«Стилистика және тіл мәдениеті»



бет9/45
Дата07.02.2022
өлшемі162,08 Kb.
#95448
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
Байланысты:
8dcc0c3a-6cfc-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Тіл мәдениеті мәтін

Долларшыл топ – соғыс құмар бөспенің,
Тілейміз біз жер бетінен өшкенін.
(«Бейбітшілік даусы»)
Осында соғыс құмар деген сөздің соғысқор, соғысшыл сияқты әр түрлі реңділікті білдіретін синонимдері бар. Ашушаң, ашуқой, ашуланшақ, ашуланғыш дегендердің де синонимдес екенін байқаймыз. Кейде мұндай рең дамыту тәсілімен де беріледі. Мысалы: көгілдір, көкшіл, көкшілтім, көктеу, көгірек, көк, өте көк, шымқай көк, тым көк. Морфологиялық тәсілмен берілетін жеке ұғымдарды синтаксистік тәсілмен де түсіндіруге болады. Мысалы:
Ақылды – ақылсыз емес.
Біледі – білмей тұрған жоқ.
Түсінеді – түсінбейді емес.
Түсінді – түсінбей тұрған жоқ.
Синтаксистік құрылыстың ойды айтып немесе жазып жеткізуде айрықша мәні бар. Әдетте сөйлемдердің айтылуына, қолдану тәсіліне қарай әр түрлі реңде болады. Олар көбінесе сөздердің орын тәртібі және сөйлемнің құрылысы арқылы беріледі.
Стилистиканың зерттеу нысаны – лексика-фразеология, грамматика және фонетика қарастыратын тілдік тұлға бірліктер. Бірақ тіл білімінің бұл салалары тілдік единицалардың стильдік сапасын қарастырмайды.
Сөйлеуде (речь) сөз бен сөйлем құрылысының дұрыс және айқындығының үстіне, дыбыс үйлесімділігі (благозвучие) болуы да шарт. Дыбыс үйлесімділігі, біріншіден, біркелкі дыбыстардың бір жерге жиналуынан сақтандырса, екіншіден, сөйлеудің мәнерлілігін арттырады. Сондықтан дыбыс үйлесімділігі оқуға және тыңдаушының қабылдауына үлкен жеңілдік туғызады. Мысалы дыбыстардың мәтін ішіндегі қайталануы (ассонанс, аллитерация), интонация, екпін, оның түрлері – стилистикалық ресурсқа ие фонетикалық құралдар. Бұл - фонетикалық тәсілдердің практикалық мәні.
Стилистика жалпы халық тілінің стильдік жүйелерін, жалпы халықтық тілдің ауызекі және жазба түрлері, олардың өздеріне тән ерекшеліктері, әдеби тілдің стильдерін тегіс қамтиды.
Сөйтіп стилистика тілдік единицалардың мәнерлегіштік мүмкіншіліктері мен олардың қандай формада және стильдің қай түрінде қалай қолданылатыны туралы мәселелерді қарастырады.
Қарым-қатынастың әр түрлі саласында, пікір алысудың мақсатміндеттеріне сәйкес, ойдың мазмұнына лайық осы аталған тұлға бірліктерді таңдау мен ұйымдастырудың жалпыға ортақ пртнциптері қалыптасады. Бұл жағдай тілдік құралдардың қызмет ету процесінде әр түрлі функционалды стильдердің жасалуын негіздейді. Белгілі бір салада, қарым-қатынастың белгілі бір түрінде осы тілдік құралдардың қызмет ету ерекшеліктеріне орай фунционалды стиль түрлері ажыратыла бастайды. Бұл функционалды стилистиканың міндеті болып саналады. Сөйтіп стилистиканың салаларына мыналар жатады: 1. тіл құралдарының стилистикасы, 2. функционалды стилистика, 3. көркем әдебиет стилистикасы.
Көркем әдебиет стилистикасының отандық ғылымда жеке сала болып қалыптасуы ғалым, академик В.В.Виноградовтың есімімен тығыз байланысты.
Стилистика – тіл құралдарын (тұлға-бірліктер) талғап, орнымен дұрыс жұмсауды үйрететіндіктен, тіл мәдениеті пәнімен тығыз байланысты екендігі мәлім. Сондықтан қай тұрғыдан болса да сөз болатын тіл мәселесі тілдік нормаға барып тіреледі. Әдеби тілде сөйлеуші адам ойын дұрыс жаеткізуді ғана емес, қалай айтып жеткізуді көздейді, тілдегі дұрыстықты ұстауға тырысады, демек, әдеби тілдік нормада екі қатар мақсат көзделуі қажет: ойды білдіру және оны мәдениетті түрде, яғни белгілі дұрыстық, көркемдік нормаларын сақтап білдіру.
Тілдің функционалды стильдерге қарай ажыратылған нормалары стилистикалық нормалар болып табылады, яғни сөз қолдану нормалары әдеби тіл нормасына сәйкес қалыптасады. Әсіресе, функционалды стилистикаға байланысты сөз қолданудың тұрақтылығы бар. Мысалы, ауызекі сөйлеу тілінде қарапайым сөздер, диалектизмдер, жаргондар, бөтен тілдік элементтер, «барғасын, кеп, боп» т.б. тәрізді морфологиялық тұлғалардың мүмкін болса, жазба стильдерде олар нормадан тыс деп есептелінеді. Тілдің стильдік айшықтаулары, көркемдік құралдары көркем әдебиет стиліне тән, олар іс қағаздары мен ғылыми стильдерде қолданылмайды. Бұдан шығатын қорытынды: стилистикалық нормалар да тілде қалыптасады, олар әр стиль түрлеріне сай келуі керек. Мәселен, өткен шақ есімшенің –тін, -тын және тұғын болып екі вариантта кездеседі. Мұның алдыңғысы қатаң норма, яғни фунционалды стильдердің барлығында қолданылады, ал -тұғын варианты, негізінен көркем әдебиет пен поэзия үшін норма.
Жоғарыда айтылған ауызекі сөйлеудің элементтері (қарапайым, диалект, дөрекі сөздер) әдеби тілдің лексикалық нормасынан тыс тұрады. Бірақ көркем әдебиет тілінде, көбінесе кейіпкер тілінде, шығарманың жанрлық сипатына қарай автордың өз баяндауында да қолданылуы норма болып табылады. Соңғысы стилистикалық нормалар ретінде танылады.
Функционалдық стиль түрінің әрқайсысының өзіне тән стильдік белгісі болады. Стильдік белгі дегеніміз – белгілі бір функционалдық стильдің даралығын, басқа стильдерден өзгешелігін танытатын қасиеті. Мысалы, көркем әдебиет стиліне тән ерекшелік – сөздің бейнелілігі, эстетикалық қуаты. Ғылыми тілге тән басты белгі – сөздің дәлдігі, нақтылығы. Функционалдық стильдерге қойылатын белгі кейде бірнеше түріне ортақ болуы мүмкін. «Қазақ әдеби тілінің әрбір функциональдық стилі өзіндік ерекшеліктерге ие. Осы ерекшеліктері арқылы олар бір-бірінен дараланады.
Әр стильдің өзіндік белгілерін, қасиеттерін, ерекшеліктерін танып, білудің қазақ тілінде ерекше мәні бар. Әдеби тілдің функционалдық стилдерінің тығыз байланыста болуы, олардың саралануының кейіннен пайда болған құбылыс екенін растайды. Бұл байланыс бір функциональдық стильге тән амал-тәсілдің екінші бір функциональдық стильде қолданылуынан, бір функиональдық стильдің екіншісіне әсер етуінен, соның нәтижесінде әдеби тілдің стильдер жүйесінің дамуынан байқалады. Бір стильге тән тілдік ерекшеліктердің екіншісіне ауысып, өнімді қолданылуы стильаралық диффузия деп аталынады».
Функциональдық стилистика өз ішінде стильдер жүйесі бойынша жіктеледі:
ауызекі сөйлеу тілі;
ресми стиль;
ғылыми стиль;
публицистикалық стиль;
көркем әдебиет стилі (тілі).
Тіл ресурстары стилистикасын бұдан сәл ықшамдап, тіл стилистикасы (стилистика языка) деп те атап жүр. Стилистиканың бұл түрінің басты бағыты – сөздердің мәтіннен тысқары күйіндегі стилистикалық қызметін айқындау.
Қорыта келгенде, функционалды стилистика тілдің қарым-қатынастың әртүрлі салалары мен жағдаяттарында қолдануының заңдылықтарын зерттейді, басқаша айтқанда, ол үшін тілдің функционалды аспектісі арнайы зерттеу пәні (предметі) болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, стилистика тілді қоғам тарапынан қолдану заңдылықтарын зерттейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет