Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Олай болса, профессор М.Әуезов жолдастың қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу мен жазудағы басты қателері қандай?



бет132/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   271
Олай болса, профессор М.Әуезов жолдастың қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу мен жазудағы басты қателері қандай?

Біріншіден, профессор М.Әуезов жолдас қазақ әдебиетінің революциядан бұрынғы тарихын зерттеуде әдебиетті тек түр-түріне, сала-салаларына ғана бөлумен тынды, белгілі бір әдебиеттік ағымын, әсіресе, ауыз әдебиетінің әлеуметтік мәнін, таптық сырын ашпады. Ауыз әдебиетіне баға беруде, өткен заманның әдеби мұраларын меңгеруде бұрынғы қазақ буржуазияшыл ұлтшылдардың контрреволюциялық теорияларын әшкерелеу былай тұрсын, қайта сол теориялардың шырмауында қалып қойды, ал әдебиеттің кейбір мәселелері жөнінде сол буржуазияшыл бұрмалаушылардың салған жолымен, басқан ізімен жүріп отырды.

Екіншіден, профессор М.Әуезов жолдас қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу мен жазуда оның әлеуметтік мәнін ашып көрсетпеуі былай тұрсын, ол: искусство атаулының бәрі, оның ішінде көркем әдебиет белгілі бір қоғамдық заманның бел баласы болып табылады, таптық қоғамдардың барлығында да идеялық, мәдени өмір тап күресінің негізіне сүйеніп отырады, таптық қоғамда жалпы адам баласына бірдей таптан тыс идеология болуы мүмкін емес – деп көрсеткен марксизм-ленинизм ғылымының ережесін ұмытты. Идеология, атап айтқанда көркем әдебиеттің даму заңдары идеологияның сүйегіне сіңген қайдағы бір ішкі заңдарынан емес, материалдық өндірістің жалпы заңынан, тап тартысының жалпы заңдарынан туатындығын мүлдем ұмытқан.

Үшіншіден, профессор М.Әуезов жолдас осындай қате көзқарастың нәтижесінде өткен заманнан қалған әдеби мұралардың барлығын жалпы халық мұрасы, ал өткен кезде болған қайраткерлердің бәрін халық қайраткерлері деп таныған. Олардың тарихта атқарған қызметін бір жақты, тек жақсы жағынан ғана алып қараған, кейбір кездерде олардың реакциялық жолға, идеологияға ауытқығандарын бүркеп өткен. Сондықтан қазақ әдебиетінің тарихына аты ілінгендердің бәрін заманынан бөліп алып қарап, халық қамқоршысы, ұлт жоғын жоқтаушы деп көрсеткен.

Төртіншіден, профессор М.Әуезов жолдас ескі өмірдің, ескі тақырыптардың әуеніне түсіп кетіп, жаңа өмірден, совет өмірі мен шындығынан қол үзген. Мұнысы, сайып келгенде, қазақ әдебиеті мен қазақ мәдениетін шын мәнісінде өркендеткен Октябрь социалистік революциясының, совет қоғамының рөлі мен маңызын елемеуге әкеліп соқты. Ылғи мәдениет майданында істеп келе жатқан М.Әуезов жолдастың ширек ғасырдан аса уақыт өмір сүріп, өркендеп келе жатқан қазақ совет әдебиетінің тарихи жолын зерттеуге арнап қалам түртпеуі де жоғарғы айтылған негізгі қателеріне байланысты.

Профессор М.Әуезов жолдастың қазіргі еңбектерінде болып отырған осы ірі қателер білместіктен немесе кездейсоқ бола қалған жаңа қателер ме? Жоқ, олай емес. Бұлардың тамыры М.Әуезов жолдастың басында болып өткен бұрынғы кездегі ұлтшылдық ірі қателерімен жалғасып жатыр. М.Әуезов жолдастың Октябрь революциясы кезіндегі де, одан кейінгі кездегі де, яғни, қазақ совет әдебиетіне келіп қосылғанға дейінгі әдебиет мәселесінде мейлінше адасуы, өмірі біткен қазақ буржуазиясының идеологі болғаны, қазақ буржуазияшыл ұлтшылдардың тобында болып, көпке дейін жас қазақ совет әдебиетіне қарсы күрес жүргізгені екінің біріне аян болатын. М.Әуезов жолдастың бұл қателеріне бүкіл Қазақстан жұртшылығы кезінде өзінің әділ бағасын берген болатын. Сондықтан да М.Әуезов жолдас Қазақстан жұртшылығына арнап, ашық жазған хатында өз басындағы барлық қателерін мойындап, былай деп жазған еді.

«Алашордашыл бағытта болған жазушылар сияқты мен де бұрынғы кезде де, пролетариат диктатурасы кезінде де қазақ ауылының байлары мен феодалдарының мүдделерін, тілектерін идеология жағынан жақтаушысы болдым. Осы жағдайыма сәйкес әлеуметтік құрылыстарды және идеологиялық қондырмалардың алуан-алуан түрлерінің мәнін түсінуде ұзақ уақыт негізсіз, зиянды идеалистік негізде қалып келдім. Әдебиет әлеуметтік-экономикалық тұрмыстан аулақ, томаға-тұйық болады, әдебиеттің мәні де, атқаратын қызметі де бұлардан аулақ болады деген теріс, қате пікірді жақтап келдім. Ақырында әдебиеттің бүкіл мемлекет системасына және оның саясатына бағынышты роль атқаратындығы туралы бірден-бір маркстік-лениндік анықтамаларды елемей және көп уақыт түсінбей келдім. Осындай ғылми жағынан дерексіз, тарихи жағынан қате идеологиялық бағыттарымның бәрі қазірдің өзінде-ақ аяусыз соққы көрді, бұлардың барлығын тарих теріске шығарды деп есептеймін».

М.Әуезов жолдастың бұдан дәл 15 жыл бұрын жұртшылыққа берген уәдесі, айтқан сөзі, міне, осындай еді. Ал, енді М.Әуезов жолдастың осы айтқан сөзі мен қазіргі нақты ісінің арасында қандай байланыс бар? Сөзі мен ісі бір жерден шығып отыр ма? Өмір шындығына сенсек, М.Әуезов жолдастың сөзі мен ісінің арасында жер мен көктей қайшылық бар.

Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының ғылми қызметкерлері профессор М.Әуезовтің басқаруымен «Қазақ әдебиетінің тарихының» бірінші томының қолжазбасын баспаға әзірлеген. Сөз жоқ, мұны жазуға, әзірлеуге көп уақыт, көп еңбек сіңірілген, көп материалдар жиналған. Бірақ, не пайда, мұншалықты үлкен еңбекте қоғамдық өмірдің өзегі – материалдық өндірістегі қатынастар, ондағы адам қатынастары, тап күрестері жоқ. Сол замандағы әдебиеттің қалай шыққандығы, қай тапқа қалай қызмет еткендігі баяндалмайды. Мұның орнына байларды, найзаның ұшымен, қамшының күшімен ел билеген билер мен хандарды мақтаған, қазақтардың феодалдық-ру құрылысын қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған кез еді деп дәріптейтін материалдар бар. Хан мен қараның арасын ашатын, езуші мен езілушінің жігін көрсететін материал жоқ. Профессор М.Әуезовтің басқаруымен жазылған «Қазақ әдебиетінің тарихына» сенетін болсақ, қазақ халқының қоғамдық дамуының тарихында ешқандай тап тартысы, ешқандай керітартпа адамдар болмаған, қазақтардың бәрі өзінің туысынан-ақ, жаратылысынан-ақ кемеңгер, ақылгөй, жалпы халық атаулының мұңын, жырын жырлаушы қайраткер болған сияқты. Әрине, мұның бәрі тарихи шындықтан көріне көзге ауа жайылғандық екендігі, қазақ байлары мен феодалдарының сойылы астында ғасырлар бойы ауыр өмір сүрген еңбекшілерді көрмегендік екені өзінен өзі түсінікті.

Профессор М.Әуезовтің көп жылдар бойы көтермелеп өсірген «ғалымдарының» бірі, Тіл және әдебиет институтының бұрыңғы директоры Е.Исмаиылов ұлы отан соғысының дәл алдында «Әдебиет теориясы» деген кітап жазады. Ысмаиылов бұл кітабында неміс мәдениетін мақтап, оны дүние жүзіндегі мәдениеттің шыңы дегенге дейін апарып жуықтатып қояды. Неміс-фашист идеологиясының арғы атасы, нағыз барып тұрған реакционер Ницшені де дәріптеп, құлшылық көрсетеді. Міне, осының барлығына қарамастан, профессор М.Әуезов Исмаиыловты қамқорлығына алып, оның қоқыс кітабына өзі редактор болып, басып шығартады.

Ұлы Отан соғысы кезінде кейбір жазушылар шын өмірді, біздің қоғамдық құрылыстың қайнап жатқан өмірін дұрыс, реалистік жолмен көрсетудің орынына, хандарды, байларды, төрелерді дәріптейтін шығармалар жасады. Сондай жазушылардың бірі Ә.Тәжібаев жолдас «Жомарт кілем», «Көтерілген күмбез», «Біз қазақтармыз» деген пьесалар жазып қазақ совет әдебиетіне белгілі буржуазиялық символизмді әкелді. Біздің совет халқының идеологиясына жат мұндай зиянды нәрселердің қазақ совет әдебиетінде орын алуына, ең алдымен М.Әуезов жолдас «қолқабысын» тигізді. Ол 1945 жылы орталықта шығатын «Әдебиет газетінде» басылған мақаласында Ә.Тәжібаев жолдастың бұл зиянды, ұстамсыз шығармаларын жалған түрінде көкке көтере мақтады.

Профессор М.Әуезов жолдас көптен бері-ақ жоғары дәрежелі оқу орындарында сабақ беріп, жас ғылыми кадрлар даярлау ісіне араласып келеді. Талай аспиранттар мен студенттер М.Әуезов жолдастың басқаруымен ғылыми еңбектер, диссертация жазып жүр. Бірақ, не пайда, осындай қасиетті істе М.Әуезов жолдас біздің идеологиямызға жат, зиян келтіретін істерге кейде көріне көзге жол беріп жүр. Тіл және әдебиет институтының ғылыми қызметкері Ә.Қоңыратбаев «Ғашықтық жыр» деген тақырыпта филология ғылымының кандидаты деген ғылми атақ алу үшін диссертация жазады. Ә.Қоңыратбаев бұл еңбегінде М.Әуезовтің ескі уақытта жазылған қате, ұлтшылдық тұрғыдан қаралып жазылған еңбектерін пайдаланады, 1922 жылы «Шолпан» журналында басылған «Қазақ әдебиеттің қазірдегі халі» деген зиянды мақаланы кейбір жерлерде негізге алады, дәріптейді. Ал, М.Әуезов жолдас бұл мақаласы жөнінде өзі бұдан дәл он бес жыл бұрын:

«Әсіресе қазақ әдебиетінің революциядан бұрын даму жолдары туралы «Шолпан» журналында жазылған бұрынғы өзімнің идеологиялық зиянды пікірлерімнің революциялық қоғам жұртшылығының тілегіне мүлдем сай келмейтіндігін баса айтамын»,– деп жазған еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет