеді. 
Бұл мәселелерді толығырақ оқулықтың әлеуметтік философия сұрақта-
рына арналған тарауында қараймыз.
Сонымен, жоғарыда айтылған ойлар, бір жағынан алғанда, филосо-
фияның филологиялық, гуманитарлық жағын көрсетсе, екінші жағынан, 
оның герменевтикалық мәнін көрсетеді.
Қорытындылай келе, дүниеге философиялық көзқарастың мәнін 
ашу жолында біз оның көпқырлылығын, көпсырлылығын байқадық. 
Бір жағынан алып қарағанда, философия ғылыммен ұштасып жатса
екінші жағынан, оның көркем өнермен, идеологиямен, гуманитарлық 
біліммен, күнбе-күнгі сана мен моральдық рухани құндылықтармен, 
тіпті мистикалық діни сезімдермен байланысты екенін байқадық.
Әрине, әрбір үлкен тарихи философиялық тұлғалардың шығарма-
шылығында олардың алатын үлестері әртүрлі, біреулерінде ғылыми 
жағы басым болса, екіншілерінде көркемөнерлік, үшіншілерінде нақыл-
дық-моральдық, төртіншілерінде діни-мистикалық жақтары басым 
болуы мүмкін. 


21
Оның өзі көп жағдайлармен, әсіресе белгілі тұлғаның өмір сүрген 
дәуірімен, сол тұлғаны тудырған халықтың тілі мен ділімен, оның 
тәрбие, білім алған ортасымен, тіпті жеке мінез-құлқы, темпераментімен 
(temperamentum – латын сөзі, жеке адамның жан дүниесінің табиғи 
ерекшеліктері; mental – ағылшын сөзі, ой өрісі) байланысты болса 
керек. 
Бірақ, қалай дегенде де, философияның әртүрлі жақтарын бір-
бірінен ажыратып бөлек алуға болмайды. Философия – біртұтас ерекше 
дүниеге деген көзқарастық білім. Философия – адамзат мәдениетінің 
өзегі.
§ 3. Философия пәні
Философияның дүниеге деген ерекше көзқарастық мәнін ашқаннан 
кейін, мәселені нақтылай түсіп, келесі сатыда оның пәнін анықтауымыз 
керек. 
Бұл мәселе бір қарағанда оңай сияқты болғанымен, бірақ жараты-
лыстану мен жеке гуманитарлық білім салаларының тез дамуы, жыл 
сайын жаңа ғылым түрлерінің пайда болуы философия пәнінің өрісін 
тарылтып, тіпті оны керек қылмай қалуы мүмкін деген пікірді туғызуы 
ғажап емес. Ағылшын драматургы У.Шекспирдің «Король Лир» 
кейіпкері өзінің барлық байлығын үш қызына бөліп беріп, өмірінің 
соңында қайыршы болып қалғанындай, философия шеңберінен бөлініп 
кеткен жеке ғылымдар оны өз пәнінсіз қалдырмас па екен деген сұрақты 
неміс философы В.Виндельбанд қойған болатын. Ал француз философы 
О.Конт философия өз дамуында үш сатыдан өтетінін айтады. Олар – 
теологиялық (theos – грек сөзі, Құдай), метафизикалық (meta phіsіka – 
грек сөзі, табиғаттан кейін, болмыстың алғашқы құдіретті бастамалары 
жөніндегі ілім) және позитивтік. Соңғы сатысында философия тек қана 
жалпы ғылым және таным әдістері жөніндегі пәнге айналмақ, қалған 
мәселелердің бары жеке ғылымдардың үлесіне кете бермек.
Философия пәніне деген мұндай көзқарасты сынға алу үшін, біз 
бұл ғылымның шығу тарихына көз жіберуіміз керек. Онда біз тарихи 
өндіргіш күштердің дамуы, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуі 
негізінде алғашқы ғылыми түсініктердің (жер өңдеу, оған су әкелу, 
геометриялық, математикалық түсініктерді, мал бағу, көшіп-қону, 
жұлдыздар мен планеталарға, Айға қарап, олардың қозғалуы, жерге 
тигізетін әсерлері жөніндегі білімдердің негізінің) пайда болуына 
әкелді, ал мифологиялық және діни көзқарастың бірте-бірте алшақтап, 
дүниеге деген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет