«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет39/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


Ақтөбе қаласы, №71 ЖББОМ
Жексенбаева Айгерим
7-класс оқушысы
Рысмагамбетова Жанар Биртаевна

«БАТЫР АТАҒЫ мирасқорлық жолмен берілмейді, оған әрбір адам жеке басының ерлігімен ие болады»де деп демекші, Қазақ халқы батырларды ежелден құрмет тұтқан. Батырлар ұлттық тұтастығын,жерінің бүтіндігін әрқашанда биік қойған. Болашақта шаңырақ иесі болатын кісіден «Өскенде кім боласың?» деп сұрағанда «Батыр боламын! Деп нық сеніммен жауап берген,


Олардың ерлігін айтып, ата-бабасының батырлық болмысын есте ұстап, онымен мақтану – кез келген ұрпақтың парызы. Бабаның ерлігі ұрпаққа рух береді. Сонау Керей мен Жәнібектен бастап Қабанбай мен Бөгенбайдың, Шақшақ Жәнібек пен Ер Жәнібектің, соңғы хан Кенесары мен соңғы батыр Оспанның ерлігін жалғастырған жандар қазақ жерінде аз болмаған. Бұған Ұлы Отан соғысы кезінде ерлік көрсеткен қазақстандықтар дәлел бола алады. Бір батальонды шашауын шығармай жау тылынан үш рет аман алып шыққан әскери қолбасшы, даңқты жауынгер Бауыржан Момышұлы, отан үшін деп жаудың дзотын мүбәрак кеудесімен жапқан Сұлтан Баймағамбетов, жүздеген фашистің көзін құртқан даңқты автоматты Төлеген Тоқтаров, жеті сағат бойы ерлікпен ел қорғаған Мәлік Ғабдуллин, шығыстың қос шынары атқыш Әлия мен пулеметші Мәншүк, ұшқыш Талғат Бегилдинов пен Нүркен Әбдіров сынды батырлардың ерлігі ұмытылмақ емес. Өлшеусіз ерлік көрсеткен батырлардың арасында Рақымжан Қошқарбаевтың өнегесі ерекше. Жау дзодын кеудесімен жабу, жараланған ұшақты танк экипажына қарай бағыттау сынды айбынды ерлік Рақымжан батырдың де еншісіне тигенімен, ұзақ жылдар бойы от майданда оқ кешкен қазақ жауынгерінің әрекеті дұрыс бағаланбай жүрді. Бұған аз ұлттың ерлігін көрсетпеу, жасырып жаба тоқуға бейім кеңестік идеологияның зияны көп болды.
Соғыс жаңғырығы жылдан - жылға алыстап барады... Ол туралы үлкендерден, көнекөз қариялардан естіп жүреміз. Кинолардан, деректі фильмдерден көреміз. Әйтсе де өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. ХХ ғасырдың орта кезінде болған алапат соғыс Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы Ұлы Отан соғысы болды. Бұл соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанып, Отан анасын қорғауға атсалысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. Жеңіс бізге миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келді. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кетті. Ұлы Отан соғысы тарихы туралы қаншама шығарма жазылып, қаншама кино түсіріліп жатса да оның тарихына еш уақытта нүкте қою мүмкін емес. Ерлікпен шайқасып лайықты бағасын алғандар да бар. Кезінде аты аталмай қалса да қазір санамызға қайта оралып, жатқан тұлғалар аз емес. Мысалы, Батыр Ораз Бейсекбаевты аға буын өкілдері білген жоқ қой. Қазір еліміздегі ең жоғарғы награда «Халық қаһарманы» атағының иегері. Отан соғысының ізінде әлі де ашылмай жатқан ақиқаттар, еленбей қалған ерліктер, елеусіз жатқан ерлер қаншама?... Оны ашып анықтау белгісіз болып жатқан тағдырларды тауып елге танытып, лайықты атаққа ие болғызу, оларға қамқорлық жасау - бүгінгі ұрпақ, біздің, қасиетті парызымыз.
Міне, адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 75 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіске жету жолында ержүрек ағаларымыздың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары.
Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атаймыз. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады,соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған.
«Ер есімі – ел есінде» - демекші бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған батырларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. 9 Мамыр – бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл халықтың батырлығы. Біздің парызымыз – осы күнді мәңгілік есте сақтау. Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды.
Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Адамдар үшін қашанда Жеңістің құны қымбат қой!
Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын. Ұлы жеңіс құтты болсын!
Ереулі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Құбыланы төрткүл оңға алмай

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Өзіңнен туған жас бала

Сақалы шығып жат болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық, шөл көрмей,

Арып-ашып жол көрмей,

Өлеңді төсеп ет жемей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебінгіні теріс салмай,

Темірқазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет