«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет41/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


Ырғыз ауданы, Дүкен негізгі орта мектебі
Анарбекқызы Қызғалдақ
9-сынып оқушысы
Соғыс-күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін тауды жер ететін, Жер бетіндегінің бәрін жалмап жұтатын тажал. Ұлы отан соғысы. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділктерін паш ететін, тарихта әңгі қалатын күн. Соғыс деген қайдан шықты? Авторы кім алғашқы? Ия, бұл жырларды, қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаев жазып кеткен болатын.
Мінеки, биыл Ұлы Отан соғысына 75жыл. Елді қан қақсатып, зарлатып өткен 5 жыл бар адамзаттың тарихына үлкен орны толмас қасірет әкелді. Сонымен 1941 жылдың 22- маусымында Германия өзара шабуыл жасаспау келісімін бұзып, тұтқиылдан кеңестер одағына соғыс бастады. Европаны жайлап келе жатқан гитлерлік фашизмге жағдай орнады. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың отан үшін қан кешкен әрбір қадамы жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат,ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ.
Ұлы Отан соғысының сұрапыл ауыртпалығынбастан өткерген біздің елдің ұраны «Ешкім ұмыт қалмайды, ештеңе ұмытылмайды»деу болатын.
Дүниежүзін дүр сілкіндірген 1941-1945 жылдар аралығындағы сұм соғыстың зардабы қазақ жерін айналып өткен жоқ. Әрбір төртінші қазақстандық майданға аттанып, неміс офицерлерімен жан аямай айқасты. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап жұдырықтай жұмылып,сүбелі жетістіктерге қол жеткізді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Солардың бірі де бірегейлері-Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев және қос шынарымыз: Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова. Олар өз отандары үшін отқа да, суға түсіп өз жандарын аямай күресті.
Біздің қазіргі міндет балаларды Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Қазір Республикамыздың дүниежүзінің алдыңғы қатарындағы мемлекеттердің бірі болып, ең бастысы, еліміздің бейбітшілік пен ынтымақтықтың өріс алып,халқымыздың, тыныштықта бейбіт өмір сүріп келе жатуы-тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың адал да ұтымды тактикасының, үлкен парасат биік тағылымының арасында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет