Тақырып: «Жеткіншек жаста мазасызданудың нормада және ауытқуда көрініс беруі»


Жеткіншектердің мазасыздану кезеңі және оның мәні мен мазмұны



бет13/26
Дата19.01.2022
өлшемі2,93 Mb.
#129497
түріРеферат
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
Соңғысы Абылай 07.05.2020
ИНТЕР2, 6 класс тжб сараптама[1]
1.2 Жеткіншектердің мазасыздану кезеңі және оның мәні мен мазмұны
Жеткіншектердің мазасыздануын алдын-алу бойынша педагогикалық-психологиялық қызметті ұйымдастыру үлгілері және балаларды зерттеуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер жүйесі қазіргі кезде жан-жақты зерттелінуде. Оның негізін құрушылар: И.В.Дубровина, З.А.Малькова, В.М.Вульфсон, К.Р.Рональдо, Г.Б.Радионов, И.А.Соколова, А.С.Овчинникова, И.О.Татур, М.Р.Битянова, Л.И.Прихожан, Р.С.Немов, В.Г.Гильбух, Е.И.Рогов, Р.Римский,С.Римская т.б. ғалымдар өз еңбектерінде педагогикалық-психологиялық қызметтің моделін, мектептегі психологиялық қызметтің мазмұны мен зерттеу жүргізуде пайдаланылатын әдістемелері анықталған. Бұл ұсыныстардың негізгі қағидалары мектеп психологиялық қызметінде кеңінен қолданылып жүр. Сонымен қатар әр жас кезеңінің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар. Жеткіншектердің мазасыздануына әсер ететін орталар өте көп және олар ішкі және сыртқы деп қарастырсақ болады (1-сурет). Жеткіншек жас кезеңі педагог-психолог қызметінде ерекше орын алатындығы дәлелденген [15].
М ЕКТЕП БАЛА ІШКІ ТАРТЫС

(эмоционалды

аумақ)

Психиканы

зақымдайтын жағдай


агрессия аутизм

үй үй


көше жанұя

қорқыныш


мазасыздану
1-сурет . Жеткіншектердің мазасыздануына әсер ететін орталар.
Жеткіншек жас кезеңі болып 11-ден 16 жасқа дейінгі аралық есептелінеді. Бұл кезең жеткіншек ағзасының оң өзгерістері және сапалық дағдылардың қалыптасуымен ғана емес, сонымен қатар, дамудың бұл кезеңінде маңызды рөл ойнайтын ерекше күйлердің пайда болуымен сипатталады. Пубертаттық кезең психофизиологиялық дамудың өтуімен және баланың әлеуметтік белсенділігінің қайта құрылуымен ерекшеленеді. Елеулі өзгерістер баланың іс-әрекетінің барлық саласында жүреді, бұл жас кезеңін балалықтан ересектікке өтетін «өтпелі» кезеңге айналдырады [24].

Жеткіншектік кезең дағдарыстарға, қиындықтарға, уайымдарға толы болып келеді. Бұл кезеңде мінез-құлықтың тұрақты түрлері, мінез бітістері, эмоционалды жауап реакцияларының әдістері пайда болып, бекітіледі; бұл жетістіктер, білім мен біліктілікті арттыру, өзіндік «Менін» қалыптастыру, жаңа әлеуметтік позицияларға қол жеткізу кезеңі. Сонымен қатар, балалық көзқарасты жоғалтып, психологиялық қолайсыздық пен мазасыздану сезімінің пайда болу кезеңі.

Жеткіншек жас кезеңін көбіне дамудағы диспропорция кезеңі деп атайды. Бұл кезеңде баланың өзіне, өзінің денесінің өзгешеліктеріне көп назар аударыла бастайды; қоршаған адамдар пікіріне жауап реакциялары күшейеді, өзін-өзі бағалау деңгейі мен қапаланғыштық сезімдері күшейе түседі. Ең алдымен, балалық кезеңмен салыстырғанда өз денесіне көп көңіл бөлушілік тек физикалық тұрғыда дамудың себептерінен ғана емес, сонымен қатар, жаңа әлеуметтік рөлге ие болуымен байланысты. Қоршаған адамдар жеткіншек денесінің жетілгендігінің арқасында енді ол дамудағы белгілі мәселелерді шешу қолынан келеді деп күтеді.

Жеткіншектерде дамудың қалыпты өтуіне байланысты да мазасыздануы болады, ол ең алдымен дамудың диспропорциясымен, әркелкілігімен байланысты, яғни тез дамып қалыптасу немесе дамудың кешеуілдеуімен байланысты [25].

Денесіндегі өзгерістерді ұғыну – жыныстық даму кезеңінің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Жеткіншектер өз денесінің өзгерістеріне деген өзгелердің реакциясын ескеріп, өзі туралы пікірлер қатарына қосады (қолдау, таңырқау және жиіркену, кекесін, жек көру). Ол жеткіншектің өзін-өзі бағалауын төмендетіп, өзіне сенімсіздік пен қарым-қатынаста ұялшақтықтың пайда болуына, өзінің қоғамдық маңыздылық сезімін жоғалтуына алып келеді. Сонымен қатар, жыныстық жетілу баланың өзіндік ерекшелігі, мақтанышы мен өзіне көңілі толу сезімдерінің қалыптасуымен тығыз байланысты.

Х.Ремшмидт «Жеткіншектік және жасөспірімдік кезең» атты еңбегінде атап өткендей, қалыпты өзгерістер диапазоны белгісіз болғандықтан, баланың өзін өзге құрдастарымен салыстыру пайда болады, мазасызданудың, үлкен жанжалдар, депрессивті күй, тіпті созылмалы невроздардың пайда болуына алып баруы мүмкін [26].

Бұған ағзаның мынадай функциологиялық өзгерістерін жатқызуға болады: ерте жыныстық жетілу, дамудың кешеуілдеуі, сонымен қатар жеткіншектің мазасыздануын туғызатын себептерге безеулер, салмақтың аздығы немесе көптігі, бойдың өсуінің кешеуілдеуі сияқтыларды жатқызуға болады.

Келесі себеп ретінде жеткіншектің жыныстық дамуын айтуға болады. Бұл үрдісте маңызды рөлді орталық жүйке жйесі атқарады, яғни жүйкелік және психикалық феномендердің интеграциялану орны.

Осылайша, жыныстық қажеттіліктер мен қызығушылықтар дамиды, олар әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-мәдени факторлардың әсерінен (жыныстық тәрбие, жеке психикалық жетілгендік, ересектер үлгісі) мінез-құлықта түрлі көрініс табады: психоаффективті, яғни махаббаттың қозғалтқыш күші және белгілі адамға қатынасы, немесе психофункциологиялық түрде, яғни белгілі бір серіктің қатысынсыз жыныстық қанағаттанудң болуы. Бірақ, мұнда жыныстық бұзылыстар орын алуы мүмкін: белгілі бір себептерден дамудың болмауы, кейде жыныстық қызығушылық және оған сәйкес бастан кешулердің болмауы. Егер қажетті әлеуметтік-психологиялық (әлеуметтік-мәдени) факторлар жоқ болса, немесе балаларда жазалау мен шек қою жағдайлары көп болса, жыныстық қажеттіліктер дамымай қалуы немесе жоқ болып кетуі мүмкін. Бұл қалыпты даму, психикалық бастан кешулер және мінез-құлық аралығында тартыс пайда болуына алып баруы мүмкін. Ол өзін-өзі бағалаудың төмендігі мен өзіне сенімсіздік туғызуы мүмкін.

Мазасызданудың көрініс беруі 2 түрде болуы мүмкін: қорқыныш – ашу және қорқыныш – уайым, олар түрліше көрініс береді, бірақ екеуі де тұлғаны бірдей деңгейде бейімсіздендіреді [27].

Есею кезеңінде мектеп пен отбасының маңыздылығына көңіл аудару қажет. Себебі, жеткіншектік кезең ересек болып көрінуге ұмтылу және ересек бола алмау арасындағы шиеленістер кезеңі. Бұл ешкімге тәуелді болғысы келмеу мен ересектер сөзін тыңдау қажеттілігі арасындағы шиеленістер.

Жеткіншек кезеңінің қиындықтары тез әсерленгіштік, ипохондриялық реакциялармен, аффективті мінез-құлық, біреудің өкпелетуіне күшті жауап реакциясының болуы, ересектерге қатысты сыншылдықтың жоғарылауына байланысты болады.

Егер бұл ерекшеліктерді есепке алмаса, жеткіншектердің мінез-құлқы мен дамуында тұрақты бұзылыстар пайда болуы мүмкін. Мұнда ата-ана мен бала арасындағы қатынас өте маңызды. Жеткіншек жас кезеңі – өтпелі кезең, балалықтан ересектікке өту кезеңі болғандықтан, баланың эмоционалды және когнетивті аумағының қалыптасуына теріс әсер ететін көптеген дау-жанжалдар пайда болады [28].

Бала үшін құрдастарының рөлі арта түседі, ол үлгі алатын объект ретіндегі ата-анамен арада түсініспеушілік пайда болуына алып барады. Ата-аналар тарапынан шектеулер тоқтатулар көбейе түседі, отбасыдағы өзгерістермен байланысты дау-жанжалдар саны артады. Экономикалық жағдайлар мазасыздануға себеп болуы мүмкін: себебі, жеткіншек өзін әрдайым тәуелді, бағынышты етіп сезінеді. Мектепте оқудың ұзаққа созылуына байланысты жастар қаржылық жағынан ата-анаға ұзақ уақыт тәуелді болады. Мектептегі оқу үлгермеушілігі дау-дамайға себеп болуы мүмкін. Ата-аналар мен балалар арасындағы қиын қарым-қатынас тек жас ерекшелігі себебінен туындаған жанжал емес, экономикалық жағдайдың дамуы мен технологиялардың алға ілгерілеу себебінен ата-аналар да балалар сияты өзін сенімсіз және мазасыз сезінеді, бұл олардың өзіндік мінез бітісін қалыптастырып, шешім қабылдаудағы әлсіздік пен мазасыздануын тудырады [29]. Әлеуметтенеудің маңызды инстанциясы тек отбасы мен үй емес – мектеп болып табылады. Жастық дамудың негізгі кезеңі ретінде жасөспірімдіктің пайда болуы жалпы бұқаралық білім беру жүйесінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Мектептегі жанжалдар көбіне оқу үлгерімі, бейімделу, бедел және бөлектену мәселелерінен туындайды. Оқу үлгеріміне қатысты қойылатын талаптармен байланысты мұғалімдермен де, құрдастарымен де арада жанжал пайда болады. Мұғалімге қатысты қарсылық, білім алу мен оқуда жетістікке жетуден бас тарту пайда болуы мүмкін. Мұндай мінез-құлық қабілетті балаларда да, сыншыл көзқарастағы балаларда да кездесуі мүмкін. Құрбы-құрдастарымен арадағы қатынаста бақталастық себебінен жанжал тууы мүмкін. Бұл оқушылардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуі және сыныпты бірыңғай қоғам ретінде сақтап қалуға әсер етеді. Бөлектену мен беделділік себебінен туындайтын жанжалдар мектеп ережелері балалардың еркіндігіне шектеу қоятындықтан пайда болады.

Мазасыздану – жеке тұлғаның әлсіздігінің, бейімсіздігінің субъективті көрініс беруі. Кіші және үлкен жастағы жеткіншектердің өзіндік ерекшеліктері бар, олар елеулі емес, бірақ бұл кезеңді сипаттаушы қасиеттер психикалық дамудың деңгейі мен сипатындағы ерекшеліктер туралы айтуға болады, бір жағына – ерте жеткіншектік – балалық кезеңнің бір түрі, оның өз ерекшеліктері бар, екінші жағынан - жеткіншек өсіп келе жатқан адам, ересек өмірдің табалдырығында тұрған адам [30].

Психикалық дамуының жетілгендігі, мүмкіндіктерінің көбеюі, жеткіншектің өзіне-өзі жауап беру қажеттілігін туғызады, ол ересектердің оның құқықтарын, мүмкіндіктерін мойындауын, қоғамдық маңызды әрекеттерге араласуын талап етеді. Дегенмен, ересектер жеткіншектің енді кішкентай бала емес екендігін сезініп, оған жоғары талаптар қояды, бірақ, жеткіншектің өзімен-өзі болып, өз өміріне өзі жауап беру құқығына көбіне шек қояды. Осыдан келіп дау-жанжалды жағдайлар, қапалану мен қарсылықтың түрлі формалары туады [31].

Жеткіншек кезеңінің негізгі жаңалығы – оларда өзіндік санасының пайда болуы, яғни қарым-қатынас шектерінің кеңеюінің, жеткіншектің қоғаммен, ересектермен, құрдастарымен қатынасының күрделенуінің нәтижесінде пайда болады.

Мазасыздану күйі жеткіншектік кезеңнің дағдарысының нәтижесі, ол түрліше өтуі мүмкін және ол жеткіншек өмірінің барлық саласына әсер етіп, оның тұлғасын өзгеріске ұшыратады. Бұл дағдарыстар мінез-құлықтық, тұлғалық бұзылыстардың және біз тоқталып өтетін мазасызданудың пайда болуына себеп болуы мүмкін.

Ересектердің жеткіншектің өзіндік бағалау деңгейін кемсітуін олар өте тез көңіліне алады. Ересектердің жастық дамудың кезеңдерін білмеу себебінен, жеткіншек тұлғасының дамуы қалыпты өтпейді, яғни «жеткіншек кезңінің дағдарысы» көптеген қиыншылықтармен күрделенеді. Ұқсастық дағдарысы жеткіншектің толыққанды дамымағандық сезімімен, дипрессивті күймен және жыныстық әрекеттермен сипатталады. Х.Ремшмидттің ойынша, ұқсастық дағдарысын балалық статусын жоғалтуына, биологиялық мүмкіндіктері әлеуметтік мүмкіндіктермен сәйкес келмеуіне, өз құзырлық статусына сенімсіздігіне, есейіп келе жатқан баланың ағзасындағы биологиялық өзгерістерге жауап реакция ретінде қарастыруға болады [32].

Мектептегі оқушылардың мазасыздануы үлгермеушіліктің физиологиялық себептері балалар психиатриясында және патопсихологиясында жақсы зерттелген. Ол себептерге: ақыл-ойдың артта қалуы; сезім мүшелерінің (есту, сөйлеу, дисграфия, моторлық) парциалдық ақаулары; ақыл- ойға байланысты қабілеттің бұзылуы.Тұрақты мектепте үлгерімнің төмендігі әдетте көптеген факторлардың жиынтығынан пайда болады, мысалы, бір балада тіл кемісітігімен бірге жұмыс қабілеті және моторикасының әлсіздігі болады. Бұның бәрі мидың органикалық жетіспеушілігімен, ми қызметінің минималдық қызметінің бұзылуы, орталық жүйке жүйеснінің әр түрлі деңгейдегі биологиялық жетіспеушілігінің салдарынан болады. Ондай жағдайлар ми қан айналымының жетіспеушілігі, бас сүйек- ми жарақаттарынан кейінгі бас сүйегінің ішкі қанқысымының көтерілуі ұзақ және ауыр өтетін аурулар, ми қызметін бұзатын жұқпалы аурулар (менингит, энцифалит, ревматизм) болған балалардан да болады. Жасөспірімдер жасындағы психологиялық ерекшеліктер, әсіресе жасөспірімдер дағдарысының айқын өтуі болып табылатынын атап көрсетеді.

Жасөспірімдер, белгілі болғандай, ең дағдарысты жас кезеңдерінің бірі болып табылады. Бұл жыныстық жетілумен байланысты күшті физиологиялық өзгерістермен бірге жүретін тұлғаның барлық жетекші компоненттерінің қарқынды дамуымен түсіндіріледі. Осы кезең ішінде баланың әлемге және өзіне деген барлық бұрынғы қарым-қатынасы бұзылады және қайта құрылады және өзін-өзі тану және өзін-өзі анықтау процестері дамиды. Дағдарыс кезеңінде жасөспірімде өз-өзімен, сондай-ақ қоғаммен келісушіліктер мен қарама-қайшылықтар пайда болады.

        Осындай ауытқулар мен бұзылулар төмендегідей белгілермен білінеді: бас аурулары, қозғалыс бұзылулары («гипербелсенділік»), шаршау, зейіннің тұрақсыздығы, сенсорлық тітіркендіргішті ұнатпауы (қатты шу, жарық), сабақты қабылдауының баяулығы, есте сақтау қиындығы, бір тапсырмадан екніші тапсырмаға ауысу қиындығы т.б.).

Жалпы мектептегі бақылаулар органикалық зақымданулардың зардаптары сабақ кезінде үлгерімі төмен оқушылардың тәртібінен қалай білінетінін көрсетеді. Қозғалыстары тежелмеген балалар әрқашанда ретсіз белсенділік жағдайында болады яғни жанындағы балаларға бұрылып, алаңдап кітаптарын, қарындаштарын, сызғышын, дәптерлерін жерге тарсылдата түсіріп алып отырады. Олар үнемі орнынан түрегеліп кетіп, парталардың арасынан шулай өтіп, сыныптың бір жерінен, екінші жеріне ауысып тәртіпсіздік танытады. Мұндай балалар мұғалім басқа оқушыдан сабақ сұрап жатырғанда, білсін- білмесін орнында отырып жағаласып жауап береді, өзінен алыста отырған сыныптасымен дауыстап сөйлеседі. Жұмысқа тез кірісіп кете алмайтын жайбарақаттылық осындай оқушыны сабақта оқу процесіне бірден кірісе алмауға әкеліп соқтырады, оқушы көп ескертуден кейін ғана портфелін алып шығады, бірақ кітапты немесе оқу құралдарын алып шығудың орнына, ол конфет алып шығып, оны шытырлата ашып, жанындағымен бөлісіп, тағы басқа нәрселермен айналыса отырып, мұғалімнің түсіндіріп жатқандарын өткізіп алады. Есте сақтау қабілетінің бұзылуы, кейбір сөздердің естен шығып қалуы оқушының ережелерді, есепті шығару жолдарын кейде есіне түсіріп, кейде ұмытып қалуымен білінеді, кей кездері орнында отырып дұрыс жауап та бере алады. Осындай нәтижелердің тұрақсыздығы (бірде біліп, бірде білмеу) мұғалімді «бала материалды біледі, бірақ тақтаға шыққанда  бәрін ұмытып қалып, сасқалақтап тұрады» деген алданыш ойға түсіреді. Осылайша, бас миының органикалық қызметінің бұзылуының жеңіл түрі бар оқушылар білім қорын толықтыра алмайды, өзінің есте сақтауын жаттықтырмайды, бір іспен мақсат қойып ұзақ уақыт айналыса алмайды. Нәтижесінде – бұндай оқушылар оқу бағдарламасын толық игере алмай, оқу дағдыларын меңгеру процесі бұзылып, тұрақты үлгермеушілік тез дамиды. Жасөспірімдерде құрдастарымен қарым-қатынас жасау қажеттілігі айқын көрінеді. Жасөспірімдердің құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынасын олардың тұлғалық дамуының маңызды шарты деп есептеу қажет. Қарым-қатынастағы сәтсіздіктер ішкі жайсыздыққа алып келеді, оны олардың өмірі мен қызметінің басқа салаларында ешқандай объективті жоғары көрсеткіштерді өтей алмайды.

Жасөспірімдер қарым-қатынасын субъективті түрде жеке тұлға ретінде өте маңызды нәрсе ретінде қабылдайды. Алайда, қазіргі педагогикалық үдерісті талдау көрсеткендей, оқушылардың ересек және құрдастарымен сенімді қарым-қатынас жасауға деген қажеттілігі мектепте өте жиі қанағаттандырмайды. Бұл жоғары алаңдаушылықты қалыптастыруға, өзін-өзі бағалауға барабар емес және тұрақсыз, жеке даму қиындықтарына байланысты өзіне сенімсіздік сезімін дамытуға әкеледі, өмірлік жағдайларда бағдарлануға кедергі жасайды. Бұдан басқа, қарым-қатынасқа қанағаттанғысыз қажеттілік жасөспірімнің компьютермен қарым-қатынас жасау есебінен виртуалды кеңістікте оны қанағаттандыруға итермелейді.

Осы жас кезінде басқа адам жасөспірім өмірінде ерекше орын алады және басқа жасөспірім қабылдау және түсіну арқылы өзін түсінуге келеді. Баланың физикалық дамуының құрдастары тобында қабылданған стандарттарға сәйкестігі оның әлеуметтік тануындағы, топтағы жағдайдағы айқындаушы факторға айналады.

Сондай-ақ, әрбір жас кезеңінің басында бала мен оның қоршаған шындығы, ең алдымен әлеуметтік қарым-қатынасы қалыптасатынын атап өту қажет. Бұл әлеуметтік шындық адам үшін маңызды, оның даму көзі болып табылады. Жасөспірімдер жасына балалар қауымдастығының үлкендерге үстемдігі тән. Құрдастарымен қарым-қатынас - осы жастағы қызметтің жетекші түрі. Дәл осы жерде әлеуметтік мінез-құлық нормалары, мораль нормалары игеріледі, мұнда теңдік және бір-біріне құрмет қарым-қатынасы белгіленеді. Осы кезеңде жасөспірім үшін оқу іс-әрекеті артқы жоспарға ауытқиды. Өмір орталығы оқытудан қарым-қатынас қызметіне ауыстырылады. Ең бастысы өзгереді. Онда ең қымбат, өте күшті, шұғыл. Топта өзін басқалармен салыстыруға, өз табыстары мен сәтсіздіктерін бағалауға, тиісті жағдайға ие болуға, өз әрекеттерімен құрдастарының арасында мойындауға, құрметтеуге болады.

Өз ортасында, бір-бірімен өзара әрекет ете отырып, жасөспірімдер өзіне және құрдастарына рефлексияны үйренеді. Өзара мүдделілік, бірлескен меңгеру қоршаған әлемді және бір-бірімен қарым – қатынасты салыстыру. Қарым-қатынас өте тартымдылығының нәтижесі, балалар сабақ пен үй міндеттері туралы ұмытады. Ата-аналармен байланысты, балалық шақ кезіндегі эмоциялық жағдай соншалықты тікелей бола алмайды. Жасөспірім енді балалық шаққа қарағанда ата-анасына тәуелді болуды ұнатпайды. Ол өз істерін, жоспарларын, құпияларын ата-анасына емес, досына сеніп тапсырады. Бұл ретте үзілді-кесілді түрде өз құрдастарымен дос болу құқығын қорғайды, тек кемшіліктер ғана емес, досының абыройына қатысты ешқандай да талқылаулар мен түсініктемелерге шыдамайды. Досының жеке басын кез келген нысанда, тіпті мақтау түрінде талқылау оның таңдау құқығына, оның еркіндігіне қастандық ретінде қабылданады. Құрдастарымен қарым-қатынаста жасөспірім өзінің жеке басын жүзеге асыруға, қарым-қатынас жасау мүмкіндігін анықтауға тырысады. Бұл ұмтылыстарды жүзеге асыру үшін оған жеке еркіндік пен жеке жауапкершілік қажет және ол бұл жеке еркіндікті ересектер құқығы ретінде қорғайды. Бұл ретте жасөспірім ата-анасына қатысты, әдетте, теріс позицияны алады.

Құрдастары ортасындағы жетістіктер бәрінен де бұрын бағаланады. Жасөспірімдер бірлестіктерінде даму мен тәрбиелеудің жалпы деңгейіне байланысты өздерінің ар-намыс кодекстері стихиялық қалыптасуда. Әрине, жалпы нормалар мен ережелер ересектердің қатынастарынан алынады. Алайда, бұл жерде әркім өз абыройын қалай қорғайтыны, әркімнің теңдігі мен еркіндігі тұрғысынан қарым-қатынас қалай жүзеге асырылатыны мұқият бақыланады. Бұл жерде адалдық, адалдық және сатқындық, опасыздық, бұл сөздің бұзылуы, өзімшілдік, ашкөздік және т. б. жоғары бағаланады.

Өз қатарластарының арасында өзін бекітуге бағытталған кезде жасөспірімдер жасөспірімдер тобындағы шектен тыс конформизммен ерекшеленеді. Біреуі барлығына байланысты, құрдастарына ұмтылады және кейде оны топ итермелейтін нәрселерді орындауға дайын. Топ жасөспірімді қолдайтын және оның ішкі позицияларын нығайтатын «біз» сезімін жасайды. «Біз» сезімін күшейту үшін жасөспірімдер автономды топтық сөйлеуге, автономды емес белгілерге жүгінеді; бұл жаста жасөспірімдер бір-біріне қатыстылығын атап өту үшін бір стиль мен киім түрін киюді бастайды.

Жеткіншек жасы қарама-қайшы жағдайлар, мотивтердің, құндылық бағдарларды және қылықтарының кездесу кезеңі. Ерекше "жасөспірімдер" қауымдастығына және оның белгілі бір тобына жататынын сезіну, тек бос уақытты өткізудің қызығушылықтары мен формаларымен ғана емес, сонымен қатар киіммен, тілмен және т.б. жиі ерекшеленетін, жасөспірімнің жеке басын дамыту үшін маңызды мәнге ие. Топтың нормалары мен құндылықтары адамгершілік дамуға әсер ете отырып, ол үшін жеке ретінде әрекет етеді. Бұл ретте жасөспірімдер ересектерден көмек, қорғау және т.б. күтуді жалғастырады. Бұл қарама-қайшылық, топ нормаларына бағынушылық девиантты, тәуелді мінез-құлықтың әртүрлі түрлерінің пайда болу мүмкіндігіне байланысты жасөспірімдер жасын аса қауіпті етеді.

Жасөспірімдер жасы – өмірлік құндылықтарды қалыптастыру, әлеуметтік байланыстарды кеңейту кезеңі. Ал тәуелді бала компьютермен қарым-қатынас шеңберін шектейді. Қазіргі уақытта компьютерлік ойындар көптеген балалар үшін оқу немесе достармен серуендеуден маңызды болды. Олар жасөспірімді қоршаған адамдармен қарым-қатынастан ләззат алуға әкелетін жоқ нысандарға байланыстырады. Нәтижесінде кейбір жасөспірімдерде өмірлік тәжірибенің жоқтығы, өмірлік мәселелерді шешуде инфантилизм, әлеуметтік бейімделуде қиындықтар байқалады және бұл мұндай балалардың ақыл-ой коэффициенті, әдетте, жоғары.

    Осындай оқушылардың көңіл күйлері өзгермелі болып келеді; мазасыз тынымсыз  қозғалыстан, беймазалықтан, самарқаулық, селқостық, жылауық күйге ауысады. Бір – біріне  қарма – қарсы процестердің (қозу және тежелу) бір мезгілде бірлесуі «церебральдық астения» немесе «тітіркенгіш әлсіздікті» білдіреді. Сабақ кезінде осындай балалар күтпеген жерден өте жоғары белсенді күйден («геперактивті») тыныш күйге, қатты күліп тұрып тез жылап, айқайлап балағаттап, жанындағыларға жағымсыз әсер етуге дейін барады. Олар  ұзақ уақыт оймен жұмыс істеуді көтере алмағандықтан, сабақта тез шаршап, сабақтың соңына қарай ашулана бастайды да, оқу жаттығуларын орындаудан бас тартады. «Тітіркенгіш  әлсіздіктің» (раздражительная слабость) екінші жағы өзінің еркін, мінезін басқара алмауы болып табылады. Мұндай оқушы үй тапсырмаларын шаршағандықтан ғана емес, өзінің еркіне, мүмкіндіктеріне күш салғысы келмейтіндіктен орындамайды. Өмірде мұндай жағдайлар көбінесе «жалқаулық, еріншектік» деп аталады. Өзін-өзі бақылай алмайтын, қозғалысы жылдам, шапшаң балалар мектепте үнемі жанындағыларды қағып-соғып, жүгіріп жүреді, басқа балалармен тез ренжіседі, қыздардың шаштарынан тартып, қағаз шайнап, түкіріп, айқайлап жүреді. Сау оқушылардың анда-санда кездесетін  тәртіпсіздіктерінен айырмашылығы, бас миының органикалық ақаулары бар балаларда жоғарыда айтылған белгілер негізінен жекеленген күйде емес, біріккен күйде жиі білінеді.

Жоғарыда айтылған ой-тұжырымдарды зерделей келе, келесідей қорытынды шығаруға болады:  мектептегі оқушылардың уақытты тиімді пайдаланбауы көбінесе білімді игеруге, оқу дағдысын дамытуға, шығармашылық әрекетінің қалыптасуына және танымдық қатынасындағы тәрбиелікке қойылатын мектептің міндетті талаптарына оқушылар дайындығының сәйкес келмеуінен деп айтуға болады. Ол оқу үдерісімен және оның мазмұнымен тікелей байланыста болатын оқудың нәтижесінен білінеді және ол арнайы көрсеткіштермен анықталады.  Ал, оның себептері көптеген сыртқы және ішкі жағдайларға байланысты болатын себептердің жиынтығынан құралатындығы көрсетілген. Жоғарыда атап көрсетілген физиологиялық, психологиялық факторлар және оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру жағдайлары мен отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері – үлгерімнің төмендігінің пайда болуында жетекші роль атқаратындықтары белгілі болды.

Сенімсіздік пен қорқыныш балада тіпті дене және жанының бірлігін жоғалтып алудан қорқыныш сезімін тудыратындай деңгейге жетуі мүмкін, сондықтан «жеткіншектер көбіне мінез-құлықтық ритуалдар ойлап табады» (Х.Ремшмидт).

Д.И.Фельдштейн жеткіншектердің толығымен жаңа психикалық күйін дифференциалды талдап қарастырды, ол өсіп келе жатқан адамның өзн қоршаған өмірде тұлға ретінде бекітіп, қарым-қатынаста өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру қажеттілігімен анықталады [33]. Мұның барлығы психикалық тұрғыды түрлі шарттарды анықтап, толық сипаттауға мүмкіндік береді, яғни жеткіншек даму дағдарысының 3 кезеңі болады. Д.И.Фельдштейн бірінші кезеңді «локальді – еркелік» деп атады. Ол 10-11 жасар жеткіншектің ұмтылысы ересектер тарапынан оның маңыздылығы мен мәнділігін белгілі тапсырмалар орындау арқылы мойындату қажеттілігінде көрініс береді, сондықтан локальді деп аталады, ал еркелік деу себебі, жеткіншек әрекеттерінде ситуативті-шарттандырылған эмоциялар басым болады. Өзімен-өзі болуға мұндай эмоционалды байытылған ұмтылыс әр балада әр түрлі деңгейде көрініс береді, ол мотивациялық құрылымдарда көрінісін табады. 10-11 жасар жеткіншектер олардың есейгендігін өзгелердің мойындауына қол жеткізуге тырысады [34].

Арнайы ұйымдастырылған жағдайлардағы балалардың мінез-құлқы мен қатынасын бағалау нәтижелері көрсеткендей, жеткіншектердің өзімен-өзі болуға ұмтылысының жоғарылауы тек ересектер олардың белгілі құқықтарын түсінуіне қол жеткізу тілегіне байланысты емес, сонымен қатар, олардың әлеуметтік-құпталған істерді, нақты тапсырмалардың маңыздылығын түсіну мен орындауға негізделеді [35].

Д.И.Фельдштейн екінші кезеңді «құқықтық-мәнді» деп атады. 12-13 жасар жеткіншек белгілі істер жасау мен шешім қабылдауға қатысуымен қанағаттанбайды, жеткіншекте қоғамдық мойындау қажеттілігі пайда болады, отбасындағы, қоғамдағы құқықтары мен міндеттерін игеру жүреді, «мен қалаймын» деңгейінде емес, «мен жасай аламын», «мен жасау керекпін» деңгейіндегі ересектікке ұмтылы қалыптасады [36].

«Бекітілген-нақты» деп аталатын үшінші деңгейінде, 14-15 жасар жеткіншекте ересектік өмірде тіршілік етуге дайындық қалыптасады, ол өз мүмкіндіктерін қолдануға, өзін көрсетуге ұмтылыс туғызады, өзін-өзі анықтау мен өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру қажеттілігін күшейтеді.

Демек, жеткіншектік кезеңді оның негізгі көрсеткіші – психикалық күйінің өзгеруі негізінде зерттеу тек кіші және ересек жеткіншекді қарастыруға ғана емес, сонымен қатар, олардың деңгейлеп дамуының күрделі динамикасын ашуға мүмкіндік береді.

Жеткіншектің мінездемесіндегі маңызды құбылыс – оның жаңа әлеуметтік позициясы – өз «менін» саналы түрде түсінуі. Бұл өзін-өзі бағалауда және құрдастарымен, ересектермен қарым-қатынаста жүзеге асады. Өз тұлғасына көп көңіл бөлушілік, өзінің жекелік қасиеттерін түсіну мен бағалау қажеттілігі бірнеше шетелдік псхологтармен біржақты түсіндірілді, олар бұл шынайылықтың шегінен шыққандық көбіне эгоизм, эгоцентризм, аутизммен қатар жүреді деп түсіндірді. Дегенмен, жеткіншектің өзін-өзі қадағалау, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі жетілдіру қажеттіліктері жай үстіртін қызығушылық емес және мақсатсыз өз ішкі дүниесіне үңілу ретінде көрініс бермейді, ол өз жетістіктері мен кемшіліктерін талдау, өз мақсаты мен іс-әрекетінде ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін түсінуге ұмтылу, неге қол жеткізіп, неден бас тарту керектігін ұғыну сияқты моральді қажеттіліктерден туады. Яғни, өзіне деген қызығушылық тұлға қасиеттері ашыла түсетін өмір мен әрекеттер қажеттілігінен туады. Жеткіншек жаста көрініс беретін жалғыз қалғысы келу қажеттілігі туралы айтсақ, ол жалғыздыққа ұмтылыс емес, ол ойлану мен өз ойларын тұрақтандыру үшін жағымды жағдайлар жасау қажеттілігінен туындайды. Бұл кезеңде құрдастарымен қатынасы қиындайды [37].

Жеткіншек достық қарым-қатынасты қажет етеді, себебі тек достықта шынайы теңдік болуы мүмкін. Бірақ, бақталастықтың кесірінен дау-жанжалдар тууы мүмкін. Көбіне жеткіншектер олардың беделі мен өзін-өзі бағалауына нұқсан келтіретін адамдарға қатысты агрессивтілік танытады, яғни, психикалық қорғаныс механизмі іске қосылады да, ол агрессияда көрініс береді. Негізінде мұндай жеткіншектердің өзін-өзі бағалауы төмен, мазасыздануы жоғары, олар өзіне сенімсіз, шүбәланғыш келеді.

Жеткіншектер оларға деген ересектердің қатынасына сезімтал келеді, ересектердің берген бағасы олардың өзін-өзі бағалауына үлкен әсер етеді. Бұл әсер оң да, теріс те болуы мүмкін [38].

Мектептегі дау-жанжалдар кейін түзету қажет болатын мінез-құлық бұзылуларын туғызуы мүмкін, мысалы, «мектеп фобиясы» оның астарында мектептен қорқу,сабақтан қашу жағдайында кемсіту мен кекесіннің болуынан қорқу жатыр. Ал отбасы мен үй оң фактор ретінде қабылданады , жеткіншек дезадаптациясына себеп болады. Бұған бірнеше себептер бар: күрделенген психикалық жағдайлар (үйдегі қолайсыздықтар, ұрыс-керістің орын алуы, дау-жанжалдар т.б.), ата-анасының білімі мен экономикалық жағдайы. Жеткіншек дезадаптациясына мектептен кету де себеп болуы мүмкін. Мұндай жеткіншектерде әлеуметтік мінез-құлық пен жеке тұлғалық бұзылулар орын алуы мүмкін. Оған себеп ретінде тұлға қалыптасуының бұзылыстары, көңіл-күйдің төмендігіне бейімділік, өзін-өзі бағалауының төмендігі нәтижесінде өзіне сенімсіздік пен жоғары деңгейдегі мазасыздану болуы мүмкін [39].

Ш.Бюллер жасөспірімдік кезеңде 2 фазаны бөлектеп көрсетті: оң және теріс. Жеткіншектік шақ теріс фазаға жатады, оның сипаттаушы белгілері: мазасыздану, ашушаңдық, агрессивтілік, мақсатсыз жанжалдар және физикалық және психикалық мүмкіндіктерге сай келмейтін өзімен өзі болуға ұмтылыс. Ш.Бюллер пікірінше, бұл фаза қыздарда 11-13 жаста, ер балаларда 14-16 жаста басталады екен [40].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет