«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет57/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


Дүйсенбаева Бахытнұр Бахытбекқызы
Ақтөбе қаласы, Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясы
8«а» класс оқушысы
Жетекшісі: Алиманова Гульжахан Сайлаубековна

Біздің заманымыздың тарихи ұлы оқиғасы - Ұлы Отан соғысы мен Жеңістің арасына 75 жыл толып отыр. Мемлектіміздің бостандығы мен тәуелсіздігін фашистік езгіден қорғап қалған біздің халқымыздың ұлылығын көреміз.


Әсіресе біз үшін фашисттік Германиямен болған соғыс орасан зор қайғы-қасірет әкелді. Ұлан байтақ даламыз тұтастай майдан алаңына айналды. Ел басына күн туған қатерлі шақта миллиондаған ержүрек ерлеріміз бостандығымыз бен тәуелсіздігімізді жанқиярлықпен қорғады. Ұлы Жеңіске Қазақстандықтар қосқан қомақты үлесте біздің Ақтөбе қаласының да лайықты үлесі бар екендігін мақтан тұтамыз! Алайда жеңіс бізге оңай келген жоқ. Құрбандарымызға сан жетпейді. Сол соғыс ойранын салмаған,отына шарпылмаған отбасы қалмады. Ана перзентінен, ару асыл жарынан, бала аяулы әкесінен айырылып, қара жамылып қалды. Еліміз бойынша бұл зұламат соғыста отыз миллионға тарта таңдаулы ұл-қыздары опат болды. Оның ішінде қазақтар жүз мыңдап қырылса, ал біздің Ақтөбе облысынан (нақты деректер бойынша) 870-атқыштар, 300-қол пулеметшілер, 80-мергендер, 300-станок пулеметшілер, 80-танк ататындар және басқа да әскери адамдар соғысқа аттанған. Қасіретті қаралы жылдардың жаңғырығы әлі күнге жүректі сыздатады. Тән жарасы жазылғанымен,жан жарасы жазылған жоқ. Ол қайғылы шежіре, халықтың санасына қанмен жазылып, жадында мәңгі сақталуда! Ешкім де ешуақытта ұмытылмайды!
Менің үлкен атам-Жұмағұлов Жалғасбай Қаратиынұлы.1912 жылы 12 ақпан күні дүниеге келген.1941-1945 жылы әскерге щақыртылып,Сталинград майданындағы соғысқа қатысқан.1943 жылы ауыр жараланып ,бір аяғын кесіп елге мүгедек болып оралды.Өлі риза болмай,тірі байымайды. Атамыздың жанқиярлықпен күресіп,елін қорғағанын біз мақтанышпен еске аламыз. Біз азаматтық арды ту көтеріп,төл істерінің адал екендігіне имандай сеніп,дүниедегі бар асылымен ең қымбаты-өз өмірлерін құрбандыққа шалып,шейт болған аға-апаларымыздың әруақтары алдында терең ілтипат сезіммен басымызды иеміз!
1942 жылы Орынбор облысы Сорочинск қаласында жасақталып, Сталинград майданына қатысқан 193 атқыштар дивизиясының бір батальоны тұтастай Ақтөбе қаласының тұрғындарынан құрылған. Дивизия Воронеж түбінде соғысып, Днепрден өткен, Белоруссияны азат ету шайқасына қатысып, Германияға дейін барған. Осы дивизиядағы жерлестеріміз Сталинград және Ленинград майдандарында шайқасты.
Ұлы Отан Соғысының майдандарында қаһармандық ерлік көрсеткендері үшін 35 Ақтөбелік әскер Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған.
Ақтөбе қаласының тұрғыны Фиона Михайловна Сытник майданға өзінің тоғыз ұлын аттандырған. Ұлдары ана аманатын орындап, Сытниктің төрт ұлы ерліктері үшін «Қызыл Жұлдыз», «Отан соғысы», «III дәрежелі Даңқ» ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
Ұлы Отан соғысында қаһармандық ерлік көрсеткен Ақтөбелік батырлар:
Батурин Александр Геросимович-үздік ұшқыштардың бірі,13 жау самолетін жойған. Ленинград шайқасындағы әуедегі соғыстарда ерлік көрсеткені үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген.
Мясоедов Григорий Павлович. Сталинград, Днепрді қорғауға қатысып, Кеңес Одағының Батыры атағын алған.
Жазықов Қожабай. 206 атқыштар дивизиясының командирі болған. Воронеж, Будапешт қалаларын қорғауға қатысқан. «Ерлігі үшін» медалі, «Қызыл Жұлдыз» ордені «Ленин» ордені мен Кеңес Одағы Батырының алтын жұлдызы берілген.
Молдағұлова Әлия Нұрмұхамедқызы. 1925 жылдың 25 қазанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Соғыс басталғанда мергендік оқуын бітіріп, 1942 жылдың қазан айында Ленинград майданына жіберілді. Қаланы қорғау кезінде мерген Әлия елуден астам фашистерді жойған. Ол небәрі 19 жасында қазақ халқының даңқты қызы Ленинград үшін шайқаста, 1944 жылдың 14 қаңтарында жаудың тірек пункін алар кезде қаза тапты. Әлия бар болғаны 19 жыл өмір сүрді. Оның жауынгерлік жолыда қысқа болды. Оның өмірі аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды. Батырдың ғұмыры қысқа, даңқы ұзақ болады деген сөз бар. Батыр болып туылмайды. Батырлықтың өзі де жолдан тап болмайды. Тегінде бардан тектілік шығады. Әлия туған топырақ қазақ тарихында белгілі мекендер еді. Ол туған Бұлақ ауылының жанынан Қарақобда мен Сарықобда қосылып үлкен Қобда арнаға түсер жердің жанында Абат-Байтақ мазарының құпиясын әлі ешкім ашқан жоқ. Ұлы Қобда сонау Қиылмен қосылып Елекпен жалғасқан дерінде киелі Қобыланды батыр жатыр. Осының барлығы айналасы 60-70 шақырым берісі 10-15ке толатын жерлер, қарап тұрсаң батырлардың мекені сияқты.
Жеңісті тыл да жақындатты.
Ұлы Отан соғысы 1418 күнге созылды. Өз отанының тәуелсіздігін қорғап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға ұмтылды. Жұмысшылар,колхозшылар «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін»,-деп алға ұмтылды. Сондықтан жан аямай еңбек етті. Істен шыққан Витебскінің, Днепропетровскінің, Москваның өндіріс кәсіпорындарын қабылдады. Өте қысқа мерзімде шойын-мыс балқыту механикалық шеберханасы платформадан жөндеу базасының жабдықтары орналастырылды.
Ақтөбе қаласы тонналап металл балқытып,күреске қажетті металдар жіберді. Ақтөбе авиашеберханасының ұжымы Сталинград түбіндегі шайқастың 30 самолетін, 160 авиация моторларын жөндеп беріп отырды. Соғысқа кеткен азаматтардың орнына олардың ағалары, әйелдері,мектеп жасындағы баларын жұмыс істеді. Басты мақсат-Қызыл Армия қаншалықты қажет етседе, жұмысшылар бір таңның атысы, күннің батысына қарамастан еңбек етіп, қажет заттарын жіберіп отырды. Облыста екі мыңға жуық әйелдер ер адамдар істейтін күрделі кәсіптерді меңгерді. Ақтөбе ферросплав заводында 33 әйел қысқа мерзім ішінде металлург мамандығын игерді, 47 әйел электр пешін балқыту пультіне тұрды, 80-нен астамы балқытушы болып жұмыс жасады. Облыс еңбекшілері «Қазақстан комсомолы», «Еңбек резертері», «Советтік патриотка» аталған танк колонналары мен эскадрилья құрамына қатысып, 28 млн.сом ақша, 360 мың пұт астық, тағы басқаларын жіберді.
Ақтөбе облысының еңбекшілері басқыншылықтан зардап шеккен Орлов облысын алғанды. Сталинград үшін көптеген приборлар мен жабдықтар жөндеп берілді. Ақтөбе қаласында,соғыстың алғашқы күнінен Ұлы Жеңіс күніне дейін майданға көмек үшін күресіп бір тынған жоқ. Ұлы Отан соғысынан оралмаған біздің 36192 жерлес жауынгерлеріміз бар. Оның 17008 майдандарда қаза тапқан, 1679 ауыр жарақаттардан госпитальдарда қайтыс болған,137 тұтқында қалған, 17368 жауынгер хабарсыз кеткен. Ұлы Отан соғысынан қатысқандар ішінде тірілер аз қалды. Ал оның 5500-і соғыс ардагерлері.
Қазіргі таңда Ленинград пен Сталинградтан өткен бүкіл ерлік жолында қаза тапқандарға ескерткіште қойылған. Ленинград қоршауын бұзуға қатысқандарға Нева «табанында» да ескерткіш бар.
Гранитте ойып жазылған мынандай сөз бар.
- Біз, тіріміз,білгейсіңдер, бұл жерден кеткіміз келген жоқ. Кетпедік те!
- Біз Қарасұр Нева бойында жан алып, жан беріскенбіз.
- Біз сіздер өмір сүрсін деп қаза таптық.
- Қаза болғандардың ерліктері тірілерді қуаттандырады.
Жеңіс күні Ұлы да, тебірентерлік те мереке. Қуаныш және көз жасы, Салтанат пен ешқашан жазылмайтын жан жарасы-осының бәрі, бәрі де біздің Жеңіс!!!
Мына өлең жолдары майданда елін қорғаған жауынгерлерге арналады:

Елі үшін, жері үшін мерт болған, майдангерлер!


Есімдерің есте мәңгі сақталар.
Біздер үшін алып берген Жеңісті,
Ұрпағыңның жүрегінде сақталар.

Бұл Жеңіс оңай бізге келген жоқ,


Ешкім оны оңай сыйға берген жоқ.
Жан берісіп, жан алысып майданда,
Туған елге сағынышын қанмен жазып кеткен ер.

Бұның бәрі кеше өмірден өткендер,


Азат етіп қалаларды болды мерт.
Төксе де оқты боратып,нөсерлетіп,
Бәрін де жеңіп, Жеңіс туын желбіретіп кеткен ер!

Жеңіс туы желбіресін мәңгілік,


Айтайықшы, Жеңіс туын ән қылып.
Жасай берсін тәуелсіздік жерімде,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет