Сабақтың тақырыбы: Сабақтағы оқушылардың оқу жұмыстарының формалары: жеке, ұжымдық жұмыс



Дата04.07.2018
өлшемі103,5 Kb.
#46930
түріСабақ
Технологиялық карта
Пән: Педагогика 1 сағат
Тарау: Дидактика
Сабақтың тақырыбы: Сабақтағы оқушылардың оқу жұмыстарының формалары: жеке, ұжымдық жұмыс

Сабақтың мақсаты: Сабақтағы оқушылардың оқу жұмыстарының формаларын білу, оны оқытуды ұйымдастыруда тиімді қолдану бағытындағы білімдерін кеңейту, жетілдіру

Сабақтың білімділік міндеті: Сабақтағы жеке жұмыс, ұжымдық жұмыс түрлеріне сипаттама беру, оны ұйымдастыру бойынша біліктіліктерін қалыптастыру

Сабақтың тәрбиелік міндеті: Сабақтағы оқушылардың оқу жұмыстарының формаларын қолдана білуді меңгеру, сабақта жұмыс түрлерін дұрыс белгілеуге бағыттау арқылы кәсіби мамандыққа баулу

Сабақтың дамытушылық міндеті: пікіралмасу арқылы өз ойларын еркін жеткізу, бейнефильмдерді көру арқылы талдау, салыстыру, ой қорытындысын жасауға дағдыландыру, кеңістікті ойлау дағдыларын дамыта отырып, кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, ұжымдық жұмыс арқылы таным, шығармашылық белсенділіктерін арттыру.

Сабақ типі: жаңа білімді қалыптастыру сабағы

Сабақ түрі: коммуникативті дәріс сабағы

Оқыту әдіс-тәсілдері: «Коммуникативті шабуыл», демонстрация, түсіндірме-иллюстративті әдіс, пікіралмасу, анализ, синтез,кітаппен жұмыс, индукция

Оқыту технологиясы: АКТ

Пән аралық байланыс: психология «Таным процестері»

Жабдықталуы: интерактивті тақта, презентация материалдары

Көрнекі құралдар: демонстрация материалдары
Сабақтың құрылымдық жоспары


Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мақсаты

Оқу материалының мазмұны

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Білім алушының оқу жұмысын ұйымдастыру түрлері

/фронтальды, жеке, жұптық, топтық/

Оқытушының іс әрекеті

Білім алушының іс әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі.


1 мин

Сабаққа назарларын аудару

Сәлемдесу

Түгендеу. Оқу журналымен жұмыс

Аудитория тазалығын бақылау


Сұрақ-жауап,

Талап қою



Жаппай фронтальды

Сабақты бастау

Оқу құжаттарымен жұмыс



Сабаққа дайындалу

Білімді өзектілендіру

2 мин

жағымды атмосфера туғызу

Цитатаны талдау арқылы


Талдау

«коммуникативті атака»

Жеке

Сұрау

Мәтінді талдау

Мақсат қою


1 мин

білім алушының назарын сабаққа аудару,

Мақсатты білімалушылар алдына қою

Ауызша баяндау

Түсіндірме-иддюстративті


Жаппай

Ауызша айту



Тыңдау,

Жаңа тақырыпты игерту

15 мин.

Оқу ақпаратын беру:


1. Сабақтағы оқушылардың оқу жұмыстарының формалары

2.Сабақтағы:

- жеке жұмыс

-ұжымдық жұмыс түрлеріне сипаттама




Түсіндіру,

Презентациялау,

пікіралмасу индукция

Жеке, жаппай

Аузыша түсіндіру, аудио, бейнематериалдар арқылы

Тыңдау талдау

Пікір білдіру



  • Білімді 1 бекіту

3 мин

Алған білімдерін жинақтау

1. Сабақтағы оқушылардың оқу жұмыстарының формаларына нелер жатады?

2.Сабақтағы жеке жұмыс деген не?

3. Ұжымдық жұмыс деген не?


Сұрақ-жауап

Жаппай фронтальды сұрау

сұрау

Жауап беру

  • Оқу материалымен жұмыс

15

мин


Теориялық білімдерн нақтылау

Ұжымдық жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыру: Бастауыш сынып оқулығы бойынша

анализ, синтез,

Жаппай фронтальды сұрау

сұрау

Жеке тапсырмаларды орында

  • 2 бекіту кезеңі

1

мин


Білімді нақты қорыту

  1. Ұжымдық жұмыс қалай ұйымдастырылады?

  2. Ұжымдық жұмыстың артықшылығы бар ма?

  3. Жеке және ұжымдық жұмысқа салыстырмалы талдау жасаңыз

Сұрақ-жауап

Жаппай-фронтальды

сұрау

Ауызша жауап

Білім, білік, дағдының қалыптасуын бақылау, бағалау

1

мин


Ынталандыру, еңбегін есепке алу

Баға қою

Өзара бағалау



Бағалау

Оқу журналына баға қою

Баға қою

Пікірлерін білдіру

Қорытындылау

2 мин

Білім алушылар білімін жинақтау

Тақырып бойынша қорытындылау

Кәсіби мамандыққа баулу бағытында



Әңгімелесу

Тезистеу /дәптерге жазу/


Жалпы қорытындылау

Ой қорытындысын жасау

Үй тапсырмасын беру

1мин

Алған білімдерін жүйелеу, дамыту

«Сабақтағы оқушылармен жеке жұмыс түрлері» / жеке – жұмыс: хабарлама /

Жеке, ұжымдық жұмысқа арналған тапсырмалар дайындау



Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Васильченко П.А. Обучение на коллективной и индивидуальной базе .М., 1993

  2. Дьяченко В.К. Сотрудничество в обучении. – М.: Просвещение 1991..

  3. Лебединцев В. Б. Виды учебной деятельности в парах // Школьные технологии. – 2005. – №4. – С. 102–112.

  4. Эльконин Д.Б. Психология обучения младшего школьника. – М.: Знание, 1974. – 230 с.

  5. Құрманалина Ш. Х. Педагогика. А., 2007




Түсіндіру

/мектеп оқулығымен жұмыс/



Үйге тапсырма алу

Түсіндіру

Жазып алу

Рефлексия

3

мин.


өз-өзіне талдау жасау дағдыларын дамыту

«333»

Фразаны аяқтау

Жаппай фронтальды

Білім алушылар ойын жинақтау

Пікірін білдіру

Сабақт аяқтау






















Барлығы

45 мин





















Дәріс тақырыбы Сабақтағы оқушылардың оқу жұмыстарының формалары 1 сағат

1. Сабақтағы оқушылардың оқу жұмыстарының формалары

2.Сабақтағы жеке жұмыс, топтық жұмыс, ұжымдық жұмыс түрлеріне сипаттама

Әдебиеттер:


  1. Васильченко П.А. Обучение на коллективной и индивидуальной базе // Начальная школа. – 1993. – №4. – С. 5759.

  2. Дьяченко В.К. Новая дидактика – М.: Народное образование, 2001. – 496 с.

  3. Дьяченко В.К. Организационная структура учебного процесса и ее развитие. – М.: Просвещение, 1989. – 156 с.

  4. Дьяченко В.К. Сотрудничество в обучении. – М.: Просвещение 1991. – 192 с.

  1. Золотова А.В. Коллективная работа на уроках // Начальная школа. – 1989. – №1011. – С. 3435.

  2. Левин Э. Метод индивидуально-группового обучения / Левин Э., Прокофьева О., Люшнина И. // Директор школы. – 2005. – №9. – С. 5864.

  3. Лебединцев В. Б. Виды учебной деятельности в парах // Школьные технологии. – 2005. – №4. – С. 102112.

  4. Подласый И.П. Педагогика 2 ч. – М.: Гуманит. изд. центр Владос, 2000. – 125 с.

  5. Эльконин Д.Б. Психология обучения младшего школьника. – М.: Знание, 1974. – 230 с.

  6. Стешина Н.А., Головнева Е.В. Коллективные способы и формы обучения младших школьников. М., 2008

Сабақтағы оқушылардың оқу жұмыстарының формаларына:

  1. Жеке жұмыс. Қарым-қатынас түрі- жеке.

  2. Жұптық жұмыс. Қарым-қатынас түрі- үнемі құрылған жұп.

  3. Топтық жұмыс. Қарым-қатынас топ мүшелерімен

  4. Ұжымдық жұмыс. Қарым-қатынас түрі- ауыспалы жұппен жұмыс

Жаппай (фронтальды) оқыту әдісі – оқушылар сынып болып барлығына бірдей тапсырманы орындайды, талдайды, салыстырады, қорытындысын шығарады. /Лебединцев 2005, 108 бет/

Жаппай - жұмыста мұғалім тақырыпты барлық оқушыларға түсіндіреді.

Сонымен жаппай жұмысқа тән белгілер:



  • оқу жұмысын жүргізетін мұғалім сыныптағы барлық оқeшылармен тікелей іскерлік қарым-қатынас жасайды; әңгімелейді, түсіндіреді, оқушыларды проблема талдауға қатыстырады, оқушылардың бәріне басшылық етіп, нұсқау береді;

  • мұғалім оқушылардың идеялық жағына, сезіміне тікелей әсер етіп, оқушылар мұғалімдердің қойған сұрақтарына жауап беріп, сезімдерін, ой-толғаныстарын білдіреді;

  • әрбір оқушы мұғалім берген ақпаратты меңгеруге тырысады;

  • мақсатқа жетуге әрбір оқушы үлес қосады;

  • мұғалім оқу жобалап, сыныппен байланыс орнатып, олардың назарын сабаққа аударып, білімді қабылдауға қызықтыру керек. Сабақтың соңында білім тексеретін сұрақтар қояды. Тақырыпты проблемалық, түсіндірмелі - иллюстративтік әдіспен ашуға болады, бірақ оқушылармен іскерлік байланыс болуы қажет;

  • жаппай жұмыстың тиімділігі мұғалімнің барлық оқушыларды өз назарында ұстауына, әрбір оқушыны белсенді жұмысқа тартуына, зейінді шоғырландыра білуіне, тәртіпті ұстауына байланысты.

  • егер оқушыларға тек қана оқу ақпараттарын берсе, онда жаппай жүмыстың кемшіліктері көрінеді;

  • нәтижелеріне жалпы баға беріледі. /Құрманалина Ш. Х/

Жеке оқыту- әр оқушы өзінің оқу мүмкіндігіне, деңгейіне қарай, дайындығына қарай жеке тапсырмалар орындайды.

Оқушымен жеке жұмыс.

Әр оқушыға тапсырма беріледі, оны басқа оқушылардың көмегінсіз өзі орындауға тиісті. Тапсырмалардың түрлері: ана тілінен орыс және шетел тілдерінен жаттығулар жазу, есептер шығару, кабинетте тәжірибе жасау, тірі табиғат бұрышында, оқу-тәжірибе учаскесіндегі жұмыс, тау тастарын, минералдарды зерттеу, т.б. Тапсырмалар әрбір оқушының жеке ерекшеліктеріне сай беріледі, үлгерімдері төмендер білімдеріндегі кемшіліктерді жоюға, жақсы оқитын оқушылар білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алады.

Мұғалім әрбір баланың жұмысын, әсіресе сабаққа ынтасы төмен балаларды бақылайды, керек болса көмек, ақыл-кеңес, жетекші сұрақ, қосымша жаттығу береді. Егер барлық оқушылар тапсырманы орындаи алмаса, онда жеке жұмысты тоқтатып, бүкіл сыныпқа тапсырманы қайта түсіндіреді.

Баспадан шыққан тапсырмалар, жұмыс дәптерлері өте пайдалы.



Топтық оқыту түрінің басты белгілері:

- сынып белгілі бір тапсырманы орынду үшін бөлінеді

- әр топ белгілі бір тапсырманы алады және топ басшысының немесе мұғалімнің басқаруымен бірлесе, ақылдаса отырып орындайды.

- Тапсырманы есепке алу кезінде топтың әр мүшесінің орындаған жұмысы есепке алынады.



Бастауыш сыныпта оқытуда жұптық және жеке оқыту түрі бір-біріне сәйкес келеді. Бірақ іс тәжірибе көрсеткендей бәрі бірдей жаппай жұмысқа белсене қатыспайды, немесе жеке жұмысты да кейбіреуі орындамауы мүмкін. Сондықтан мұғалім оқушылардың дайындық деңгейі мен әр оқушының жеке ерекшеліктерін есепке ала алмауы мүмкін. Сабақта деңгейлеп оқытуды қолдану арқылы мұғалім сыныпты ұжымдық жұмыс түріне әкеледі. /Левин, 2005, 60 бет/

Ұжымдық оқыту – ынтымақтастық формасы, онда өзара әрекет жұп арқылы немесе ауыспалы құрам немесе микротоптарда жүзеге асады. Ұжымдық оқыту негіздері мен ұстанымдарын В. К. Дьяченко ұсынады.

  1. Оқытудың аяқталу ұстанымы

  2. Білімді ұздіксіз беру ұстанымы

  3. Өзара ынтымақтастық пен өзара көмек ұстанымы

  4. Білім беру ұжымының әртүрлі құрамы ұстанымы

  5. Қабілетіне сәйкестік ұстанымы

  6. Тақырыптың әртүрлілігі немесе оқу тапсырмаларын бөлу ұстанымы

  7. Оқу үрдісіне қатысушы әр оқушының іс әрекетін педагогикаландыру ұстанымы

  8. Оқытуды интернационализациялау ұстанымы/ көптілді/

Дьяченко В.К. ұжымдық оқыту әдісін ұйымдастыру техникасын ұсынады:

  • Сыныптағы әр оқушы сабақ барысында оқушының да мұғалімнің да қызметін атқарады.

  • Ұжым құрамында 5 бала болуы тиіс

  • Ұжымдық жұмысты ұйымдастырудағы мақсат- басқалармен қарым-қатынас арқылы өзгені оқыту және өзін оқыту.

Өзара оқыту – (жұптық оқыту) – оқушылар тұрақты жұпта немесе құрамы өзгеретін жұпта жұмыс істейді де қандай да бір мәселені бір-біріне түсіндіріп, өз тақырыптарын қорғап, жолдасының жұмысының нәтижесін бағалайды.

- Топтың бір тақырыппен жұмыс істеуі – топ ішіндегі оқыту, оқушылар топтарға бірігіп, топ ішінде өзара әрекет жасап, жаңа материалды түсіндіріп, оны талқылап, өзінің іс әрекетін бағалап, сөйлеуге әзірленеді.

- Топтардың бірін-бірі оқытуы - әртүрдлі мәселені шешіп, іс әрекет жасап жатқан топтар теоретиктер және эксперимент жасаушылар уақытша бірігіп, тәжірибе, ақпарат алмасып, мәселені талдайды.

  • Мұғалім роліндегі оқушы – бір немесе екі оқушы бүкіл сыныпты оқытады.Нәтижесінде әрқайсысы өз біліміне ғана емес басқалардың білімді меңгеруіне жауапты болады.

  • ҰОӘ арқылы ұжым мен жеке оқушының қызығушылықтары ортақтаса бастайды: мен неғұрлым басқалардыоқытсам, мен соғұрлым өзімді білетін боламын.

  • ҰОӘ оқушылардың белсенділігін, қызығушылықтарын туғызады. Диалогтық режимде бір-біріне көмектесуге үйренеді.

Ұжымдық оқыту әдісі арқылы оқушылардың мынадай дағдылары қалыптасады:

  • әдебиеттерді өз бетінше оқу

  • шығармашылық тұрғыдан ойлау, талдау, қорытынды жасау

  • өз ойын білдіру, білімді толық беру, хабарлау, басқаны оқыту

  • тыңдау, ақпарат алу, сұрақ қою

  • жақсы білімнің болуы

  • ұжым болып жұмыс істеу: өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау.

  • Ұжымның әр мүшесі басқалардан қалмауға тырысады

  • Оқушы білімнің құндылығын түсіне бастайды

  • өзінің, оның білімінің басқаларға керек екендігін түсінеді

  • оқу мотивациясы қалыптасады

  • әр оқушының жеке ерекшеліктерін тануға болады

Осылай, ұжымдық жұмыс дамыта оқытумен байланысады. Жаңа, өмірлік жағдайларда оқушы құрбыластарымен қарым-қатынасқа түсе алмайды. И.Подласыйдың пікірі бойынша: «Мұғалімнің міндеті- оқушыларды бірге, келісе отырып жұмыс жасауға үйрету.» 125 бет

Танымдық мәселелерді шешуде негізінен бастауыш сынып оқушыларының өзара ықпалдастығы, қарым-қатынасы, ынтымақтастығы, танымдық қызығушылық ерекшеліктері, танымдық белсенділігі, алынатын ұжымдық танымдық іс-әрекет мына түрде көрініс табуы мүмкін.



  1. Ұжымдық жұмыс принциптерін ұйымдастыратын фронтальды жұмыс. Мұндай жұмыстарды ұйымдастырудың тапсырмалар түріне проблемалық жағдаяттарды талқылауда, теоремаларды бірігіп отырып дәлелдеуді, орындалатын жұмыстардың жоспарын бірігіп талқылауды, біріге отырып әңгіме құрастыруды, картина бойынша бірігп жұмыстар жасауды, психотренингтер өткізуді т.б. жатқызуға болады.

  2. Ұйымшылдық принципі бойынша ұйымдастырылған топтық жұмыс. Оның түрлері: жұптық жұмыс, топтық сауалда, топтық жұмыстарда әңгімелесу, дөңгелек үстел, пікірталас, дебат элементтері бар топтық жұмыстар (форум, сараптау, талқылау топтарының отырыс, жобаларды ұсыну, ойындық модельдеу бойынша проблемалық пікірталастар, диалогтар т.б.).

  3. Топ жұмыстарының бейнесі ретіндегі топтардағы өзара тексерулер: орындалған жұмыс бойынша толық немесе жекелей түсінік беру, өзара пікір алмасу (ауызша, жазбаша, практикалық жұмыстарды өзара тексеру т.б.).

  4. Ассистенттердің, кеңесшілердің және белсенді оқу топтарының басқа да мүшелерінің жұмысы.

Міне осылардың негізінде бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекетінің толық ұйымдастырылуын көрсетуге болады. ұжымдық танымдық іс-әрекет қажеттілік арқылы көрініс тауып отырады. Жаңа бір нәрсені білу үшін әрбір бала өзінің тіршілік және рухани қажеттігін өтеп отырады. Міне, осының әсерінен балада бір нәрсеге қызығу пайда болады. Ұжымда мұғалім балаларға ойлауды қажет ететін әр түрлі әдістерді қолдануды түсіндіріп көрсетеді, оларға түрлі жаттығулар мен тапсырмалар бере отырып шеберлікті, дағдыны бекітіп, шығармашылық қолдануды үйретеді. Міне, мұғалім мен оқушының осындай іс-әрекеттері ұжымдық іс-әрекетке айналады.

Кеңестік психологтер зерттеулері бойынша 7 жастағы оқушыны мектепке қатысты жағдайлардың барлығы қызықтырады: жаңа адамдар (сыныптағы оқушылар, мұғалім), жаңа орын (мектеп, сынып) іс-әрекеттің жаңа түрі және т.б. балалар жасына байланысты танымдық қызығу мәселелерін бірнеше ғалымдар өз еңбектерінде қарастырған: Н.Рыбалкина, Л.Горден, М.Беллева, И.Цветкова, Л.Маневцова, В.Иванова, бастауыш мектеп оқушылары бойынша А.Абдуллаева, М.Морозова, М.Щеломенцова т.б. бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуына жақын мәселелерді В.Дорохова, Р.Жданова, О.Саулина, И.Трегубованың жұмыстарында қарастырылған (Қазақстан мектебі № 7, 2005, 56-58 беттер).

Бастауыш сыныптың алғашқы күндерінен бастап, оқушыларды ҰОЭ тартып, үйреткен дұрыс Ол үшін:


  • балаларды топтарға бөліп отырғызу /жиһаздарды топқа сай орналастыру/

  • бастапқыда топ- қолдау көрсету механизмі, сосын біртіндеп топ мазмұнына қарай құрылады.

  • Сабақ-оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі болып қалады.

  • Үй тапсырмасы қалады, бірақ оның түрі әртүрлі болады, көбінесе жеке сипат алады /жеке таратпа материалы/

  • Оқушылар мобильді әрекет етуге үйренеді

  • Алдыңғы орынға оқушылар шығады, ал мұғалім-дирижер ролінде болып, ізденушілі, шығармашылық жұмыстарға бағыттап, ұйымдастырып тұрады.

  • Стандартты емес жағдайларда оқушыларды жеке әрекет етуге үйрету қажет, ол үшін оқушыларда мынадай зияткерлік дағдыларды қалыптастыру шарт:

  1. жағдаятқа талдау жасау, бір тоқтамға келу

  2. қандай да бір обьектіні әр қырынан көру

  3. обьектіні басқа обьектімен байланыстыра алу

  4. одан қажетті белгілерді табу, анықтау.

В. Дьяченко : «Мұғалім дамыта оқытуға қол жеткізуі үшін стандартты емес оқу тапсырмаларын беруі керек және ұжымдық ізденісті ұйымдастыру керек/таным процессі оқушылардан шығады/»

Ұжымдық оқыту арқылы баланың психологиялық процесстерінде де өзгерістер болады: зейіні тұрақтанады, ойлау процесі дамиды, орындаған іс әрекетіне деген қызығушылық пайда болады,жеке идеясы, пікірі пайда болып, қалыптасады. Басқалардың жауабына қатысады, түзетулер жасайды- бұның бәр таным белсенділігін арттырып, оқушы оқу-таным үрдісінде субьектіге айналады, сол арқылы дамыта оқыту жүзеге асады.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет