Трансформациялық әдіс құрылымдық лингвистика негізінде тіл мәселелерін шешу тәсілдерін іздеу нәтижесінде келіп шықты. Бұл әдіс кез келген конструкцияның, соның ішінде тұтас бір сөйлемнің де семантикалық құрылымын талдауға мүмкіндік туғызды. Аталмыш әдістің нәтижесінде әрбір синтаксистік конструкция семантикалық байланыстың әр түрін көрсете алатыны және әртүрлі синтаксистік конструкция бір мағынаға ие бола алатыны іс жүзінде дәлелденді. Трансформациялық талдау негізінде
сипаттаудың жаңа бір түрі пайда болды, ол бір тілдегі сөйлемнің барлық жиынтығын сипаттауға мүмкіндік беретін конструкциялық тәсілді дамытты. Трансформациялық әдіс лингвистикалық зерттеулердің дәлдігін жоғары дәрежеге көтерді. Зерттеу барысында информанттарды қолданса, тәжірибенің шынайылылығы мен құндылығы одан сайын арта түседі. Дегенмен де бұл әдістің де кейбір кемшіліктері бар. Олар:
Дәстүрлі лингвистикадағы сияқты конструкцияларды талдау жеке сөйлемдер деңгейінде ғана жүзеге асады. Сонымен қатар екі жақты мағына мәтінде өзінің екі жақтылығын жояды, ал бір пропозицияның мүмкін варианттарының саны тек қана дискурста немесе сөйлемде анықталады.
Белгілі бір конструкцияға байланысты трансформация тізімін зерттеуші күні бұрын емес, тек қана өз интуициясы негізінде анықтай алады, мүмкін болған жағдайда тіл иелері – информанттардың көмегімен нақтылай алады.
Трансформациялық ережелерді қатаң сақтау кейбір қиындықтарды туғызады.
30Суперсегменттік фонетика теориясы
Фонология нысанындағы тілдік бірліктер
Суперсегментті және сегментті болып екіге бөлінеді: Суперсегментті деңгейде, яғни дыбысталудың үстінен түсетін дауыс ырғағы,екпіні мен әуендік ұйымдасуына қатысты просодема, интонема бірліктері болса, сегментті деңгей А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің фонологиялық жүйесіндегі фонемалар оппозициясы лингвалды (жуан/жіңішкелік) сингармонизм құбылысына негізделгендігін алғаш рет ғылыми тұрғыдан ашып көрсеткен.
Дұрысы, жазудан гөрі айту әлдеқайда маңызды. Басқаны айтпағанда, әрбір адам алдымен сөйлеуді үйренеді де, содан соң жазуға көшеді. Олай болатыны, сөздің өмір сүру формасы - дыбыс. Әріп – сол дыбысқа берілген шартты таңба.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі тек сегментті фонетиканың аясында емес суперсегментті фонетика тұрғысынан да зерттеліп жатыр. Суперсегментті фонетика дегеніміз сөйлеу тілінің интонациялық жүйесін, оның қызметін, бірліктерін, компоненттерін (әуен, қарқын, интенсивтілік, ырғақ, екпін, ұзақтылық, дауыс реңкі т.б.) тіл білімінің басқа салаларымен (синтаксис, семантика) байланысты қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |