3.
Экологияның локалды және аумақтық аспектілерінің өзара байланыс
ұстанымы
мектептегі экологиялық өлкетану
жұмыстарының оқушылардың
табиғаттың ерекшеліктерін зерттеуімен және өз жерінің өлкесінің әлеуметтік
дамуын ерекшеліктерін өзара байланыстылықта оқуын көрсетеді. Білім беру
процесі барысында бірнеше ережелерді іске асыру арқылы жүргізіледі.
4.
Тиімділік ұстанымы оқушылармен экологиялық-өлкетану жұмыстарын
білім берудің жалпы мектептердегі нақты мүмкіндіктері арқылы жүргізуді
меңзейді.
Қорытындысында жоғарыда көрсетілген принциптердің бірлігі мен
мектептегі экологиялық - өлкетану жұмыстарының ережесі ашық болып
саналады, себебі ол негізгі жағдайдың қаншалықты талданғанына
байланысты. Сондықтан жалпы педагогикалық ұстанымдарының теориянын,
мектептегі экологиялық білім беру ұстанымдарының дамуына байланысты
мектептегі экологиялық өлкетану ұстанымдарының
толықтырылуы мен
дамуы да қажет болады. Алайда бүгінгі күні анықталған ұстанымдар мен
ережелер мектептегі экологиялық өлкетану жүйесін мақсатты түрде құрауға
мүмкіндік береді.
Жалпы педагогика ғылымында белгілі ұстанымды талдап, солардың
ішінде біздің зерттеп отырған мәселеге қажеттісін таңдадық. Олар:
мақсаттылық, табиғатқа сәйкестік, мәдениетке сәйкестік, пәнаралық байланыс
ұстанымдары және жергілікті, аймақтық, ұлттық, ғаламшарлық экологиялық
байланыс ұстанымдары.
Мақсаттылық ұстаным шағын жинақты бастауыш мектеп жүйесіндегі
басты қағида болып есептеледі. Мақсатқа жету үшін әдейі міндет қойылып, ол
шығармашылықпен орындалуға тиіс. Осы ұстанымға сай педагог өзі
тәрбиелейтін тұлғаның қандай
болатынын анық білуі керек, сондықтан біз
жоғарыда шағын жинақты бастауыш мектепте дүниетану пәні мен экологияны
толығымен сипаттадық. Шағын жинақты бастауыш мектеп оқушылардың
экологиялық мәдениетін қалыптастыруы тиімді болуы ұйымдастырылған
жұмыс мақсатына, мазмұнына педагог оқушылардың оған деген қатынасына
байланысты.
Табиғатқа
сәйкестік
принципін
негізін
қалаушылардың
бірі
Я.А.Коменский бойынша, тәрбие ісі
табиғатқа
тән жалпы заңдылықтарға
сәйкес болуы тиіс. Ол адамды табиғаттың бір бөлігі ретінде қарап, тәрбие ісін
адамның табиғатына сәйкес, оның табиғи қабілеті мен қасиеттерін дамытуға
бағыттап жүргізу қажет деген кеңес берді. Осы талап оның бүкіл
педагогикалық іліміне енді және мұны ол тәрбие мен оқытудың жалпы
принципі ретінде санады. Кейіннен Коменский анықтаған бұл идея
педагогикада «табиғатқа сәйкестік принципі» деп аталады. Коменский адам
өзінің жетілуіне жалпы табиғатқа қатынасты зандарға тәуелді деп есептеді,
осыған сәйкес құрылатын тәрбиенің білімнің
және оқутыдың жалпы
принциптерін іздестірді. «Табиғатқа сәйкестілік принципі» оқудағы
схоластика мен догматизмге қарсы күресте мәнді болды. Ол құрғақ жаттау
оның мұмкіншіліктеріне сәйкесті болуын талап етті.
Дж.Локк табиғатының ерекшеліктерін негізге алсақ отыра, баланың
айналасын қоршаған өмірден алатын үлгілер
мен өнегелерінің мықты
тәрбиелік ықпалы болады.
Ж.Ж. Руссо баланың табиғатпен байланыста жетілетінін жақтады. Оның
пікірінше тәрбие «баланың табиғи ерекшелігіне араласпай, оның өсуіне ерік
беруі қажет». Оның айнала қызығушылығын, еліктеушілігін, дарындылығын
табиғи тұрғыда зерттеуді ұйғарды. Ең бастысы, ол баланың айнала ортаға,
өмірге ерекше білім құмарлығының болуын, оның өсуін,
дамуын ұдайы
мұғалім бақылап отыру тәсілдерін ұсынды. Ж.Ж. Руссо дидактикасының негізі
баланың өзіндік әрекетін, зеректігін, зейінділігін, байқампаздығын дамыту
мақсатын көздеді. Барлық оқылатын пәндер мейлінше көрнектілікпен баланың
қабылдауына бейімделуі тиіс.
Руссоның талап етуінде «қөрнектілік» дегентек әдеттегі (сурет, картина,
приборлар т.б.
ғана емес, табиғаттың өзі, тікелей өмірдегі деректер.
Сондықтан «Эмиль» атты романындағы кейіпкері Эмильдің сабақтары
сыныпта емес, табиғат аясында жүргізілген. Руссо осылай жүйелі білім мен
ғылымды жеткілікті бағалай алмаса да, Эмильдің шашыранды түрде
меңгерген білімдерден өмірмен, практикамен байланыстыруы, сөз жоқ, оның
педагогикасындағы жаңа бағыт еді.
Достарыңызбен бөлісу: