Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы


Тiлдiк дамудың басым бағыттары мен Бағдарламаны iске асырудың тетiктерi



бет6/8
Дата23.10.2020
өлшемі129,5 Kb.
#70923
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

5. Тiлдiк дамудың басым бағыттары мен Бағдарламаны iске асырудың тетiктерi

5.1. Тiлдiк дамудың басым бағыттары


   Жоғарыда аталған үш функционалдық-лингвистикалық топ үшiн дамудың басым бағыттары алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерден туындай отырып, қалыптасады. Осылайша, басымдықтарды таңдау олардың әрқайсысы үшiн заңмен айқындалған әлеуметтік қызметтермен тiкелей байланыста болады. Басымдықтар сатылық тәртiппен тiзбектеледi:

   1-басымдық

   Нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету.

   2-басымдық

   Мемлекеттiк тiлдi мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот ісiн жүргiзу, іс қағаздары салаларында, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi мен құқық қорғау органдарында, халықаралық қызметте дамыту.

   3-басымдық

   Бiлiм беру және тiлдердi оқыту салаларындағы тiлдiк даму.

   4-басымдық

   Тiлдiк дамуды ғылыми қамтамасыз ету.

   5-басымдық

   Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету салаларында тiлдiк даму.

   Нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету

   Тiлдердi дамытуды құқықтық қамтамасыз етудегi маңызды мiндеттердiң бiрi қызметi тiкелей әлеуметтiк коммуникация барысында iске асатын қоғамдық өмiрдiң бiрқатар салаларының қызметкерлерi үшiн мемлекеттiк тiлдi меңгеруге қатысты бөлiгiн әзiрлеу мен талаптарын нормативтiк тұрғыдан бекiту болып табылады. Бұл ең алдымен, мемлекеттiк қызмет, денсаулық сақтау, бiлiм беру, ғылым, мәдениет, халыққа қызмет көрсету, көлiк, байланыс салалары. Осыған байланысты мемлекеттiк тiлдi белгiлi бiр көлемде және бiлiктiлiк талаптарына сай білудi қажет ететiн кәсiптер, мамандықтар мен лауазымдар тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) заңмен айқындалуға тиiс. Аталған Тiзбе "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының үшiншi бөлiгiне сәйкес Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленедi. Жекелеген кәсiптерге, мамандықтар мен лауазымдарға қатысты нормативтiк талаптардың күшiне ену уақыты саралануға тиiс. Осылайша, мемлекеттiк тiлдi меңгеру бөлiгiнде талаптардың күшіне ену процесi жекелеген лауазымдар үшiн кезең-кезеңiмен жүргiзiледi, мұның өзi қажеттi бейiмделу кеңiстiгiн жасауға мүмкiндiк бередi. Оның үстiне, Тізбені түзу процесi жаңа кәсiптердiң, мамандықтар мен лауазымдардың бiртiндеп қосылуын көздеуi қажет.

   Тiлдi дамытудың ынталандыру сипатындағы қосымша шаралармен нығайтылмаған қасаң әкiмшiлiк әдiстерiнiң жеткiлiктi түрде тиiмдi бола бермейтінін практика көрсетiп отыр. Сондықтан бұйрық мәндi шаралармен қатар ынталандыру әдiстерiн де кеңiнен енгiзу қажет. Өз жұмысында мемлекеттiк тiлдi қолданатын мемлекеттiк органдар, ұйымдар мен мекемелер қызметкерлерiн материалдық ынталандыру жөнiндегi шаралардың тиiмдi жасау үшiн құқықтық негiздер әзiрлеу қажет. Аталған мәселенi шешу мемлекеттiк тiлдi меңгеру үшiн неғәрлым пәрмендi тетiктердiң бiрi болуға тиiс.

   Сонымен қатар, тiл заңдарының бәзылуына кiнәлi тұлғаларды жауапқа тарту туралы мәселе іс жүзiнде шешудi талап етедi. Оның негiзгi ережелерiн бұзғаны үшiн пәрмендi санкциялар жүйесiн әзiрлеу қажет.

   Тiл саласындағы қатынастарды реттеушi заңдарды одан әрi жетiлдiру тiл құрылысының өзектi талаптарына негiзделуi қажет. Бұл мемлекеттiк ұйымдарда аудармашылық қызметтi реттеудiң құқықтық тетiктерiн әзiрлеудi талап етедi. Мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi нормативтiк құқықтық актiлер мәтiндерiнiң дәлме-дәл сәйкестiгi мен оларды ресми практикада қолдану тәртiбi туралы мәселе де нормативтiк реттеудi қажет етедi. Қабылданатын нормативтiк құқықтық актілердiң тiл туралы заңдардың талаптарына сәйкес келуiне назар аударған жөн.

Тiл - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында

   Мемлекеттiк тiлдiң мемлекеттiк органдар жүйесiнде қолданылу аясын одан әрi кеңейту кадрлардың тиiстi тiл даярлығын талап етедi, ол уақыт өте келе бiлiктiлiк талаптары мен қызметтiк мiндеттерiне қарамастан мемлекеттiк қызметшiлердiң күллi санаттары үшiн мiндетті болуға тиiс. Осы мақсатта мемлекеттiк қызметшiлер үшiн бiрыңғай оқу-әдiстемелiк бағдарламаға негiзделген оқыту курстарының орталықтандырылған жүйесiн жасау қажет. Мәндай курстарды түзуде Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң жанындағы Республикалық мемлекеттiк тiлдi жеделдетiп оқыту орталығы базалық ұйым бола алады. Сонымен бiр мезгiлде арнаулы кестеге сәйкес мемлекеттiк қызметкерлердiң әрбiр санаты үшiн мемлекеттiк тiлдi белгiлi бiр көлемде меңгеру бөлiгiндегi мiндеттi талаптарды әзiрлеу керек. Осы кесте мемлекеттiк тiлдi оқыту курстарының жұмыс бағдарламаларының, аталған талаптардың қызметкерлердiң ағымдағы лингвистикалық даярлығының деңгейiмен сай болуы үшiн сәйкестендiрiлуге тиiс.

   Құжат мәтіндерiн мемлекеттiк тiлде даярлаудың орнына оларды ресми қолданылатын тiлден аударудың кең тараған тәжірибесiнiң мемлекеттік органдар жұмысында одан әрi беки түскен үрдiсi белең алып барады. Соған қарамай, ол тек уақытша шара ретiнде ғана қарастырылуға тиіс. Сондықтан мемлекеттiк органдарда құжаттамаларды тiкелей мемлекеттік тілде жасауға кезең-кезеңiмен көшудi орталықтан бекiтiлген ұзақ мерзiмдiк жоспарға сәйкес нақты жүзеге асыру керек. Бұл ретте мемлекеттік тiлдiң тек iс қағаздарын жүргiзу саласында ғана емес, мемлекеттік органдар актiлерiн әзiрлеу мен қабылдау саласында да қолданылу мәселесiне назар аударған жөн.

   Мемлекеттiк тiлдiң республиканың Қарулы Күштерiнде қолданылу мәселесін атап айту айрықша қажет. Тарихи қалыптасқан жағдайларға орай аталған салада мемлекеттiк тiлдiң қолданылуы "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңның 12-бабының талаптарына толық жауап бермейдi. Ал елiмiздiң Қарулы Күштерiнде оның толыққанды қолданылуы Ұлттық қауiпсiздiктi нығайту мәселесi де болып табылады. Сондықтан офицерлiк және сержанттық-сарбаздық құрамның мемлекеттiк тілді меңгеруiнiң мiндеттi талаптарын белгiлеу қажет. Аталған талаптардың табысты іске асуы үшiн ерекше бағдарлама бойынша арнаулы жоспарға сәйкес әскери қызметiн өтеу орындарында мемлекеттiк тiлдi тұрақты оқытуды ұйымдастыру қажет.

   Мемлекеттiк егемендiктiң аса маңызды атрибуттарының бiрi ретiнде мемлекеттік тiл елдiң халықаралық қызметiнде лайықты көрiнiс табуы керек. Ресми халықаралық кездесулер мемлекеттiк тiлде жүргiзiлуге тиiс.

Білiм беру және тiл оқыту салаларында тiлдiк даму


   Тiл дамуын табысты жүзеге асырудың неғұрлым маңызды шарттарының бiрi қоғамдағы жалпы мәдениеттiң құрамдас бөлiгi болып табылатын тiлдердi оқытудың толыққанды жүйесiнiң тұрақты қызмет етуiн ұйымдастыру мен қамтамасыз ету болып табылады. Аталған жүйе түрлi деңгейлерде және әр түрлi нысандарда жүзеге асырылатын өзара байланысты сабақтас және мүмкiндiгiнше үздiксiз процесс болуға тиiс. Қазіргі уақытта Бұл саладағы негiзгi назар жеткіліктi көлемде лингвистикалық даярлықты жүзеге асырудың неғұрлым оңтайлы әрi табиғи жолы болып табылатын әр түрлi оқу және тәрбие мекемелерiне аударылып отыр. Талап етiлетiн бiлiм мен дағдыны толық әрi терең игеру үшiн қажеттi үздiксiздiк принципi оқытуды мектепке дейiнгi тәрбие мекемесi - мектеп - жоғары (орта арнаулы) оқу орны классикалық схемасы бойынша құрған жағдайда ғана қамтамасыз етiлуi мүмкiн. Алайда аталған модель оның жоғары сапалық көрсеткiштерi бола тұра, талап етiлетiн сапалық аспектiнi, яғни халықтың әр түрлi әлеуметтiк топтарын кеңiнен қамтуды толық көлемде қамтамасыз ете алмайды. Осыдан барып, республика азаматтарының тiлдiк даярлығын жүзеге асырудың басқа да жолдары мен тәсiлдерiн iске асыру қажеттiгi туындайды.

   Балалар әлеуметтiк коммуникациялардың алғашқы дағдысын құрдастарымен араласу кезiнде алатынын ескере отырып, олардың бастапқы тiл даярлығында мектепке дейiнгi мекемелер зор рөл атқаруға тиiс. Сондықтан олардың санын көбейту жөнiнде мүмкiн болатын барлық шараларды қолдану керек. Атап айтқанда, қазақ тiлiнде оқытатын мектепке дейiнгi мекемелер жүйесiн кеңейтуге назар аударған жөн.

   Тiл даярлығын ұйымдастыруды қамтамасыз етуде жалпы бiлiм беретiн мектептер үлкен мүмкiндiктерге ие болып отыр. Бұл жерде маңызды проблемалардың бiрi оқушыларды отандық оқулықтардың жаңа буынымен қамтамасыз ету болып табылады. Бiрiншi кезекте Бұл қазақ тiлiнде оқытатын сыныптарға қатысты. Бүгiнгi таңдағы оқулықтар өзбек, ұйғыр және басқа тiлдердегi ұлттық мектептерге де қажет. Қазақстанның әлеуметтiк-мәдени жағдайына бейiмделген орыс тiлiндегi оқулықтар шығаруды ұйымдастыру қажет.

   Оқу орындары түлектерiнiң мемлекеттiң әлеуметтiк кеңiстiгiне одан әрi табысты кiрiгуi мақсатында оқыту тiлi мен меншiк нысанына қарамастан, барлық оқу орындарында жетекшi пән болуға тиiс мемлекеттiк тiлдi оқытудың саны мен сапасына көңiл бөлу керек. Бұған қажеттi сағат саны басқа тiлдердiң есебiнен емес, оқу процесiн жалпы оңтайластыру нәтижесiнде бөлiнуге тиiс.

   Мемлекеттiк тiлдiң бастауыш, орта және жоғары кәсiптiк бiлiм беру жүйесiндегi жағдайы одан әрi де жақсартуды талап етедi. Бұл жекелеген пәндердi оқыту сапасымен қатар, олардың санына да қатысты. Елдiң бастауыш, орта және жоғары оқу орындары ұсынатын қазақ тiлiнде оқытылатын мамандықтар шеңберi мүмкiндiгiнше шаруашылық, мәдени, қоғамдық және басқа да қызметтер саласын қамти отырып, жоспарлы түрде кеңейтiлуге тиiс.

   Тiлдердi тиiмдi меңгеру саласындағы мүмкiндiктердi кеңейту мен тереңдету үшiн дәстүрлi оқу орындарындағы оқытумен қатар кейбiр басқа әдiстерде керек екенiн тәжiрибе көрсетiп отыр. Бұл, атап айтқанда, халықтың түрлi оқу орындарында оқу мүмкiндiгi жоқ ересек тобына қатысты. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруi үшiн қажеттi ұйымдық, материалдық және техникалық жағдай жасау туралы Конституцияның 93-бабының талабы аталған топқа да қолданылуға тиiс. Өз бетiмен оқып-үйренуге арналған теле- және радио хабарлар, газеттердегі арнаулы жарияланымдар сияқты қазақ тiлi сабақтарын өткiзудiң түрлi нысандары кеңiнен енгiзiлгенi дұрыс.

   Алайда, Бұл жерде басты бағыт мемлекеттiк тiлдi жеделдетiп оқытуға арналған тегiн тiл курстарының жүйесiн ұйымдастыру мен қолдану болуға тиiс. Мұндай курстар жұмыс орындарында арнайы нормативтiк актiге сәйкес құрылғаны жөн. Курстарда оқудың нәтижелiлiгiне мүдделіліктi арттырудың тиiмдi тетiктерiн әзiрлеу керек. Курстарда оқудың нәтижесi қызметкердiң негiзгi кәсiби қызметiнiң нәтижелерiмен бiр деңгейде қаралуға тиiс. Аталған ереже тiл туралы заңдардың талаптары қолданылатын қоғамдық қызмет салалары үшiн мiндеттi болуға тиiс. Мұндай курстар сонымен қатар түрлi деңгейдегi әкiмияттарда ашылып, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылуы мүмкiн. Курстарды ұйымдастыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшiн қосымша қаржылай қолдау Қазақстан халықтары тiлдерiн қолдау қорын құрудың нәтижесiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.

   Қолданыстағы заңдарға сәйкес ресми пайдаланылатын тiлдiң қолданылуы қоғамдық өмiрдiң барлық саласында iс жүзiнде тұрақты болып отыр және мемлекеттiң күш-жiгерi бұл жерде осы жағдайды қолдауға бағытталуға тиiс.

   Қазақстан халықтарының тiлдерiн қолдау мақсатында қарым-қатынас, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдауға конституциялық құқықты iске асыру жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету қажет. Ана тiлiн үйрететiн таңдаулы жексенбiлiк мектептер тәжiрибесiн жинақтау мен тарату мақсатқа сай келедi. Жексенбiлiк мектептерге мүмкiндiгiнше одан әрi қолдау, соның iшiнде кiтап және оқу-әдiстемелiк қорын құруға көмек көрсету керек. Елдiң орта арнаулы және жоғары оқу орындарында ұлт тiлдерiн оқытатын мамандарды даярлау жөнiндегi қызметтi жалғастырған жөн.

Ғылыми қамтамасыз ету

   Қазақ тiлiнiң мемлекеттiк мәртебесiн iске асыру әлем тiлдерiн дамыту тәжiрибесiне сәйкес жаңа әлеуметтiк-мәдени және ғылыми болмыс аясында оның лексикалық және семантикалық тынысының мүмкiндiктерiн кеңейтудi талап етедi. Аталған саладағы негiзгi мiндет, терминологиялық шығармашылықты қоса алғанда, жаңа лексикалық бiрлiктердi енгiзу процестерiн бiрыңғайлау болып табылады. Терминологиялық жұмыстың негiзгi принциптерін тұжырымдау қажет. Терминологиялық шығармашылық жоспарлы түрде жүзеге асырылатын қызмет жүйесiнiң бiрыңғай принциптерiне сүйенген, орталықтандырылған ғылыми негiзделген болуға тиiс.

   Қазіргi қазақ әдеби тiлiнiң грамматикалық нормаларының бiрiздiлiгiн сақтауды қамтамасыз ету мақсатында орфографиялық кеңес құру мүмкiндiгiн көздеу қажет. Оның қатысуымен қазақ әлiпбиi мен орфографиясын жетiлдiру жөнiндегi қызметтi жалғастырған жөн.

   Қазақ тiлiндегi ғылыми шығармашылықты одан әрi дамыту талап етiледi. Бұл мақсатта диссертация қорғау жөнiндегi ғылыми кеңестер қызметiн кезең-кезеңiмен мемлекеттiк тiлге көшiру жұмыстарын жалғастыру қажет.

   Мемлекеттiк тiлдi дамыту мәселелерiн ғылыми қамтамасыз етуде А.Байтұрсынов атындағы Тiл бiлiмi институты басым рөлге ие болуға тиiс. Осы мақсатта оның материалдық-техникалық базасын күшейту, мамандар құрамын ұлғайту, iргелi және қолданбалы лингвистикалық зерттеулердi әзiрлеуге мемлекеттiк тапсырысты кеңейту қажет. Институт лингвистиканың теориялық және қолданбалы мәселелерi бойынша сараптамалық бағалау мен қорытындылар беруде жетекшi орында болуға тиiс.

Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары, денсаулық сақтау мен халыққа қызмет көрсету салаларындағы тiлдiк даму


   Мәдениет саласында неғұрлым бұқаралық әрi көрiнiстi нысандарға айрықша назар аудару қажет, Бұл кино, мультипликация, телешоу, сазды бағдарламалар, жастар журналдары. Солардың арасында мемлекеттiк тiлде шығарылатын теле- және радио хабарлар, журналдар, көркем және анимациялық фильмдердiң жалпы саны мен сапасы егемен Қазақстанның қажеттiктерiн қанағаттандыра алмай отыр. Қоғамдық қызметтiң аталған саласында мемлекеттiк ынталандырудың тиiмдi тетiктерiн әзiрлеп, енгiзу қажет. Мемлекет Бұл ретте белсендi позиция ұстануға тиiс. Бұл сонымен қатар мемлекеттiк тiлдi компьютерлендiру мәселелерiне, оны ғаламдық компьютер желiсiне енгiзуге қатысты.

   Мемлекеттiк тiлдiң жұмыс істеуiн қамтамасыз етудiң неғұрлым күрделi учаскелерiнiң бiрi халыққа қызмет көрсету саласы болып отыр. Бұл аталған саладағы тiлдiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң күрделiлiгiмен сабақтасып жатыр. Алайда, мемлекеттiк тілдiң денсаулық сақтау, сауда, көлiк және байланыс сияқты салаларға енуi мүмкiндiгiнше мұндай ықпал ету мемлекет тарапынан жүзеге асыруға болатын жерлерде іске асырылуға тиіс. Бұл үшiн, бiрiншi кезекте, елдiң мамандандырылған оқу орындарында - жоғары, орта арнаулы және кәсiптiк оқу орындарында мамандарды тиiстi даярлауды кеңейту қажет. Одан басқа, аталған талаптар атқаруға тиiстi кәсiби мiндеттерiнiң қажеттiгiмен сабақтасып жатқан салаларда мемлекеттiк тiлдi меңгеру бөлiгiнде мiндеттi талаптарды белгілеу қажет. Оларға денсаулық сақтау, байланыс, көлiк ұйымдары, банктердiң есеп-кассалық бөлiмдерi жатады.


Каталог: kaz
kaz -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
kaz -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
kaz -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
kaz -> Қазақ лирикалық прозасының даму арналары С. Ш. Айтуғанова
kaz -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
kaz -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі
kaz -> Ғылыми-Әдістемелік Кеңес мәжілісінде бекітілді
kaz -> Сабақтың типі: Пысықтау сабағы Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу, мінездеме, салыстыру, ой-түйін
kaz -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
kaz -> М. Мақатаев- қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет