«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет67/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


Ақтөбе қаласы, «№18 орта мектебі» КММ
Төлегенова Қарақат
9 «А» класс оқушысы
Жетекшісі: Мәліков С.М.

Қазақ елінің батырлары ержүрек, батыл, батыр, елінің қорғанышы. Ата – бабаларымыздың шыншыл, ержүрек болып келгендіктен қазір біз осындай бейбітшілік әлемде, бейбіт өмірде өмір сүріп жүрміз. Қазақтарда мынандай бір сөз барғо «Ер есімі-ел есінде»деген, бұл сөздің мағынасы өте зор. Осы сөзге сай келетін қазағымызда батырлар өте көп. Мысалы: Б.Момышұлы, Ш.Айтматов, М.Жұмабаев жәнеде өте көп осындай ешқашан аты өшпейтін батырларымыз қазақ елінде өмір сүргеніне қуаныштымын. «Ер өлсе аты өлмейді» жәнеде «Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі» деген мақал барғой. Міне біздің еліміздің батырлары нағыз батыр дейтін атқа ие болған.


Адамзат тарихында бойында алыып күші бар ерекше жаратылған жандар аз болмаған. Олар туралы халық аңыз әңгімелер, жырлар шығарып, есімдері мен ерлік істерін әспеттеп естесақтаған.
Қазақтың батырлары халықтың есінде. Қазақтың батырлар жыржырларының кейіпкерлері Қобыланды, Алпамыс Ер Тарғын, Қамбар батыр сияқтыалып күш иелері, қайтпас қайсар жаужүрек, мыңға жалғыз шапқан батырлар халықтың есінде әлі күнге дейін сақталып келеді.
«Ұлың құл, қызы күң болып кетпесе екен. Басыңнан бақыт құсы кетпесе екен. Қор болып тордай тозған сорлы қазақ,көл қылып көздің жасын төкпесе екен!»-деп Оспан Батыр кезінде ұрпағы үшін, елі, жері үшін осылай шырылдаған екен.
Қазақ батырларына деген сүйіспеншілігіміз ешқашан өшпеу керек. Себебі біздің осылай тәуелсіздікте өмір сүріп жүргеніміз сол кісілердің арқасында екенін ешқашанда жадымызда шығармаумыз қажет.
Біздің батырларымызға жыр шығарған адамдар көп болған. Соның ішінде ержүрек батыл батырларымыз Наурызбай батыр, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр. Бұл батырларымыздың есімдері ешқашан өлмейді.
Біздің қазақ батырларымызды дүниеге әкелген батыр аналарға алғысым шексіз. Батырлар олар қандай қиындық келседе қарсы тұра білген адамды айтады. Ал ондай адамдар өте аз. Сол себепті ұрпақарымыз сол Қабанбай, Наурызбай батырлар секілді болса екен деп тілеймін. Себебі сондай батырларымыз барда қазақ еліне ешқандай қауіп төнбейді. Кезінде батырларымыз көп жаттығып табиғи өнімдерді көп жегендіктен.Соның ішінде қазақ халқының еті, қазы-қартасы. Бұл тағамдар батырларымызғакүш берген.
Соғыс десе адамдар, халықтар қорқып үрейленіп отырады. Сол соғысқа ешқандай қорқынышсыз сенімділік пен батырлар ғана қатыса алады. Сол батырдың ішінде ержүрек батыр қыздарда болды. Соның ішінде мерген қыздарымыз Әлия Молдағұлова. Ақтөбе қаласы Қобда ауданында 1925 жылы 15 маусымда дүниеге келген. Ол өзінің мергендігімен көзге түскен. 1944 жылы 4 маусымда Кеңес Одағы Батырыатағы берілді. Ерлерден көзге түсіп Бауыржан Момышұлы десе әрбір адамның көз алдына қатал мінезді адам көрінеді. Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 жыл - 10 маусым 1982 жыл) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.
Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады.Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады. 1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. 1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери мамаң ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды. Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды. Бауыржан Момышұлы - әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылды. Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады. Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алады. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет