Тақырып Тақырып ауа-тамшылы инфекциялар, экзантема синдромынсыз, Көкжөтел



бет7/8
Дата12.09.2020
өлшемі23,99 Kb.
#78254
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
КӨКЖӨТЕЛ ПАРОТИТ 5-6 лекц
Фарм 2 лекция (1), Фарм 2 лекция (1), Балалардың ИНФ Ауру 2020 3-4, ИнфекцияБАЛА 2020, ИнфекцияБАЛА 2020, ИнфекцияБАЛА 2020, Анатомия, Анатомия
Этиотропты ем;
Антибактериальды емге көрсеткіш:
катарльды период кезінде және ағымы 3-4 аптадағы спазмдық жөтел периодында тағайындалады;
бастериальды асқыну кезінде антибактериальды ем соңғы кезеңінде тағайындалады; спазматикалық период кезінде антибиотик эффективті емес;
келесідей антибиотиктер тағайындалады: макролидтер (сумамед, ровамицин, рулид, эритромицин), II қатардағы цефалоспориндер (цефуроксим), ампициллин, левомицетин жасына сай дозировка;
ем курсы 7-10 күн
Патогенетикалық ем:
Жеңіл және орташа ауыр формадағы науқастарға кіші транквилизаторлар (ішке седуксен, реланиум, тазепам), тұнба немесе валериян тамырының қайнатпасы, пустырник, ауыр дәрежелі формадағы науқастарға — фенобарбитал, седуксен немесе реланиум перентеральды тағайындалады;
Гипоксия немесе гипоксемияға қарсы күрес ретінде оксигенотерапия тағайындалады. Апноэ кезінде мұрыннан және ауыз-жұтқыншақтан шырышты сорып алып, жасанды тыныс беру.
антигистаминді препараттар: димедрол, дипразин, супрастин және т.б. қалыпты дозировкада.
Ауыр жағдайларда жоғарғы эффект үшін кортикостероидтар қолданады, преднизалон 1,5-2 мг 1 кг салмаққа, күніне, ұзақтығы 7-10 күн.
Препараттар , жұмсақ қақырықты жібітетін және сыртқы тыныс алу функциясын жақсарту үшін – протеолитикалық ферменттермен аэрозольды ингалациялар (трипсин, химотрипсин) және спазмолитиктар (эуфиллин, эфедрин).
Режим және күтім.
Таза ауада көп серуендеу, ол ОЖЖ тыныштандырады және спазмдық жөтел ұстамаларды азайтады.
Спазмдық жөтел ұстамаларын шақыратын сыртқы қоздырғыштардан қорғану,керек емес емдік манипуляциялардан, ауыз – жұтқыншақ тексерулерінен сақтану.
Науқастарға толық витаминизирленген тағам көрсетілген.
Жиі құсу кезінде баланы емізу
Көкжөтелдің профилактикасы (алдын алу шаралары)
Эпидемияға қарсы шаралар
Көк жөтелмен ауыратын балаларды ауру басталған сәттен бастап 25-30 күн аралығында ұжымнан шектеу қажет.
7 жасқа дейінгі балалар үшін, бұрын контактіде болған және көкжөтелмен ауырмаған, егілмеген балаларға соңғы рет науқаспен контактіде болған сәттен бастап 14 күнге карантин жарияланады.
Көкжөтелмен ауыратын науқас үйінде емделген кезінде, олармен бірге контактіде болған көкжөтелмен ауырмаған 7 жасқа дейінгі балаларға, бірінші ауырған балаларда жөтел пайда болған сәттен бастап 25 күнге дейін алшақтату керек.
Көкжөтелмен ауырған және 7 жастан жоғары балалар мен ересектер ,балалар мекемесіндегі қызметкерлер алшақтатылмайды, бірақ, ауырғандарда жөтел пайда болғаннан бастап 25 күн аралығында медициналық бақылауда болады.
Қорытынды дезинфекция жүргізілмейді.
Ошақта жалпы профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі (желдету, ыдыстарды, мұрын орамалдарын және т.б залалсыздандыру).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет