«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы



бет35/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Ғылыми жобаның мақсаты: Ұлы Отан соғысының ардагері Баймаханов Әбдіқадыр атамның өмір жолын зерттеп, өз ұрпағына үлгі еткім келеді. Ғылыми жобаның міндеті: – Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өмірін өзімізге үлгі – өнеге тұту; – Әр ауылдан, аудан мектептерінен келген оқушыларға біздің ауылдың батырының ұлағатты өмірін паш ету; – Ұлы Отан соғысы ардагерлерінін ерлігін насихаттау және жас ұрпақты елін, жерін, Отанын қорғауға тәрбиелеу
Эссенің өзектілігі: Ертеңгі күннің, бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек тәуелсіздікке ғана тіреледі. Қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда соғыс ардагерлерінің батырлығы мен ерліктерін келер ұрпаққа насихаттау – баса назар аударарлық мәселе. Біз, соғыстан кейін туған ұрпақ кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтық –қазақтар мен қазақстандықтардың анкешті ерлігі туралы оқулықтардан, көркем әдебиеттерден, кино туындылардан ғана білеміз. Соғыс ардагерлерінің соңғы буындары айтып берген әсері әңгімелері жанымызды, санамызды патриотизмге жетелейтіні.
Эссемді бастамас бұрын елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының кіріспесінде не айтылғанын айтқым келіп отыр. Кіріспеде, біз өз отанымыз –Қазақ елі мен оның байырғы халқы –қазақ халқын басқа өркениетті елдермен салыстыра отырып, тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан өркениет ретінде қарастыруымыз керек» делінген. Қай кезде болмасын тәуелсіздік жолында «Ұлы Отан соғысына» қатысқан батырларымызды, аға-апаларымызды ұмытпауымыз керек. Олардың біз үшін, халық үшін жасаған жанкешті ерліктерін ұмыту мүмкін емес деп ойлаймын. Отанды қорғауда қазақ қыздарының да елеулі үлес қосқанын білеміз. Соның бірегейі –Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова.
Ол 1925 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында дүниеге келген. Әлия Молдағұлова бала кезінен анасынан айырылып, ағасының қолында Алматыда тұрған. Ол 1943 жылы мергендер дайындайтын мектепті аяқтайды. Сол жылдан бастап 54 – ші арнайы атқыштар бригадасының снайпері болады.Осы соғыста ештеңеге қарамай соғыстың салмағын өзгелермен бірдей көтереді, өз ерлігін көрсетіп, зардабын ерлермен бірдей тартты. Менің ойымша «Әлия Молдағұлова бүгінгі ұрпақтың санасын оятып, Отанына деген сүйішпеншілікті арттырған ерліктің ғажайып үлгісі» болып саналады. Ұлы Отан соғысының от-жалынды жылдарында ер азаматпен бірге қолына қару алып, майдан шебіне аттанған Әлиядай қыз сан жүздеп саналады. Бүгінде Әлия Молдағұлова есіміне елімізде көшелер, мектептер, ұжымшарлар мен кеңшарлар, шағын ауылдар бар. Өзімнің жерлесімнің елі, халқы үшін жанын жанын беріп, батыр атанғаны – сөзбен жеткізе алмайтын сезім. Менің көзқарасым бойынша осындай жанкешті ерліктерімен бүгінгі желкілдеп өсіп келе жатқан ұрпаққа өз елін қорғауға, еліне халқына деген сүйішпеншілігін арттырады. Бүгінде біз батырларымыз жасаған ерліктерін жерге таптамау үшін, болашақ ұрпақтың Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға, достық пен бірлікті бағалауға тәрбиелеуіміз керек. Себебі, сол сұрапыл соғыста батырларымыздың сақтап қалған байтақ жеріміз бүгінгі күні дүние жүзі таныған, әлем мойындаған мемлекет болып қалуы біз үшін үлкен мақтаныш! Сонымен қатар мектеп оқушыларын патриоттық тәрбиеге баулу жолында, елі, жері үшін өмірін қиған біздің батырларымызды батыр қыздарымыды, шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүкті дәріптеуіміз керек. Әлиядай қыздардың көбеюіне тілектеспіз. Жалпы қай қоғам болмасын сол қоғамға лайықты ұрпақ тәрбиелеуге тырысқан.
Сонымен қоса, айтып кететін болсам: Әлия Молдағұловаға арнап көптеген әндер шырқалып, суреттер бейнеленген. Батыр қыздың еліне музейлер, ескерткіштер салынды. Екінші дүниежүзілік соғыс майданында ерлікпен қаза тапқан қазақтың даңқты қызы Әлия Молдағұловаға 1944 жылы 4 маусым да «Кеңес Одағының батыры» атағын берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет