Тіласты безі майда бөліктердің борпылдақ дәнекер тін арқылы қосылған жиынтығы болып келеді.
Бездің пішіні сопақ үсті шырышты қабықпен жабылған жақ-тіл етінің жоғарғы бетінде орналасқан. Оның көлемі 2 см, орташа салмағы 3,5 гр, негізгі шығару түтігінің ұзындығы 2 см, ал бездің үлкен бөлігінен басталып төменгі жақасты безінің шығару түтігіне келіп қосылады. Бездің майда бөліктері ауыз қуысы түбінің шырышты қабатына майда түтіктермен ашылады.
Жоғарыда аталған бездердің барлығы жұп бездер жалғыз бездердің болуы өте сирек кездеседі.
Сілекей бездері ас қорыту, шығару, эндокринді, инфекцияға қарсы және тістерге әсер ету қызметінің-функцияларын атқарады. Ересек адамда тәулігіне 1000-1500 мл сілекей бөлініп шығады.