Туған жердің батырларына мың тағзым!
Ақтөбе қаласы, «№18 орта мектебі» КММ
Амангелдина Ақтолқын
7 «Б» класс оқушысы
Жетекшісі: Карасаева Г.Б.
Менің туған жерім – Қазақстан. Қазақстан кең-байтақ жер. Қазынасы көп, байлығы мол өлке. Табиғаты өте сұлу, ғажап мемлекет. Мөп-мөлдір бұлақтары, өзен-көлдері, биік-биік таулары бар. Мемлекетіміз өзінің сирек кездесетін жануарларымен және емге шипа өсімдіктерімен ерекше деп ойлаймын. Демалуға өте қолайлы жер. Таза ауа бір рахаттанып қаласыз. "Отан - оттан да ыстық"- деп бекер айтпаған секілді. Ал Отан- Отбасынан басталады. Мен Отбасымнан бір – екі күн алыс кетсем қатты сағынамын. Яғни Отанымды сағынамын. Сол үшінде әр адамға өз Отаны ыстық болады. Ұмытам десеңізде ұмыта алмайсыз. Өйткені сіз сол жерде туып өстіңіз. Жүрегіңіз елім деп соғып тұрады. Қазақстандай егемен, тәуелсіз елде ата – ана, бауырларынмен бірге тұрған өте жақсы емеспе! Туған жерімнің мен үшін ең қымбат екенің сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Осындай елде туып өскеніме қуанамын және мақтан тұтамын. Бейбіт заманда бақытты өмір сүріп жатқанымыз ғажайып емес. Еліміз, жеріміз деп өз өмірлерін құрбан еткендер бар. Яғни біз үшін, сіздер үшін отқа түсті. Қаншама қан төгілді. Осының бәрі неден басталды деп ойлайсыздар? Зұлым фашистер тұтқиылдан баса көктеп шабуылдады. Сіздерге соғыс өткен уақыт тез болуы мүмкін. Алайда жер үшін, адамдар үшін күні – түні ұйықтамады, күндер бойы аш жүрді, жарақаттанды. Балалар ата – аналарынан айырылып, ата – аналар балаларынан айырылды, туған – туыстарынан айырылды. Бұл менің естіген ең қорқынышты да, аянышты оқиға болды. Соғыс – бұл қан – төгіс, қаншама адамның көз жасы. Мен соғыс болғаның ешқашан қаламаймын. Осы кезде намысты қолдан бермеген ержүрек те, батыр аға – апаларымызды атап өткім келеді олар: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова . Әлия Молдағұлова және Мәншүк Мәметова құралайды көзге атқан мергендер. Олар тарихта өшпес із қалдырды. Өздері жетім бола тұра, басқа балалардың жетім болмауы үшін күресті. Мен оларды әрқашан есіме алып жүремін. Біз үшін өмірін қиған адамға, менде өз өмірімді құрбан етуге дайынмын. Қазір міне, бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Ал 1941 жылы тыныш өмір сүріп жатқан адамдардың тыныштығын бұзды. Соғыстан кейінде бақытсыз өмір сүріп жатқандар да бар. Бірақ олар жеңісті қолдан бермеді. Біз батыр аға – апаларымыздан үлгі алуымыз керек. Қазір қолымыздан келетіні оларды еске алу. Көшеде батырларымыздың ескекрткіштерін көрсем тамсана қараймын. Олардың нәзік, сұлу бейнесі тап бір шын өмірде көргендей көзіме елестейді. Енді біз жеңіс күнің асыға күтіп, жыл сайын тойлаймыз. Мен үшін бұл күн патриоттық сезімді ояту күні секілді сезім қалдырады. Неге екенін білмеймін бірақ, өзім соғысқа қатысып келгендей боламын. Сүйікті мерекем 9 мамыр! Менде батыр апаларым сияқты елім үшін көп белестерді бағындырып, өз үлесімді қосамын. Ешбір адамның көз жасы төгілмесін. Туған жердің батырларына мың тағзым!
Достарыңызбен бөлісу: |