Сұраныс және ұсыныс негіздері


Қайталауға арналған сұрақтар



бет27/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   81
Байланысты:
Лекции микро
krugovorot veshch. v biosfere moya
Қайталауға арналған сұрақтар

  1. Х.Лейбенстайнның айтуынша тұтынушы сұранысының жіктелуіне тоқталыңыз.

  2. Игіліктің пайдалылығы және шекті пайдалылығы ұғымдарын түсіндіріңіз.

  3. Пайдалылықты кардиналистік метеп және ординалистік мектеп өкілдері қалай түсіндірген?

  4. Талғамсыздық қисығы экономикалық теорияда не үшін қолданылады?

  5. Талғамсыздық қисығының нышаны неге байланысты?

  6. Ауыстырудың шекті нормасы көрсеткішін түсіндіріңіз.

4-дәріс. Салыстырмалы статика және сұранысты талдау


  1. Тұтынушы бюджетінің шектеулілігі

  2. «Баға-тұтыну» сызығы

  3. «Табыс-тұтыну» сызығы және Энгель қисықтары




  1. Егер тұтынушыға таңдау мүмкіндігін берсе, ол координаталар басынан қашық

орналасқан талғамсыздық қисығының бойындағы тауарлар жиынын таңдар еді. Өйткені бұл тауарлар жиыны тұтынушыға көбірек пайдалылық әкеледі. Алайда бұл жерде тұтынушының тауарды тұтынуына әсер ететін маңызды фактор ескерілмей отыр. Ол – тұтынушының қаражаты. Егер қаражат шектеусіз болса, ол ең көп пайдалылық әкелетін тауарлар жиынын ойланбастан ала беретін еді. Дегенмен, оның осылайша таңдау жасауына бюджеттің шектеулілігі кедергі келтіреді.

Тұтынушы таңдауының оның бюджетінен тәуелділігін жан-жақты талдап көрсету үшін бюджет шектеулілігі моделі қолданылады. Алдымен тұтынушының белгілі бір уақыттағы, айталық бір айдағы табысын І әрпімен, сатып алынатын Х және У тауарларының бағасын сәйкесінше Рх, Ру әріптерімен белгілейміз. Ескерте кететін бір жәйт-тұтынушы табысы әр түрлі кіріс нышандарынан- жалақыдан, пәтерді жалға беруден түсетін табыстан, дивидендтен, трасферттік төлемдерден т.с.с. тұруы мүмкін. Тұтынушының Х тауарын сатып алуға жұмсаған қаражатын Рх· Х, ал У тауарына жұмсаған қаражатын Ру· У десек, ол жалпы көлемі Рх· Х, + Ру· У болатындай соманы екі игілікті алуға жұмсайды. Осыдан барып бюджет шектеулілігінің мәні шығады: тұтынушының Х және У игіліктеріне жұмсайтын ақша сомасы оның табысынан аспауы керек. Тұтынушы бюджетінің теңдеуі Рх· Х, + Ру· У=І түрінде болады. Мысалы, тұтынушыға ай сайын 50 000 теңге көлемінде табыс келеді делік. Ол осы ақшаны Х және У тауарларын алуға жұмсайды. Х тауарының бағасы 2000 теңге, У тауарының бағасы 5000 теңге десек, бюджет теңдеуін мына түрде көрсетуге болады:


2000Х + 5000У = 50000
Егер тұтынушы айлық табысының барлығын Х тауарын алуға жұмсаса, бюджет теңдеуі Рх· Х=І түрінде болады.

Бюджет шектеулілігінің графигі түзу сызық түрінде беріледі (4.1-сурет).


Б юджет сызығының ОХ және ОУ координаталарымен қиылысу нүктелері тұтынушы табысына, сәйкесінше Х және У тауарларынан максимум қанша көлемде алуға болатынын көрсетеді.

Бюджет сызығының бойында орналасқан көптеген нүктелер тұтынушы табысының көлеміне тең келетін сомаға сатып алуға болатын Х және У тауарларының көлемін көрсетеді. Бюджет сызығының оң жағында орналасқан нүктелерге сәйкес келетін тауарларды алуға бағалары қымбат болғандықтан тұтынушының қаражаты жетпейді.


Ал сызықтың сол жағындағы нүктелерге сәйкес келетін тауарларды сатып ала отырып, тұтынушы табысын үнемдеу мүмкіндігіне ие болады.

Енді бюджет шектеулігіне әрі қарай талдау жүргізу үшін бюджет теңдеуін түрлендірелік:








мұндағы - бюджет сызығының көлбеулік бұрышының мәні.

Тұтынушы табысының және тауар бағаларының өзгеруі бюджет сызығының көлбеулігінің мәніне әсер етеді. Мәселен, тұтынушы табысының өзгеруіне байланысты бюджет сызығы параллель оңға немесе солға қарай орын ауыстырып отырады.

Бюджет сызығының орын ауыстыруына, ал мұның өз кезегінде сызықтың көлбеулігінің өзгеруіне, Х және У тауарлары бағаларының арзандап-қымбаттауы да әсер етеді.

Тұтынушы теориясы тұрғысынан алғанда тұтынушының тұтыну іс-әрекетіндегі мақсат-тауарды тұтынудан максимум қанағат алу. Оның алатын қанағатының максимум мәнін көрсету үшін бюджет сызығын саламыз (4.2-сурет).




Бюджет сызығы мен талғамсыздық қисығының жанасу нүктесі тұтынушының теңдестік (ұтымды) жағдайын көрсетеді. Бұл нүктеде (Е нүктесі) тұтынушының қалаған тауарын сатып алуына оның қаражаты жеткілікті болады. Басқаша айтқанда, тауарлардың ұтымды деңгейі –бұл тұтынушыны жоғары пайдалылықты қамтамасыз ететін бюджет сызығының бойындағы нүкте.


Тұтынушының теңдестік жағдайын көрсететін бірнеше балама шарттар бар:


а) тұтынушы таңдайтын игіліктердің бағаларының қатынасы ауыстырудың шекті нормасына тең:

ә) игіліктер бағаларының қатынастары сол игіліктердің шекті пайдалылықтарының сәйкес қатынасына тең:



б) әр игіліктің бағасының бір теңгесіне келетін шекті пайдалылықтары тең болады (Госсеннің ІІ заңы):



в) тұтынушының теңдестік нүктесінде бюджет сызығы қандай да бір талғамсыздық қисығымен жанасады.

Тұтынушы қолда бар табысына Х және У тауарын белгілі бір көлемде сатып алады делік. Егер тұтынушы табысы мен У тауарының бағасы өзгермей (I=const, Py=const), Х тауарының бағасы арзандаса, тұтынушының Х тауарынан бұрынғыға қарағанда көбірек алуға мүмкіндігі болады. Бұл кезде бюджет сызығы тек Х осінің бойымен оңға қарай (сағат тілінің жүру бағытына қарама-қарсы) жылжып, орын ауыстырады (4.3-сурет). Керісінше, Х тауарының бағасы қымбаттаса, бюджет сызығы Х осінің бойымен солға қарай (сағат тілінің жүру бағытымен) жылжиды. Ал егер тұтынушы табысы мен Х тауарының бағасы тұрақты болып (I=const, Pх=const), ал У тауарының бағасы арзандап-қымбаттаса, бюджет сызығының У осінің орын ауыстыруы орын алады.


Мысалы, тұтынушы табысы 50000 теңге, У тауарының бағасы 5000 теңге деңгейінде қалды делік. Ал Х тауары арзандап, бағасы 1000 теңгеге дейін төмендеді (Бұрын Pх=2000 тг болатын). Мұндай жағдайда тұтынушы У тауарынан, ең көп дегенде, қолындағы табысына қарай, 10 дана алса, Х тауарынан оның 50 дана алуына мүмкіндік туады. Яғни бюджет сызығы Х осінің бойымен ғана оңға 25 бірлікке жылжиды.

Тұтынушы іс-әрекетін зерттеуде қолданылатын графиктік модельдегі кеңестікте талғамсыздық қисықтарының картасы орналасатыны белгілі. Қарастырылып отырған екі тауардың біреуінің бағасы арзандаған жағдайдағы (Py=const, I=const) орын ауыстырған бюджет сызықтары мен талғамсыздық қисықтарының жанасу нүктелерін (тұтынушының оптимум нүктелері) қосатын болсақ, «баға-тұтыну» қисығы деп аталатын сызық пайда болады. «Баға-тұтыну» қисығын пайдалана отырып, тауарға деген сұраныс қисығын салуға болады (4.5-сурет). Ол үшін баға өзгерген кездегі Х тауарының тұтыну көлемін горизонталь, баға өзгеруін вертикаль осьтің бойында «баға-тұтыну» қисығы графигінен перпендикуляр жүргізу арқылы саламыз.

Тауар бағасының сұранысқа тигізетін ықпалы ауыстыру әсері және табыс әсері арқылы жүзеге асады. Табыс әсері тауар бағасының арзандауы тұсындағы тұтынушының нақты табысының артуымен байланысты, яғни тауардың бағасы арзандағандықтан тұтынушының сатып алу қабілеті артады. Ал ауыстыру әсері сатып алынатын игіліктің бағасының арзандауы нәтижесінде тұтынушының екінші игілікті көбірек алуына да мүмкіндік туатынын көрсетеді. Сонымен сұраныстың өзгеруі табыс әсері мен ауыстыру әсерінен болады десек, сұраныстың өзгеру көлемін осы табыс әсері мен ауыстыру әсерінің қосындысы деуге болады.

Ауыстыру әсері теріс мәнді болады, өйткені бағаның арзандауы тұтынуды арттырады, және керісінше. Ал табыс әсерінің оң немесе теріс мәнге ие болуы тауар типіне байланысты: кәдімгі немесе сапалы тауарлар үшін теріс, төмен сапалы тауарлар үшін оң болады. Себебі нақты табысы артқан сайын тұтынушының мұндай тауарларды алуға бейімділігі төмен болады. Ауыстыру әсері мен табыс әсерін экономикалық теорияға ағылшын экономисті Дж. Хикс пен орыстың математигі, экономисті әрі статистигі Е.Е.Слуцкий ұсынған.

Ауыстыру әсері мен табыс әсерін бөліп қарастыру нарық жағдайындағы баға белгілеуде маңызды роль атқарады және игіліктер бағасы төмендеп-көтерілген кезде сұраныстың өзгерісін анықтауға мүмкіндік береді.


3. Тұтынушының ақшалай табысының артуы бюджет сызығын оңға жылжытады және тұтынушының таңдауы да осыған сәйкес жоғарырақ орналасқан талғамсыздық қисығына ауысады. Бұл нәтиже екі тауар бағасының арзандауы салдарынан да орын алады. Себебі тауар бағасының арзандауы тұтынушының нақты табысының артуына әкеледі.

Тұтынушы табысының азаюынан немесе екі тауар бағасының қымбаттауынан бюджет сызығы солға қарай төменге жылжиды. Егер бюджет сызықтары мен талғамсыздық қисықтарының жанасу нүктелерін қосатын болсақ, «табыс-тұтыну» қисығы пайда болады. Оны кей экономикалық әдебиеттерде өмір сүру деңгейінің қисығы деп атайды (4.6-сурет).

«Табыс-тұтыну» қисығы координаталар басынан әр түрлі көлбеу жасап басталуы мүмкін. Егер ол 45º-дық бұрыш жасап салынса, тұтынушының Х және У тауарын тұтынуды арттыруды тең пропорцияда жүргізетінін көрсетеді (4.6а-сурет).

Егер «табыс-тұтыну» сызығы оң көлбеулі болса, Х және У тауарларының кәдімгі немесе сапалы тауар болғаны. Өйткені тұтынушының табысы артқан жағдайда сапалы тауарларды тұтыну да өседі (4.6а-сурет).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет