«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы



бет47/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Бауыржан Момышұлы


Ақтөбе қаласы, №37 орта мектебінің
Ахмет Назерке
5 «Ә» класс оқушысы

Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданында Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Атасы Имаш 92 жасында дүние салған. Әкесі Момыш көзі қарақты азамат болған. Әкесі ұсташы, етікші болған. Атасы Имаш қартайған кезінде барлық шаруашылықты Бауыржанға табыстаған. Әжесі – Қызтумас, оны ауыл адамдары сары кемпір атаған. Анасы – Рәзия. Бауыржан үш жасында анасынан айырылады. Оны әжесі тәрбиелейді. 1921 жылы бастауыш мектепті, Аса интернатына түсті. Артынша Шымкент қаласында оқыды. Бұл мектеп алғашқыжеті жылдық мектеп болатын. Бауыржан мен бір сыныпта Әбділда Тәжібаев пен Құрманбек Сағындықов оқыды. Бауыржан мектепті үздік аяқтады. Орынбор Қаласындағы Қазақ Педагогикалық институына оқуға түсе алды. 1928 – 1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді. Біраз уақыт өткенен кейін хатшы қызметіне тағайындалды. 6 ай аудандық милицияда атқарады. 1932 – 1934 жылы Қызыл Армия қатарындақызмет етіп, 1933 жылы полк мектебін бітірді. Көзге түскен Бауыржан Шымкент өнеркәсіп банкының экономисі болды.


Мәскеу үшін шайқас Бауыржан үшін ерекше шайқас болды. Жас сардар, 1073 атқыштар полкның батальон командирі атанып, Бауыржан сарбаздармен қыста Мәскеудің омбы қарына малтыға жүріп қоршауды 5 рет жарып, жалпы саны 27 рет ұрысқа кірген. Әскери өнерге жаңалықтарды енгізді. 1941 жылы 16 – 18 қараша күндері Вермахтың Мәскеуге шабуылы кезінде Бауыржан батальон өз девизиясынан Матронино селосының маңында Волоколом тас жолында ерлікпен соғысты.
Бауыржан шеберлігінің арқасында өз сарбаздарын қоршаудан жеңіл алып шықты. Аласапыран кезде рота, батальондармен байланыстар үзіліп олардың жағдайларын білу қиынға соғады. Осы тұста Бауыржан шегінудің жоспарын жасайды. Күндіз жау көзіне түспеу үшін, жауынгерлерге түнделетіп жүруді бұйырады. Күндіз тоғайды паналап, түнде белгіленген бағытпен жүріп отырып екі күнде Новлянск пен Ивановск деревнясына келеді. Ивановск деревнясында панфиловшылардың 1075 полкінің бірінші батальоны тұратын. Бұлар әлі шайқасқа қатыспаған болатын. Бауыржан бастаған батальон жауынгерлерін көрген И.В.Панфилов көзіне еріксіз жас алды. Бауыржанды құшақтап, бетінен сүйіп «Жарайсың сұңқарым!» деп арқасынан қағады. Капитан Бауыржан Мәскеу облысының Соколов деревнясының маңында неміс әскерлерімен 4 тәулік шайқасып сәтті ұрыс жүргізіді. Осы ұрыста омыртқасына оқ тиіп жарақат алады. Жарақатын таңдырып ұрыс алаңына қайта оралады. 1942 жылғы ұрыстарда 8 гвардиялық девизиясының жауынгерлері көзге түсіп, девизия екі ай ішінде батысқа қарай 500 – 600 шақырым алға жүріп, фашистердің мыңдаған солдатымен офицерлерін саптан шығарып, жаудың көптеген техникасын жойып жібереді.
Соғыстан кейін 1950 – 1955 жылдары Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шығып елге оралады. Елге келгесін батыр шығармашылықпен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көргендерін шығармаларына арқау етеді. Батырдың қаламынан туған романдар мен повестер, әңгімелер оқушылардың іздеп оқитын шығармаларына айналады.
1962 жылы 10 маусымда 71 жасына қараған шағында Алматыда дүние салады. «Кеңсай» зиратына жерленеді.
1990 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. 2010 жылы 30 томдық шығармалар жинағы жарыққа шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет