Ардагерге құрмет – ұрпаққа міндет» атты батыр апамыз, жерлесім Әлия Молдағұлованың ерлігі
Ақтөбе қаласы, «№18 орта мектебі» КММ
Сүйншқали Жұлдыз
9-сынып оқушысы
Ұсынылып отырған бұл ғылыми жобада кең көлемді тақырып қамтылды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Бұл мереке-бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерен еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің ерлігі мен жанқиярлығы, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік,ерлік, халықтар достығы нығая түсті. Ұлы Отан соғысына қатысқан Б.Момышұлы, М.Маметова, Ә.Молдағұлова, М.Ғабдуллин, Т.Бегелдинов мыңдаған жерлестерімізге басымды иеміз. Ол кісілерге құрметпен қараймыз. Жеңістің 75 – ші көктемі бүр жарады. Әлі талай таңы атады. Аталарымыздың, ағаларымыздың соғыстағы ерлігі еленіп, құрмет көрсетіліп жатыр. Бірақ арамызда Ұлы Отан соғысының ардагерлері азайып барады. Қазыналы қарттарым аман болсын.
Достарыңызбен бөлісу: |