Syllabus пәннің атауы Психологияны оқыту әдістемесі 6B01101 «Педагогика және психология»


Тақырып: Белсенді оқыту әдістерінің психологиялық негіздері Мақсаты



бет10/43
Дата20.09.2022
өлшемі0,78 Mb.
#150052
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43
Байланысты:
Психологияны окыту адистемеси (1)
СРС-ОЗ-2курс-2014-каз, Сборник стартовых диктантов (1), Дәріс 11, Жексенов Нурберген 6 апта, ФИЗИКА кантекст
Тақырып: Белсенді оқыту әдістерінің психологиялық негіздері
Мақсаты: Белсенді оқыту әдістерінің теориялық тұжырымдамаларымен, әдістемелік ерекшеліктерімен таныстыру
Дәрістің мазмұны
1.Жоғары оқу орнындағы қазіргі тұжырымдамалар.
2.Оқып-білім алушының белсенді танымдық іс-әрекеті оқытудың психологиялық теориясының негізі ретінде

Педагогикалық технологиялардың түрлері

Ынтымақтастық педагогикасы



Білім беруді
Ізгілендіру
технологиясы

Ойын арқылы оқыту технологиясы

Проблемалық оқыту технологиясы



Модульдік оқыту технологиясы



Тірек сигналдары арқылы оқыту
технологиясы

технологиясы





Түсіндіре басқарып


оза оқыту технологиясы
технологиясы


Дамыта


оқыту
технологиясы



Өздігінен


даму
техноло-гиясы

Деңгейлік саралап
оқыту
технологиясы

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
технологиясы

Оқытудың компью-терлік
техноло-гиясы

Бағдар-ламалап оқыту
Техно-логиясы


Ынтымақтастық педагогикасы. Талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу. Бұл балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі:
- мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы, оқушы да – субъект, мұғалім де – субъект;

  • оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас;

  • оқушы мен мұғалім арасыдағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық

қарым-қатынас.
Білім беруді ізгілендіру технологиясы. Оқушыны азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.
Ойын арқылы оқыту технологиясы. Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық ісәрекеттің психологиялық мехнизмі жеке бастық өзіндік талап-тағамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.
Проблемалық (мәселелік) оқыту технологиясы. Оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Атап айтқанда:

  • оқушының белсенділігін арттыру;

  • оқу материалында баланы қызықтыратындай мәселе туғызу;

  • оқушы материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап

қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді;

  • оқытудың бала өмірімен, еңбегімен байланыстылығы.

Тірек белгілері (сызбасы, сигналы) арқылы оқыту технологиясы
мынаны көздейді:

  • білім, білік, дағдыны қалыптастыру;

  • барлық баланы оқыту (жеке әлеуметтік өміріне қарамастан);

  • оқытуды жеделдету (орта мектепті 9 жылда аяқтау).

Үнемі қайталау, міндетті кезендік бақылау, жоғары деңгейдегі
қиыншылық, блокпен оқыту, тірек қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал; ізгілік, еркімен оқыту; әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
Түсіндіре оза оқыту технологиясы. Барлық баланы табысты оқыту. Оқу материалының бірізділігі, жүйелілігі; саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы; бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану. Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады; бірте-бірте толық дербестікке жету; сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру, түсіністік, өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас; оқушының қателігін ескерту, бірақ жазғырмау; үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі; білім, білік дағдыны дамыта меңгерту; түсіндіруді қабылдау.
Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы. Білім, білік, дағды меңгерту, мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру. Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау. Білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттелігі, оқушыларға берілген тапсырманың саралануы, тапсырма оқушының күші жететіндей және қолайлы болуы шарт.
Осы жіктелулер қазірге кезде кең қолданылуда. Себебі білім берудің негізгі жолы – оқыту. Оқыту – ұстаз бен оқушы белгілі бір мақсатты жүзеге асыратын біртұтас педагогикалық процесс. Ал белгілі бір мақсатты толық жүзеге асыру оқытуды тиімді ұйымдастырумен сипатталады.
Оқытудың білім беру, тәрбиелік, дамыту функцияларын кеңінен қолдану қажет. Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет:

  • оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;

  • оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде

қарастыру. Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастыру-шылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;
- жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімдлі мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу;
- оқу үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.
Әрбір ұстаз осындай шарттарды игеріп, ескеріп жаңаша оқытуға бет бұрыс жасауы керек. Себебі бүгінгі педагогика ғылымы жаңа технологияны тиімді пайдалануымен ерекшеленеді. [12]
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеу, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты мақсаты болып табылады. Жаңа технология оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдарын оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетінде пайдалануға көмектеседі.
2. Гуманитарлық пәндер жүйесінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттарына: инновациялық ізденіс қажеттілігі, инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім, инновациялық әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру, инновациялық әдістерді меңгеру, инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары, инновациялық әдіс-тәсілдердің нәтижесінің болуы, инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады.
Жаңаша оқытудың негізгі түрлері оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылған басты мақсат – оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадыр-қасиетін дамыту. Ол үшін инновациялық оқытудың педагогикалық шарттарын игерген жағдайда ғана оқыту тиімді болмақ.
Дамытып оқыту әдістемесін тақырыпты меңгеруде оқушының сабақпен жан-жақты танысу деңгейі, зейін тұрақтылығы, есте сақтау деңгейі, ұғыну деңгейі, репродуктивті, алған білімін пайдалана білу деңгейіне маңызды көңіл бөлінеді.
Қорыта келгенде, әлемнің білім беру бағытынан орын алу үшін, біріншіден, білім беру, оқыту, тәрбиелеу бағыттарын инновациялық технологиямен жетілдіруі; екіншіден, пәндердің материалдық базасының байлығы мен үйлесімділігі; үшіншіден, студенттердің өзіндік жұмыстарының орындалу барысын қадағалау және бағалау; төртіншіден, білікті, білімді, тәжірибелі мамандардың шеберлігіне үлкен көңіл бөліп және басқа оқу орындарымен тәжірибе алмасу қажет; бесіншіден, ақпараттық технология бойынша теледидар бағдарламаларында мектеп бағдарламаларын арнайы жүргізу; алтыншыдан, жастардың мамандығына деген жоғарғы жауапкершілік пен сүйіспеншілікті қалыптастыру жолдарын нақтылау; жетішіден, елімізге болашаққа құлаш сермейтін білім берудің жаңа мемлекеттік бағдарламасын баланың жас ерекшеліктеріне және қызығушылақтары мен талғамдарын ескере отырып жасау.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Белсенді оқыту әдістерін жіктеңіз?

  2. Жаңа технологиялармен жұмыс жасау шарттары қандай?

6 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет