«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет59/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


Қарғалы ауданы, «№2 Бадамша орта мектебі» КММ
Бахиткалиев Мұхамедали Әбуғалиұлы
9 «б» сынып оқушысы
Жетекшісі: Шаудырова Назия Рзахановна
Батылдық-бұл әрбір адамның бойында бола бермейтін ерекше қасиет.Елімізде халық басына күн туса әрдайым елі үшін жанын пида ететін ер жігіттер әлі де бар деп ойлаймын. Себебі, біздің аталарымыз 1941жылы ештеңеден қорықпай жауға қарсы тұрды Ұлы отан соғысының ардагерлері халқымыз үшін ерекше сыйлы адамдар. Қазақ жерінен Ұлы Отан соғысына миллиондаған ержүрек жауынгерлер аттанған. Кітаптан оқып, кинодан көргеніміздей соғыстың әр күні, әр сағаты, әр минуты қорқынышты,қасіретті болған. Сонда да жап-жас ер азаматтар өз Отанына шын берілген жанқиярлықтың арқасында ғана 1945 жылы жеңіске жетті.Ардақты аталарымыз жасаған барлық ерліктер,адамгершілік қасиеттері бізге үлгі бола алады.
Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл! Сан сұрапыл сындардан өтіп, кескілескен шайқастарда ерлікпен де, еңбекпен де жеңіске ұмтылған өр рухты, ер мінезді батырларымыздың армандары орындалған күн! Біздің елдің ардагерлері, халқы соғыс кезінде қандай қиыншылықтарға тап болды?
Бұдан 75 жыл бұрынғы өмірді көз алдымызға елестетсек: бір кезде Кеңестер Одағының құрамында болған Қазақстанның халқы да неміс – фашист басқыншыларына қарсы жан аямай соғысып, ерліктің тамаша үлгілерін көрсеткені баршамызға мәлім. Ұлы Отан соғысы естен кетпес, адамзат тарихында теңдесі жоқ соғыс болды. Соғыстың аты соғыс. Сұм соғыс біреуді жесір етті, біреуді жетім етті, ал біреуді жалғыз ұлынан айырды. Балалығы сұрапыл соғыспен қатар келген біздің бүгінгі ата- әжелеріміз сол уақытта ерте есейген еді. Ойын баласына бейнет күнді айырбастайтын күн туды. Жастарына қарамай соғысқа аттанған кәрілер, енді-енді өмір сүріп келе жатқан жас қыздар, ұлдар «Еліміз, жеріміз үшін!» деген ұранмен алға басқан.
Соғыс туралы ойласам, көз алдыма баласын, жарын жоқтап жылаған аналар, әке мейрімін көрмеген балалар, Отан үшін майданда ерлікпен қаза болған жас азаматтар келеді. Соғыс салған жараның орны, әлі жазылған жоқ. Оның мәңгілікке санамызда қала берері анық. Ата-бабаларымыздың қанымен, терімен келген жеңіс – ең ұлы жеңіс, киелі жеңіс, қадірлі жеңіс.
Ұлы Отан соғысы жылдары ер азаматтармен бірге майдан шебінде ерлік көрсеткен қазақ ұл-қыздары да аз болған жоқ. От пен оқтың ортасында жүріп жаралыларды өлімнен құтқарды. Алайда, сұрапыл қанды қырғында, жас өмірлерін сарп еткен қазақ ұл-қыздарына мың алғыс айту аз. Олардың жасаған ерлігі мен есімдері мәңгі ұмытылмайды.
Сол ерліктердің жемісі-Жеңіс. Жеңіс! Қандай кең мағыналы сөз. «Жеңіс» сөзі бүкіл халыққа бейбіт өмір әкелді, елге тыныштық оралды. Халық ерлігі қай қоғамда, қай идеология кезінде болмасын өшпейді де, өлмейді де, ол адам баласының жадында ғасырлар бойы сақталып ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, өзінің жалғасын таба береді. Бұған дәлел ретінде қоғамда ерте заманнан бері орын алып отырған сан алуан соғыстар тарихы бар. Соғыс бір елдің жеңісімен немесе жеңілісімен аяқталады. Жеңіске жеткен елдердің қатарында біздің ел де бар. Біздің халқымыз үшін жеңіс – ұлы оқиға, бейбіт өмір, ашық аспан, кең дала, айналадағы табиғаттың алуан түрлілігі, жаңа сәбилердің өмірге келуі, туып – өскен жердің, Отанның азат етілуі. Ұлы майданның асыл ардагерлері қаншама!
Тарих үшін Отанын сүюдің шын үлгісін көрсеткен Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сонымен қатар Рейхстагқа ту тіккен Р.Қошқарбаев сынды аға-апаларымыз бір төбе.
Бейбітшілік сүйетін әлем үшін аса қадірлі мереке. Сол себепті де жеңіс мерекесі арамыздағы соғыс ардагерлеріне арналады. Неменеңе жетістің, бала батыр? Қариялар азайып бара жатыр. Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, -деп М. Мақатаев жырлағандай, осы бір айтулы 75жылдыққа аман-есен жетіп, ұлы тойға куә болғалы отырған қариялар саны, жыл сайын қатары сиреп бара жатқаны көңілге мұң ұялатады. Олар жайлы ойламаудың өзі айып.
Адам ерлік жасауды жоспарламайды. Ерлік туғызатын сәт болады. Адам ер атанайын деп ерлік жасамайды. Дәл солай біздің ардагерлер де жас кезінде әлі балалық шағын өткізіп жатқан еді, соғыс олардың ерте ер жетуіне әсер етті. Асыл парызын орындап халық батыры атағын алу әрбір адамның қолынан келе бермейді. Себебі соғыс кезінде адамның бойында үлкен үрей, қорқыныш болады. Осындай ел басына қиыншылық түскенде жігіттің жігіттігі сыналады. Біздің ардагерлер өздерінің нағыз отанын сүйетін, патриоттық рухы бар ер жігіт батыл қыз екенін дәлелдеді.
Ардагерлеріміздің ерліктері бізге үлгі бола алады ма? Әрине, олардың істеген әрбір қимылы үлкен ерлік. Қазіргі заманда бізге патриоттық рух керек, әрине, ол рухты соғысқа емес, елдің халықтың жағдайын көтеру үшін жұмсауымыз қажет. 21 ғасыр техналогия дамыған заман, Қазақ елінен шыққан көптеген азаматтарымыз шет елдерде жақсы оқуда оқып, сол жақтан алған білімдерін еліне әкеліп, елді дамытуда. Бұл жастарымыздың бойында патриоттық рухтың бар екенін дәлелдейді. Өкінішке орай, кейбір жастарымыз Қазақстанда мүмкіндік жоқ деп шет елдерде қалады. Менің ойымша, бұл еліне деген махаббаттың, патриоттық сезімнің жоқтығынан. Біз еліміздің жастарының патриоттық рухын оятып елге деген махаббатын күшейтуіміз қажет. Себебі еліміздің болашағы осы біз жастар! Үлкендерден ақыл алып олардың ерліктерін есімізге түсіріп отырсақ өзімізде дәл сондай елін сүйер елжанды бола аламыз.
Қорытындылай келе, ата-әжелеріміздің ерліктеріне мәңгі сыйластықпен патриоттық рухпен қараймын. Аяулы жандардың арқасында дәл қазір біздің ел бейбітшілікте, еркіндікте өмір сүруде. Менің осындай ержүрек батыл адамдарға алғысым шексіз.
Осындай елге сыйлы адамдардың ерліктерін осы ардагерлердің ұрпақтары яғни біз жалғастыратын боламыз, тіпті дәл солай әлемдік сауда технология соғысында осы ардагерлердің ерліктерін қайталап жеңіске жетеміз! Ел басына күн туса елім үшін ерлік іске дайынмын. Мектепті бітірген соң, жүрегім қалаған мамандықты таңдап, еліме адал қызмет етемін. Қазір де арамызда елі үшін жанын берер ер жүрек ұлдарымыз бен қыздарымыз бар. Соғыссыз-ақ ерлік істеріміз көп болсын деп тілеймін. Бізге осындай өмір сыйлаған соғыс ардагерлеріне,тыл ардагерлеріне басымды иіп тұрып мың тағзым етемін!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет