Тренингтің мақсаты



бет35/37
Дата14.12.2021
өлшемі207,45 Kb.
#126393
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
Трегинг Қорқыныш

Нүсқау: Әркімнің өткен тәжірибесінде сәттілік бар - ол сіздің түлғалық күшіңіз! Оны пайдалану керек.

Енді соларды есімізге түсіріп, «жетістік қорына» жазайық.



  1. «Жетістік баспалдағы» жаттығуы

Нүсқау: Барлық адам сәттілік пен жетістікке ұмтылады. Қазір мен сіздерге үлкен қүпияны ашамын. Адамның ойы нені ойласа, өмір де соған байланысты құралады екен. Сондықтан ойымызды тек жақсылыққа бағыттап, алдағы уақытта қандай жетістікке жете алатыныңызды елестетіп, жазыңыздар.

  1. «Әлеуметтік қолдау» жаттығуы

Нүсқау: Қазір біз өзімізге мейрам үйымдастырамыз. Енді мына жазғандарыңның барлығына қол жеткіздім деп елестетіңіз. Бүгін бізде «Сәттілік күні». (көзіңізді жүмып, армандап көріңіз). Өзіңіздің ең мінсіз (идеалды) күніңізді бейнелеңіз. Оны суреттеуге де, сөзбен жеткізуге де болады. Сіздің жаныңызда кім бар?

Сіздер қайда түрсыздар? Айналаңызды қандай заттар қоршаған?



  1. «Өзіңдегі барлық «Менді» жақсы көр!» жаттығуы.

Нүсқау: Өзінің сәби шағын көз алдына елестетіп көру. Сәбиге

күлімдеп, қүшақ ашу. Баланы қолға алып: «Сэлем, бүл мен - сенің

болашагың», деп айту. Баланы кеудеге әлсіз қысып, оны өзіңізбен бірге шынайы өмірге алып келу. Ал енді екеуің де айнаның алдына тұрып, бір-біріңе асқан махаббатпен карау.

Ең алғаш жүріп үйренген шаққа қадам жасаңыз. Тұрдыңыз, құладыңыз, тагы тұрдыңыз, тағы құладыңыз... енді міне тұрып, ең алғашқы бірінші, екінші қадамды жасап үйрендіңіз. Өзіңізді мақтан тұтыңыз, сәбиді сұйіңіз.

Міне ең алғаш мектепке барған кезіңіз. Жаңа орта, жаңа адам. Анаңыздан айырылгыңыз келмей, сынып табалдырығын аттадыңыз. Алгашқы пэн, мұгалім, сынып, ондагы өткен төрт жылды еске түсіріңіз. Сәби құрбыларынан қалмай оқығанын еске түсіріңіз.

Сіз он жастасыз. Қорыққаныңыз, таңгажайыпқа сеніп, қиялдай білгеніңіз. Осы уақытта қандай маңызды әрекет еттіңіз?

Енді жеткіншек кезді еске түсіріңіз. Алғашқы махаббат, ата-ана мен мұғалімге қатынасыңыз. Құрдастарыңыздың арасындағы мәселе, байланыстың бұзылуы. Оны өз күшіңізбен шешу. Жеткіншекті сол қалпында жақсы көріңіз.

Міне енді, мектепті бітіргелі отырған түлексіз. Айнада сізге қарсы болашақ «Меніңіз» қол созып шақыруда. Ол: «Мен мұндамын. Сені жақсы көремін, болашақта біз бірге үлкен жетістікті бағындырамыз»,- деуде.

Енді жаймен менің 3 ке дейінгі санағыммен көздеріңізді ашыңыздар.

Кері байланыс.



  • Бүгінгі тренинг сіздерге қандай ой тудырды?

  • Шынайы жолдың мэнін ұгынып, оған деген қатынасын өзгерткендер бар ма?

  • Есіңізде ең жақсы сақталганы не?

Бір-біріңе рахмет айтудың белгісі ретінде шеңбер құрып, қолдарыңнан ұстап, бірге: «Мен ең табысты адам боламын!»,-деп қолымызды жоғары көтеріп айтайық.

ТРЕНИНГ №5. ТАҚЫРЫБЫ:«МЕНІҢ БАГЫТЫМ»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет