ҚР ҚЖ 4.01-106-2018 57
Жиналған мұнай өнімдерінің пленкасын өңдеудің ұсынылатын технологиялық
сұлбасының дәйекті кезеңдері:
- жинақтау;
- мұнай өнімдерін кәдеге жаратуға шығару.
6.9.9 Тұндырғыштарда түзілетін тұнба мөлшерін ағынды сулардың келіп түсетін
және ағартылған ағындарындағы өлшенген заттар мен мұнай өнімдерінің
концентрациясына, тазартылатын ағындардың көлеміне, түзілетін тұнба ылғалдылығына
және тығыздығына қарай айқындаған жөн. Коагулянттарды қолданған жағдайда
коагулянттың жұмыс дозасының шамасына байланысты тұнбаның құрғақ затының
мөлшерінің ұлғаюын ескеру керек.
Тұндырғыштардан шығатын шөгіндінің технологиялық параметрлері тазартылатын
ағындылардың құрамына, тұндырғыштардың құрылымына, шөгінді бункерлердің
көлеміне, бұрылу тәсілі мен мерзімділігіне байланысты және олардың негізінде
қабылдануы керек.
Ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жабдықтарды әзірлеушілердің деректері бойынша.
Реагентті тегеурінді флотаторлардағы флотошлам мен су түбіндегі тұнба
қоспасының параметрлері олардың конструкциясына, ауланған өнімдердің шығарылу
тәсілі мен мерзімділігіне байланысты және технологиялық 100 эксперименттердің
негізінде және ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жабдықты әзірлеушілердің деректері
бойынша қабылдануы керек.
Өзге жұмыс принципі бар флотаторлар (импеллерлік,электр флотаторлар) үшін
флотошламның технологиялық параметрлері қолданылатын жабдықтың төлқұжаттық
деректері негізінде қабылданады.
6.9.10 Тұндырғыштардан және флотаторлардан шығарылатын шламдар оларды
өңдеу алдында құрамы мен шоғырлануы бойынша орташалау үшін аралық резервуарларға
жіберілуі
керек.
Шламдарды
орташалау
процесі
тиейтін
механикалық
араластырғыштардың көмегімен немесе резервуарлардың түбіне орнатылатын тесікті
құбырларға компрессордан берілетін сығылған ауамен жүргізілуі мүмкін. Орташалағыш-
резервуарларда сондай-ақ флотошламды көбік сөндіруге арналған құрылғылар орнатылуы
мүмкін.
6.9.11 Орташаланған шламда құрғақ заттың концентрациясын арттыру және
механикалық сусыздандыру қондырғыларына беру алдында оның көлемдік мөлшерін
төмендету мақсатында оны тік типті гравитациялық сыйымдылықты тығыздағыштарда
және (немесе) таспалы немесе барабанды типті торлы қоюландырғыштары бар
қондырғыларда алдын ала нығыздау ұсынылады. Өнімділігі жоғары тазарту
құрылыстарындағы шламдарды өңдеу учаскелерінің жұмыс және қосалқы технологиялық
жабдықтарының санын қысқарту мақсатында тізбекті нығыздау мен қоюландыруды
қамтитын құрамдастырылған әдісті қолдану орынды. Шламды қоюлату процесі оған
флокулянт ерітіндісін алдын ала енгізумен жүргізіледі. Шламды тығыздау сатысында
флокулянтты қолданудың орындылығы эксперименталды түрде анықталады. Тығыздалған
және (немесе) қоюландырылған шлам параметрлері кейіннен технологиялық сатыдағы
жабдықты жеткізушілер - шламды механикалық сусыздандыру талаптарына сәйкес
эксперименталды түрде анықталады.