Туған жердің батырларына мың тағзым!
Хромтау ауданы, Қызылсу орта мектебі
7-сынып оқушысы
Нұрдаулет Мерей
«Отан үшін отқа түс, күймейсің»
Б.Момышұлы
Биылғы жыл біздің халқымыз үшін ерекше жыл болмақ. Себебі, Ұлы Жеңіске - 75 жыл. Бұл дегеніміз қанша мемлекет, қанша ел 75 жыл бойы азат, тәуелсіз өмір сүруде дегенді білдіреді. Бұл дегеніміз-үлкен бақыт емес пе?! Мен, менің ата-анам ұрпағы үшін қан кешкен ата-бабаларының арқасында бейбіт өмір сүруде. Айтуға оп-оңай. Бірақ, өткен күндерді, жылдарды көз алдыма елестетсем ішімді ерекше бір сезім билейді. Ол әлде мақтаныш сезімі ме, әлде қорқыныш па?! Мақтаныш… ия мен осы күнді сүріп отырғаныма, күн шапағына үнемі бөленіп жүргенім атамның, бабамның жеңіс туын тіккен ерлігінің арқасында болғаны үшін мақтанамын.
Қорқыныш… қорқамын, себебі сол кезде, сол заманда сол бір ерліктің, жеңістің туы биікке көтерілмегенде қайтер едік?! Бәлкім тоз – тоз боп кетерміз бе, бәлкім мүлде жоқ болармыз? Сондықтан да мен жеңістің қалай келгенін білемін, сеземін. Бала жүрегім барлығын да сезеді.
Менің туған өлкемде де жеңістің алауы биікке көтеруге себепші болған жандар жетерлік. Әрбір соғыс ардагері бір үлкен тарих. Алар өнегесі мол елімнің майдангер тұлғалары туралы сәл сыр шертсем…
Бұрынғы Жангелді совхозы, қазірде Қызылсу ауылы атанып отырған кішкентай ғана ауылдан майданға 120 адам аттанған еді. Елге олардың тек 20 шақтысы ғана оралған. Елге келген соң да қарап отырмай, әбден тозған шаруашылықты қалпына келтіру үшін аянбай еңбек еткен. Жусупов Кенжеғали, Біржанов Сағидолла, Жолмуханбетов Пазыл, Аманжолов Ізтай, Умбеталин Зминтай, Жолмұратов Қабилолла, Раев Жакон, Мырзабаев Нұрдаулет секілді жас жеткіншектер сол заманда соғыстың сұрапыл майданына аттанса, елде майдангерлерге көмек, ауылда қалған бала-шағаға қамкор болып, бір уыс бидайды жеу үшін аянбай тер төккен тыл ардагерлері де жетерлік. Атап айтсақ, Оспанов Зайнулла, Алмағанбетов Кәріпжан, Кекілдина Қымбат, Боранбаев Бақыт, Төлегенов Хасен, Жусупова Дария, Басаров Ахмет, Сатыбалдина Орындық тағы да айта берсек өте көп.
Кенжеғали ата №661 мергендер полкіне түсіп, Смоленск қаласын азат ету шайқасына қатысып, көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен наградталған. Сағидолла ата соғыс жылдарында №1079 атқыштар полкінде қызмет етсе, Пазыл атамыз майданнан «За победу над Германией» медалімен оралған. Раев Жакон ата атқыштар бригадасында украина майданының шебінде германияға дейін барған. Бұл кісі 1945 жылғы Жапон-кеңес соғысына да қатысқан майдангер. Үмбеталин Зминтай ата Подмосковьеде шайқасып, ауыр жарақат алып, оң аяғынан айрылған. Аманжолов Ізтай ата1943 жылы қыркүйекте әскерге шақырылып, 1944 жылы соғысқа № дивизия артиллерия полкіне авиамоторист бөлімінк кіріскен. Ұлы оан соғысының соңына дейін қатысып, Берлинге шейін жеткен.елге 1951 жылы мамыр айында оралады. Міне, осындай Жеңістің жалауын желбіреткен батырлардың немересі болған қандай керемет!
Ұлы Жеңіске эссе жазуымның ең бірінші себебі-менің атам. Ия менің тегім Нұрдәулет атам. Майдангер атам, менің мақтанышым. Атамды мен көрмедім. Дегенмен, әкемнің айтуы бойынша мінезге жұмсақ, жайлы адам болған. 1926 жылы сол кездегі Қарабұтақ ауданы Қайрақты ауылында туылыпты. Кейіннен отбасы жағдайымен осы Жангелді совхозына көшіп келген.1941 жылы мектепте оқып жүргенде Ұлы Отан соғысы басталып,менің атамды және де тағы басқа жасөспірім балаларды 1943 майдан шебіне атандырады. Атам КСРО-Жапон соғысының майдангері. Тарихтан білеміз, 1945 жылдың 8 тамызында Кеңес үкіметі Қиыр Шығыстағы өз ықпалын күшейту мақсатында Жапонияға қарсы соғыс жариялаған болатын. Бұл соғысқа Моңғолия әскерлері де араласты. КСРО-ның соғысқа кірісуінен үш күн бұрын 1945 ж. 6 тамызда АҚШ ұшақтары Жапонияның 2 қаласы Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастады. 14 тамыз күні Жапония Подстам декларациясын қабылдайтынын ресми түрде мәлімдеді. 19 тамызда құрлықтағы жапондық Квантун армиясы толық талқандалды. 1945 ж. 2 қыркүйекте америкалық Миссури линкорында Жапония өзінің толық жеңілгендігі туралы актіге қол қойды. Бітім шартына сәйкес 1904 — 05 ж. орыс-жапон соғысы кезінде Жапонияға өткен Оңтүстік Сахалин және Куриль аралдары Кеңес Одағына қайтарылды және оған ежелден Жапонияға тиесілі болып келген Оңтүстік Куриль аралдары соғыс шығынының өтеуі ретінде қоса берілді. Соңғы 4 аралдың берілуі Кеңес Одағы мен Жапония арасында кейін шекара дауының өршуіне алып келді.
Міне, тарих беттерінде осылай жазылған соғыстың куәгері менің атамның айтуы бойынша кеңес әскерлерінде қызмет еткен сарбаздар рухшыл, Отан үшін еш нәрседен тайсынбайтын, ерік-жігері тасып тұрған, жалыны шарпып тұрған батырлар болған Атам туралы көп нәрсені жазғым-ақ кеп отыр. Әттең мен білетін мәлімет осы ғана. Атам 1946 жылы елге оралды. 2001 жылы 75 жасында қайтыс болды. Мен ол кезде әлі дүние есігін де ашпаппын. Кейінірек есейе келе атамның елі үшін, жері үшін күрескен батыр екенін түсінгенімде кеудемде үлкен мақтаныш, қуаныш сезімі орнады. Менің атам әлем тарихының беттерінде жазылған оқиғаның басты кейіпкері. Бұл дегенің керемет нәрсе емеспе?! Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Кейінгі ұрпағына өшпестей із қалдырған бабамды қалай құрмет тұтпаймын!
Ұлы Жеңіске 75 жыл деп жатырмыз. Кешегі соғыс зардабының шетін көрген үлкен қариясы бар үйдің мен секілді балалары Ұлы Жеңісті атаарымыз қалай қуанып қарсы алса, солай күңіреніп, мұңайып еске алып отырғанын да білеміз. Өскелең ұрпақ алдағы уақытта ұлы баба ерліктерін ұмыт қалдырмай ма деген кейде ой мазалайды. Себебі, қазіргі жастар, біздер бала күнімізден аталарымыздың арқасында қазақтың кең байтақ жеріне аунап-қунап өсіп келеміз. Лайым, солай бола берсін де. Бірақ, ертеңгі күні ел басына күн туған заман болғанда бізі де дәл осылай өз Отанымызды жаудан қорғай аламыз ба? Міне ,мені осы сұрақ алаңдатады. Біздер рухты, жігерлі, нағыз патриот болу үшін осы аталарымыздың өмірін үлгі ете отырып, тәубеге келе отырып өмір сүруіміз керек деп ойлаймын.
Мектепте ұстаздарымның айтуымен, үйде ата-анамның баяндауы бойынша Жеің күні туралы, туған жерімнің батырлары туралы мәліметпен таныспын. Ойымды қорыта келе менің түйгенім, бұл өмірде азаттық, теңдік, тәуелсіздіктен асқан бақыт жоқ екен ғой! «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» демекші, бар нәрсемізді дер уақытында бағалай біліп, оның құндылығын түсіне білуіміз қажет. Әрбір адам өмірге келгеннен соң оны бақытты етіп сүруге құқылы. Кез-келген адам. Ал сонау зұлмат заманда аталарымыз өз бақытын әрі ысырып қойып, болашақ ұрпағының бақыты үшін төнген жаумен шайқаса білді. Оны жеңді. Сәбидің тыныш ұйықтауына, әкенің тыныш отбасына қамқор болуына, ананың тыныш сәбиін аймалауына мүмкіндік туғызды. Бұның барлығы –сенің арқаң ардақты, майдангер ата!
Жеңіс күні, неткен ғажап күн едің!
Аштың соғыс деген түннің түнегін.
Аспанымда күн күлімдеп тұрғанда,
Мен елімнің жауқазындай гүлі едім.
Жеңіс күні, атам азат әперген,
Қиындықты өз мойнымен көтерген.
Ұрпақ үшін аянбай еңбек еткенің,
Бейбіт күннің жеңісіне әкелген.
Жеің күні, керемет күн мен үшін,
Құрбан болған қанша азамат елі үшін.
Бала жүрек сезеді еткен қамыңды,
Отан үшін аямаған бар күшін.
Бұл менің елі үшін, Отаны үшін, ұрпағы үшін өмірін қиған Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арнап жазған шағын жыр-шумағым. Туған жерімнің батырларына мың тағзым! Ұлы Жеңісіміз құтты болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |