«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет43/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


Ырғыз ауданы, Дүкен негізгі орта мектебі
Төребекқызы Фарида
9-сынып оқушысы


Біздің ұлы Жеңісіміз көктем боп, Көңілдерге шұғыласын төккен көп. Сонау жылы Тоғызыншы май күні Алмастырған қуанышқа қайғыны.

Биыл Ұлы Отан соғысына 75 жыл толады. Бұл жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысындағы Ұлы жеңісіміз достықты шыңдаған, бірлікті жырлаған, ер намысы болып аталған, ел дауысы болып шақырған Жеңіс! Жеңіс жолында отан үшін от кешіп асыл азаматтар мерт болды. Жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ел үшін, жер үшін жанын аямаған батыр ата-әжелеріміздің бірі: Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Қ.Рысқұлбеков,Т.Бигелдинов т.б. Олар тәуелсіздік үшін өз жандарын аямады, соғысқа еріктерімен барды,қасық қаны қалғанша соғысты.Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел ұландары Отанымыздың байтақ жерін қорғады,өзі туған жерін қорғады,айдын көлін қорғады, пәк күлкі шашқан баласын қорғады, ақ сүт берген анасын қорғады. Осы әділет жолында қасық қанын қиып ұрыс даласынан қайтпай қалған қаһармандар қаншама.


Ана жарын жоғалтып жесір, бала әкесінен айырылып жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді. Ал, ауылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы қасіретін арқалай жүріп бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады, жігері жасымады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып,сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі жеңіс сағатын жақындата түсті. Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кемде кем. Жүз мыңдаған ата әкелеріміз соғыстың алдыңғы сәтінде ақ майданға аттанды. Солардың бірі біздің Нұра өңірінен шыққан: Мырзағұлов Зәрубек, Омаров Әбдіғаппар, Оразбаев Меңдібек, Кенешов Нағашыбай аталарымыздың ерлігі мәңгі ұмытылмайды. Олардың ерлік істерін ешкімде, ешқашанда ұмытпауға тиіс.
Біз соғысты көрген жоқпыз. Бірақ ата әжелеріміздің әңгімелерінен соғыстың не екенін түсініп жанымыз түршігеді. Болашақ өмір, ұрпақ үшін жанын қиған ата-бабамыздың ерліктері ғасырлар өтсе де ұмытылмастай тарихта жазылды. Қан майданның төрінде, жау мен жанын қия айқасқан батыр ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас ие мәңгілік тағызым етеміз. Халқы үшін құрбан болған қаһармандарымыздың асқақ рухы елімізде мәңгі сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет