Тексерген: Жанатаев Д. Ж. Алматы 2020 жоспар


Қазіргі заман философиясындағы иррационалистикалық — гуманистік бағыт



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі81,6 Kb.
#95585
1   2   3   4   5
Байланысты:
ББ (2
0003b964-e2f0b276, Күзенбердиева Р. КУРС. музыка 6 сынып, Орыс халқының
Қазіргі заман философиясындағы иррационалистикалық — гуманистік бағыт

Иррационалистикалық тұрғыны қазіргі заман философиясының көптеген мектептері және бағыттары қолдайды. Осы көзқарастардың арасында ең маңыздыларының біріне өмір философиясы жатады. Бұл философиялық бағыт XIX жэне XX ғғ. негізінен Германия мен Францияда қалыптасты. Оның негізін жасаған Артур Шопенгауэр (1788-1860) адам өміріндегі және әлемдегі ойлы-ақыл шамалы ғана, тек қана техникалық роль атқарады деп есептеді. Негізінен өмірдің маңызды үдерістері зерденің қатысуынсыз өтеді. Адам тіршілігіндегі әлем ақылсыз, былыққан, және де оны әйтеуір бір реттілікке ойлыақыл емес, «әлемдік ерік» ғана келтіре алады. Шопенгауәр тек жаңа философияның негізгі идеяларын көрсетті, ал оның жан-жақты дамуын Фридрих Ницшенің (1844-1900) ерік философиясынан көруге болады. Енді осыны және осы тектес мектепттердің негізгі идеяларын қысқаша қарап шығамыз.
Фридрих Ницшенің ерік және билік философиясы мына шығармаларында баяндалды. «Заратуштра дәл осылай сөйледі», «Жақсылық пен жамандықтың ар жағында», «Өнегелік генеалогиясы», «Билікке деген ерік», «Антихристиан және басқалары».
Біріншіден, Ницше қоршаған әлемді «өмірдің былыққан селі», белсенді тіршілік универсумы ретінде бағалады. Өмір — бұл материя және рух, болмыс және сана болып бөлінудің алдында болған бірінші нақты шындық (субстанция). Ол жеке даралықта және адамдардың қайталанбайтын қарекеттерінің түрлерінде іске асатын болмыстың мәңгілік принциі. Өмірде ойлыақыл, сана тек қана сыртқы ортаның қиратқыш ықпалдарынан қорғайтын болмашы, бағынышты роль атқарады. Негізінен адамның барлық әрекеттерін ынталандыратын, сол әрекеттердің мазмүнын анықтаушы, тіршіліктің санасыз әуестіктер сферасы болып табылыды.
Екіншіден, «өмірге деген ерік» негізінде Ницше «билікке деген ерік» концепциясын дамытты. Барлық бардың негізі ретіндегі ерік ұғымын ол Шопенгауэрден алды, бірақ онда ол ұғым абстрактылы «әлемдік ерік» туралы емес, анық та, айқын ерік — билікке деген ерік. Әлемнің негізгі заңы, Ницшенің түсінуінде ықпал жасауға, үстемдікке тоймайтын ерік. Ол осімдікте, және жануарлар әлемінде де бар. Билікке деген ерік — бұл, әлемнің терең қойнауларына қойылған «жаны» іспеттес. Әлем — бұл, басқалардан артықшылықты қажет ететін билік үшін күрестің аренасы. Мансапқорлық әр түрлі дәрежеде болғанмен органикалық түрде адамдардың бәріне тән.
Адамның нағыз болмысы тек түрақты қозғалыс және қалыптасу, ұдайы шығармашылық. Философтың пікірі бойынша адамның кез-келген қарекеті — «мансапқорлық тегінен». Қоғамдағы әділетсіздік және езгі абсолютті табиғи, өйткені олар билікке деген әртүрлі ұмтылыстардың қиылысуынан және құдіретті күштіліктің кеңейуінен туады. Билікке ұмтылу адамның өзгермейтін ішкі мәні.
Үшіншіден, Ницше адамның ең жақсы үлгісін өз табиғатының әлсіз жақтарынан азат болған асқан тұлға деп есептеді (супермен). Асқан тұлға идеясы Ницше есебінде адамды әлсіз, көнгіш және қорлаған догматтық христиандыққа қарсы неміс философының өзгне тән реакциясы болды. Адамдағы болған барлық жақсылық, философтың айтуынша, христиандықпен жойылған. Ол әрқашанда әлсіздер жағында болды, ол адамдарда жабысып әлсіздікті өсірді және үрей сезімін өсіре отырып олардың күшін өлтірді. тардың Адам туралы христиандық идеадан айырмашылығы, Ницше үшін адам — өктемшіл, күшті жан иесі. Ол былай деп жазды: «Құдай өлді», өйткені бұндай Құдайға сенім көрсетіп назар аударуға тұрмайды, бірақ Құдайға деген сенім болу тиісті, сондықтан — «Мейлі Құдай өмір сүрсін», бірақ әлсіз құлдардың құдай емес, бәрі қолынан келетін күшті супермендердің Қүдайы» Ницшенің бұл ойлары кейіннен неміс фашизмі қолданған болатын, бірақ философ неміс ұлтын өзге ұлттардан артықшылықтары бар деп ешуақытта айтқан емес.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет