Сыртқы көрінісі. Денесінің сыртқы көрінісіне қарай рептили-лер үшке бөледі



бет4/7
Дата02.12.2022
өлшемі33,32 Kb.
#160873
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Бауырымен жорғалаушылар жер бетінде тіршілік ететін
8000 words
Иық белдеуі. Амфибилердегідей негізінен үш сүйектен қа-лыптасады. Иық белдеуінің құрсақ жағында тоқпан жіліктің басы еніп тұратын шұңқыры бар коракоид болады. Иық белде-уінің арқа жағы — жауырыннан және жауырын үсті шемірше-гінен тұрады. Коракоид төспен байланысады, ал оның алдыңғы жағында бұғана жатады. Крест тәрізді төстің сүріншегі бұғана мен коракоидтың арасын жалғастырып тұрады. Жыланда иық, сондай-ақ жамбас белдеулері редукцияланған (өзгерген), тасбақаларда бұғана құрсақ қолқасының құрамына кіреді.
Жамбас белдеуі. Жамбас белдеуі мықын сүйектен (ilium) шонданай сүйегінен (іsсһіиm) және шап сүйегінен (риЬіs) тұ-рады. Бұлардың бір жақ ұштары түйісіп келіп, ортан жіліктің басы еніп тұратын шұңқырды құрайды. Мықын сүйегі екі жа-ғынан да сегізкөз омыртқаларының көлденең өсінділеріне бекінеді. Оң және сол жақ мықын сүйегі мен шап сүйектері өз ара байланысады.Аяқтарының қүрылысы, бес саусақты организмдердің аяқта-рының құрылысына ұқсас.
Кесірткенің жамбас белдеуі – бұл үш жұп жамбас сүйектерінің бірігуінен пайда болған (шанданай, мықын, шат). Кесірткенің алдыңғы аяқтары келесі сүйектерден құралған: тоқпан жілік, шынтақ сүйек пен кәрі жілік (білек сүйектері), аяқ басы сүйектері (білезік, алақан, ұшында тырнақтары орналасқан саусақ сүйектері). Рептилилердің артқы аяқтары: сан, балтыр (асықты жілік пен шыбық сүйек), табан сүйектері (толарсақ, табан және тырнақты саусақ байқалады).
Ет системасы. Рептилилерде төменгі сатыдағы организм-дерге тән еттің метомерлі орналасуы сақталмаған. Оларда мойын бөлімінің пайда болуы, бес саусақты аяқтың дамуы, жалпы денесінің үлкен бөліктерге жіктелуі міне осының барлығы ет системасының күрделі дифференциялануына себепші болған. Әсіресе, тыныс алу процесін реттеуге қатысатын қабырға аралық еттерінің пайда болуын ерекше атап өтуге болады.
Ас қорыту. Органдарының құрылысы амфибилердің ас қо-рыту органдарынан әлдеқайда күрделі. Бұл ас қорыту жолы-ның үлкен бөлімдерге бөлінуіне және кейбір жаңа бөлімдердің пайда болуына байланысты ауыз қуысы жұтқыншақтан айқын бөлінген. Тасбақа мен крокодилдердің мұрын жұтқыншақ жо-лы ауыз қуысынан екінші таңдай сүйек арқылы бөлінген. Ауыз-қуысының түп жағында орналасқан, атылып шығуға бейімделген, қозғалмалы, етті тілі болады. Тілінің формасы түрліше болады. Жыландар мен кесірткёлердің көпшілігінің тілі жіңішке, ұшы екі айыр болады. Хамелеондардың, керісінше тілінің ұшы жалпақ. Тілдің формасының түрліше болуы қоректік заттарды ұстау тәсілі мен пайдалану сипатына байланысты.
Рептилилердің көпшілігінің тісі болады. Тісі жоғарғы жақ, жақ аралық, қанат тәрізді және төменгі жақ сүйектеріне орна-ласқан. Амфибилерден айырмашылығы — гаттерилерден басқаларында, өре сүйегінде тісі болмайды. Тістері көрсетілген сүйектердің жиектеріне бекиді. Тек қана крокодилдердің тістері альвеолға орналасқан. Ауыз бездері амфибилерге қарағанда күшті жетілген.
Етті қарыны басқа ас қорыту жолынан айқын ажыратылған. Аш ішек пен тоқ ішектің қосылған жерінде соқыр ішектің нұс-қасы болады. Тек қана шөппен қоректенетін тасбақалардың соқыр ішегі (бүйені) жақсы жетілген.
Ұйқы безі он екі елі ішектің иініне орналасқан. Бауырында өт болады. Өт жолы да ұйқы безінің ашылатын жеріне келіп ашылады
Ас қорыту жүйесі: ауыз қуысында түбі жалпақ, ұшы алға қарай жіңішкеретін, әрі айыр тіл орналасқан, ол жемтігін қармап ұстауға және жұтуға көмектеседі. Тілді ішіне қарай тартқан кезде оның ұшы сезгіш жүйке ұштары орналасқан ерекше ойық - якобсон мүшесіне жалғасады. Бұл мүше тілге жабысқан түйіршіктерден болатын химиялық тітіркендірулерді қабылдайды. Өңеш етті түтік түрінде кеңірдектің үстімен мойынды бойлап созылып құрсақтың алдыңғы бөлігінде қарынға жалғасады. Қарыннан аш ішекке ауысатын он екі елі ішек шығады.
Аш ішек бірнеше иірімдер түзіп тоқ ішекке өтеді. Аш ішек пен тоқ ішектің шекарасында тұйық өсінді – соқыр ішек бастамасы болады. Тоқ ішектің артқы бөлімі тік ішек. Тік ішек клоакаға және клоакалық қуыс арқылы сыртқа ашылады.
Қарын мен он екі елі ішектің аралығында сопақша, тығыз ұйқы безі орналасқан. Қарынмен қатар оның ұшына жақын қызғылт реңді көкбауыр орналасады. Дене қуысының алдыңғы бөлігін едәуір қамтыған, өт қабымен одан шығатын өт жолы бар бірнеше қалақты ірі бауыр болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет