1 . Дүниетану сабақтарында ойынның қандай маңызы бар?
2. Дүниетану сабақтарында ойындар мен
қызықты материалдарды қалай
жақсы ұйымдастырып, пайдалануға болады?
3. Дүниетану сабақтарының қай кезеңінде ойындарды пайдалануға
болады?
4. Тақырыптардың біреуіне оқытушы әдіскердің нұсқауы бойынша
қызықты материал іріктеп алыңыздар.
Дүниетану сабақтарының экологиялық өлкетану жұмыстары
1.
Тірі табиғат бұрышы
2. Мектептегі экологиялық өлкетану принципі
Тірі табиғат бұрышы
Мұғалім cыныпта тірі табиғат бұрышындағы жұмысты ұйымдастыра
отырып, оқушылардың өсімдіктер мен жануарларды күтуге қажетті
практикалық іскерлік пен дағдыларын қалыптастырады. Бұлар жоғарғы
сыныптарда және онан кейінгі өмір тәжірибесінде қажетіне жарайды.
Сыныпта тірі табиғат бұрышы үшін арнаулы жай болмаған жағдайда ең
қажетті бөлме өсімдіктерін (агава, алоэ, аспидистра, аспагарус, бальзамин,
бегония-рекс, глоксиния, кактустар, тасжарғыш, кливия, пелагорния,
традесканция, фикус, функция т.б.) тікелей
сынып бөлмесінде арнаулы
тіректерге орналастыруға болады. Өсімдіктерді оқушылар өз көздерімен
көріп, олардың негізгі бөліктерін, көбею жолдарын қоршаған ортаға
бейімделулерін көрсетуге, оқушыларды жер шарының өсімдік әлемі
өкілдерімен таныстыруға болады.
Бөлмедегі әрбір өсімдіктің этикеткасы болуы керек, онда өсімдіктердің
атауы, отаны, егілген уақыты жазылады.
Оқушылар бастауыш мектепте
оқыған жылдарында барлық өсімдіктермен танысып, олардың кейбіреулерінің
гүлдеуін, өсімдіктің жарыққа, жылуға және ылғалға сезімталдығын зерттей
алады.
Оқушылардың
өсімдіктерді
күткенде
олардың
әрқайсысының
құрылымының ерекшеліктерін біліп қана қоймайды, сонымен бірге
өсімдіктерді күтуге қажетті практикалық дағдылар да алады. Олар мұғалімнің
басшылығымен қарапайым тәжірибелер жүргізеді, соның нәтижесінде оларда
өсімдіктерді зерттеуге деген қабілет қалыптасады. Мысалы, бірдей екі
өсімдік
алып, оларға әр түрлі тіршілік жағдайын (суару, үстеме қоректендіру, жарық
беру) тудыруға болады. Жүргізген бақылау жұмыстарының нәтижелерін
күнделікке тіркеп отыру керек. Оқушылар бұл тәжірибені жүргізу және
алынған нәтижелерді талдау барысында өсімдіктер мен қоршаған ортаның
арасында болатын тығыз байланыстарға көздерін жеткізеді, өсімдік
ағзаларының тіршілік әрекеті үшін белгілі бір жағдайлардың қажеттігін
практика жүзінде біліп шығады.
Мүмкіндік болса, сынып бөлмесіндегі терезелердің аралығына іліп қоятын
аквариум мен шағын террариум құруға болады. Оқушылар аквариумның
шынысы арқылы су асты патшалығының бір бұрышын көре отырып,
табиғаттағының бәрі өзара тығыз байланысты екендігіне көрнекі түрде
көздерін жеткізеді. Дұрыс жабдықталған аквариумде хайуанаттар табиғи
жағдайға жақын жағдайда болады, сондықтан аквариумдегі бақылау олардың
тіршілігі мен мінез-құлқы туралы, сонымен бірге су ортасына алуан түрлі
бейімделулері туралы қызықты деректер береді.
Сыныптағы аквариумде валлеснерия, бақа оты, су мүгі,
қауырсын
жапырақ (уруть), бұйра шылаң, мүйіз жапырақ, балық от, элодея өсімдіктерін
өсіруге болады. Көптеген балықтыр (голец, табан балық, тұқы балық, қара
балық, ақ қайран, үкі шабақ) қапаста өмір сүруге бейім.Аквариум
балықтарынан тіршілік жағдайын көп талғамайтындары барбустар, гуппалар,
семсершілер, алтын балықтың түрлі тұқымдары – кометалар, шілте
құйрықтар, телескоптар т.б.
Кейбір су жәндіктерін – үлкен су сүйгіштігі, су қандаласын, кәдімгі
катушканы, тірі туатын шалғыншыны
жеке банкіде ұстаған дұрыс, өйткені
оларрдың көпшілігін балық жеп қояды. Оқушылар аквариумды күткенде суын
уақтылы ауыстырып, ол үшін су құбырының тұнған суын немесе жаңбыр суын
пайдалануы; өсімдіктерді жиі-жиі сиретіп балыққа орынды көбірек қалдыруы;
аквариумнен жемнің қалдығын және балықтардың зәрін тазартып отыруы;
балықтарға белгілі бір уақытта дәл белгіленген мөлшерде жем беруі; судың
температурасының күрт өзгеруіне жол бермей, оны қадағалап отыруы;
өсімдіктердің күйін және балықтардың мінез-құлқын бақылап
отыруы керек
(зауқының жоқтығы, селқостық, су бетінен ауаны қалтырай жұтуы
аквариумдегі жағдайдың жағымсыз немесе балықтардың ауру екенін
көрсетеді т.с.с.)
Аквариум балықтар тіршілігін: шабақтардың бірте-бірте дамуын,
температура мен қоректенуге байланысты шартты рефлекстің тууын
(таяқшамен аквариумді тықылдатуға, қоңырауға, шам жағуға т.с.с.), балықтар
тәбетпен жейтін жемдердің тізімін жасауды; балықтардың ауа райын
болжауын (шырмабалықпен және голецпен тәжірибе) т.б.
бақылауды
ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді.
Егер тіршілік бұрышы жеке бөлмеде орналасса, ондай жағдайдада құстар
ұстауға болады. Бәрінен де шымшықтар, қараторғайлар, қызылбауыр
шымшықтар, шекілдектер, торғайлар, қарғалар, ұзақ қарғалар жақсы
көндігеді. Құстар мен сүтқоректілерді (тиін, кірпі, теңіз свинкасы, аламан, ақ
тышқан т.б. сияқтыларды) ұстау үшін түбі
жылжымалы, астаушасы және
суаратын ыдысы бар әр түрлі мөлшердегі торлар қажет.
Достарыңызбен бөлісу: