«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет44/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


Ырғыз ауданы, Дүкен негізгі орта мектебі Сағынбай Гауһар Серікқызы
6-сынып оқушысы


Адамзатым ақиқатқа сеніңіз,
Соғыс деген болған емес тегін іс.
Соғыс деген – қиылған жан, аққан қан,
Соғыс деген –екі жаққа жеңіліс.
Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Ол – сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн.
Жеңіс! Осы бір сөз әрбір адам үшін қасиетті де құдіретті! Жеңіс деген сөзді халқымыз 4 жыл бойы күтті емес пе? От пен жалынға оранған 1418 күн мен түн кімнің есінен шығар дейсің? 1418 күннің әрбір сағаты, әр минуты қауіп қатерге толы болғанын қолынан қару алып, соғысқа аттанған аталарымыз жақсы біледі. Жеңіс оңай келген жоқ. Бүкіл еліміз жұдырықтай жұмылып жауға қарсы тұра білудің арқасында ғана мүмкін болды. Ер азаматтар майдан даласында су кешіп, жаумен бетпе – бет соғысса, тылда қалған қарт адамдар, аналар, жас балалар, ер азаматтардың орнын басып еңбек етті.
Иә, содан бері 75 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап, қол қойды. Ал, 9 мамыр күні бұрын-соңды болмаған 1000 зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді.
Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.
Соғыс…Сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады,қанша үйде оттар сөнді, қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей ұлдарын күтумен өмірден өтті, қаншама арулар жесір қалып, сәбилер жетімдіктің зарын тартты.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала неміс басқыншыларымен аянбай шайқасты.
Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде ақ майданға аттанды. Жалпы бұл соғыста жаужүрек 2420 ұшқыш Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Оның 101 қазақ еді.
Адам баласы үшін соғыстан асқан кесапат жоқ. Соғыс! Жалғыз ауыз сөз. Бірақ қандай қорқынышты?! Соғыс дегеніміз – қайғы – қасірет, қантөгіс, өлім – жетім «Адам өлтіру әйел адамның үлесі емес»- деген екен соғысқа қатысқан майдангер әйел. Екіншісі Рейхстаг қабырғасына: «Мен Берлинге соғысты өлтіру үшін келдім» деп жазыпты. Ұлы Отан соғысының от-жалынды жылдарында ер-азаматпен бірге қолына қару алып, майдан шебіне аттанған ару қыздар сан жүздеп саналады. Жыл өткен сайын әйелдердің өшпес ерлігіне, өздерінің бақыттарын Жеңіс үшін күш-жігерін аямағандарын мақтаныш етеміз. ХХ ғасырдың ең қорқынышты соғысында әйел солдат болды. Майдан шебінде әйел жаралыларға қарап қана қоймай, қолына қару алды, тыңшы болды, жаулардан «тіл» әкелді. Жеріне, еліне, балаларына жауыздықпен қолын салған жауды аяусыз өлтірді.
Соғыс жылдары майданның әртүрлі шебінде 800 мыңнан аса әйел азаматы болған екен. Адамзат тарихында осыншама әйел адамының соғысқа қатысуы болмаған. Он жылдықты жаңа бітірген өңкей жас қыздар ел басына түскен ауыр күндерде әскери мамандықтарды тез-ақ меңгеріп, аса қабілеттілік көрсетті. Атап айтар болсам: Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова тағы басқа апаларымыздың еңбектері орасан зор.
Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.
- Жеңіс күні - 9 мамыр. Талай жылдар бойы бейбіт өміріміздің бастауы болған күн.
- Адамзат тарихындағы ең ұзақ қантөгіс соғыс аяқталған күн.
- Фашизмді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні.
- Үйіне, отбасына, ата - анасына оралмаған аталарымыз бен ағаларымызды сарыла күткен сағыныш күні.
- Бұл күн - әділеттің әділетсіздікті жеңген күні.
- Бұл күн - сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні.
«Ер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды» демей ме дана халқымыз. Қан майданда қол бастап, елінің намысын жауға таптатпаған батырларымызды мәңгі есімізде сақтаймыз, ұмытпаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет