Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы



бет8/8
Дата23.10.2020
өлшемі129,5 Kb.
#70923
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

6. Бағдарламаны қаржыландыру


   Бағдарламаны iске асыруға қажеттi қаражат жыл сайын республикалық бюджетте көзделедi. Аймақтық және салалық бағдарламалар жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен және тиiстi министрлiктер мен ведомстволарға республикалық бюджеттен көзделген қаражат шегiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен тыйым салынбаған өзге де көздерден қаржыландырылады.

7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн нәтиже


   Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру Қазақстан аумағында пайдаланылатын тiлдердiң қажеттi функционалдық арақатынасының жетiстiгiмен айқындалатын, елде оңтайлы әлеуметтiк-лингвистикалық кеңiстiк құруды көздейдi. Бұл мыналар:

   қазақ тiлiнiң мемлекеттiк мәртебесiн нақты iске асыру, оның заң жүзiнде бекiтiлген әлеуметтiк функцияларын күллi республика аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында жүзеге асыру; орыс тiлiнiң Қазақстан Республикасының Конституциясы кепiлдiк берген негiзгi функцияларын толық көлемде сақтау: ол мемлекеттiк ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында ресми пайдаланылатын тiл болып қалады, оның бiлiм беру, ғылым, мәдениет және басқа да қоғамдық мәні бар салаларда қолданылуы қамтамасыз етіледі; Қазақстан халықтарының тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін және әрбір азаматтың ана тілінде қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға конституциялық құқығын іске асыруға жағдай жасау.
Каталог: kaz
kaz -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
kaz -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
kaz -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
kaz -> Қазақ лирикалық прозасының даму арналары С. Ш. Айтуғанова
kaz -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
kaz -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі
kaz -> Ғылыми-Әдістемелік Кеңес мәжілісінде бекітілді
kaz -> Сабақтың типі: Пысықтау сабағы Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу, мінездеме, салыстыру, ой-түйін
kaz -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
kaz -> М. Мақатаев- қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет