Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары (тұлғаара-лық қатынастар атмосферасы, қарым-қатынас стилі, педагоги-калық әдеп және т.б.)



бет156/340
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#88553
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   340
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары (тұлғаара-лық қатынастар атмосферасы, қарым-қатынас стилі, педагоги-калық әдеп және т.б.).Педагогикалық қолдауда педагогикалық әдепте негізгі орын алады. Әдеп - этиканың зерттеу нысаны, қоғамдық сана-сезімнің формасы және жеке тұлғаның өзіндік бағасын анықтауға бағытталған қоғамдық қарым-қатынастың бір түрі. Әдеп дегеніміз – адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайы болу, жұмсақ сөйлеу және оқыс қылықтардан аулақ болу. Яғни бір кісінің басқа кісілермен инабатты түрде қарым-қатынас жасауы және сөйлеген сөздері мен істеген істерінде, көрсеткен қылықтары мен жасаған әрекеттерінде сыпайы, мәдениетті болуы әдептіліктің нышаны болып табылады.
Әдептілік турашылдық, ізеттілік талаптарының бұзылуына, өзін-өзі орынсыз ақтауға қарсы тұру тілегі, ұялу сезімі, адамдарға қайырымдылық, мейірбандық көрсету, қанағатшылдық, өзін басқаның орнына қоя білу мәрттігі, адамдарды жақсы көріп қана қоймай, оларға қызмет қылу тілегі, қайырлы іс істеуге, жамандыққа қарсы тұруға ұмтылу, кішіпейілділік, кешірімділік, пәктік, өзінің ғана емес, өзге-лердің де тілектерін құрметтеу, ұқыптылық, тазалық т.б. сияқты ұғымдарды қамтиды.
Қарым-қатынас стилі– мұғалім мен оқушы арасындағы бір-лескен шығармашылық іс - әрекеттер, білім, білік дағды, тәлімдік тұрғыда алмасуы, мұғалімнің бағалаушылық әрекетіндегі табысты-лығы қамтылады.
Педагогикалық әдеп - мұғалімнің педагогикалық үдерістегі іс - әрекетінің, қарым–қатынастағы мәдениеттілігі, әділеттілігі, адалдығы т.б., адамға тән рухани-адамгершілік құндылықтардың бойынан табылуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет