Топтық және жұптық жұмыс барысында оқушы мен мұғалім үшін



бет2/6
Дата25.11.2022
өлшемі31,19 Kb.
#159742
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ҚМЖ ресурсы
8 тапсырма.Бақытжан (1)
ЖҒС немесе ФС

ПӘНДІК дағдылар:
-пәнге қатысты жаратылыстану-ғылыми түсініктер мен терминдерді, заңдар мен әдіс-тәсілдерді білу;
- жаратылыстану-ғылыми бағыттағы жобалау-зерттеу жұмыстарының міндеттері мен әдіс-тәсілдері, қоршаған ортаның сапасын бағалау технологиялары мен компоненттері, табиғи жүйелердің құрылымы мен қызметтері туралы қажетті ақпарат көлемін игеру;
- жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша зертханалық құрал-жабдықтарды, табиғат құбылыстарын, процестер мен нысандарын білу;
- қоршаған орта нысандарының жай-күйін бағалай білу;
- қоршаған ортаға антропогендік, яғни адамзаттың іс-әрекеті әсерінің жақын болашақтағы салдарларын болжау;
- қоршаған ортаның сапасын бағалаудың сандық көрсеткіштерін пайдалану;
- экологиялық жағдайды талдау, оның себептері мен экологиялық салдарларын анықтау;
- ресурс үнемдеу технологияларын білу және меңгеру, табиғат пайдалану стратегияларын бағалау.

Бірлескен топтық оқу.
- өзара тәуелділік: топтың барлық мүшелері ортақ мақсатқа жетуге ұмтылады және оған жетуде бір-біріне көмектеседі;
- жалпы нәтиже үшін жеке жауапкершілік: топтың әрбір мүшесі оқу материалын өзі меңгеруіне жауапкершілік алады және бүкіл ұжымның табысқа жетуі оның жеке жетістігіне байланысты;
- ынтымақтастық: оқушылар бір-бірімен мәселені талқылайды, шешеді және өзара әрекеттеседі;
- бағалау: топ мүшелері бірлескен жұмысты талдайды және бағалайды, қажет болған жағдайда түзетулер енгізеді.
Сыныптастардың бірін-бірі оқытуы.
1.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар үйретуші ретінде әрекет ете отырып, өзіндік бағалауы жоғарылап, нәтижелі оқу жетістіктеріне қол жеткізе алады.
2.Бірін-бірі оқыту балалар бір-бірінен көп нәрсені үйренеді
Өз оқуын басқару
1.өзін-өзі бақылау,
2.өз ұстанымында тұру,
3.өзін-өзі тану,
4.өз тиімділігін дамыту,
5. өзіне бағытталған оқу,
6.өзін-өзі анықтау,
7.өзін-өзі басқару,
8.өздігінен білім алу және өзін-өзі бағалау.
Себебі:
1.ЕБҚ бар оқушыларға өз өмірін бақылауда ұстау қиындық тудырады
2.өздері үшін шешім қабылдауда айналасындағы адамдарға ғана сенім артады. 3. олардың көбісі шектен тыс қамқорлықта болғандықтан, «дәрменсіз» болуды үйренген
4.олардың өзін-өзі бағалауы да төмен болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет