«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет66/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


Ақтөбе қаласы, «№18 орта мектебі» КММ
9 «А» класс оқушысы
Ахонғалиева Райымгүл
Жетекшісі: Мәліков С.М.
Туған жер бұл біздің кіндік қанымыз тамған жер. Туған жердің ауасы,жусанының иісі, топырағы, өзен-көлі бәрі-бәрі мен үшін қымбат. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас».
Менің Отаным - Қазақстан. Қазақстан - бейбіт ел. Бейбіт ел аталатын себебі: еліміздің әр шетінде әр түрлі ұлттар мекендейді. Барлық ұлт бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде. Осы бейбітшілік пен тәуелсіздікке біз оңайлықпен жеткен жоқпыз. Ата-бабаларымыз жау алдында қаншама қан төккен, жанын алсада Тәулесіздікке жету жолында аянбады.
Тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадам 1465 жылы Қазақ хандығының құрылуы кезінде жасалынған болатын. Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек хандар. Үш жүздің басын қосқан Әбілхайыр хан, одан бері Абылайхан, Қобыланды батыр,Исатай мен Махамбет, Бауыржан Момышұлы т.б көптеген батырлар бар. Қазақтан шыққан екі мерген қыздар: Әлия мен Мәншүк.
Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлова - Ақтөбе қаласының Қобда ауданында 1925 жылы 15 маусымда дүниеге келген. Ол өзінің мергендігімен көзге түскен 1944 жылы 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді.
Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова - 1922 жылы Батыс Қазақстан Орал қаласында дүниеге келген. Батыр қыздың шын есімі - Мәнсия.Мәншүк өзінің мергендігмен және қайтпас қайсар мінезімен көзге түскен. Ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапқан.
Сол жылдары елім деп, жерім дегендер қаншама. Батырларға рух беріп, шындықты ақ қағазға жазған ақындарда,жыршы,жыраулар да болды. Мысалы, солардың бірі Сырбай Мәуленов Ұлы Отан соғысы кезінде қазақ батырларына арнап өлең жазды. «Соғыстан қайтқан солдаттар»
-Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға,
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдіңбе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?
Қазақ жастарын қыстың қақаған суығына тоңдырған «Желтоқсан оқиғасы» кезінде қаншама жастар құрбан болып,қаншамасы жау қолында кетті. Бұл көтеріліс 1986 жылы желтоқсанның ызғарлы күні болған. Көтеріліске қатысушылар: Ләззат Алтынайқызы Асанова; Ербол Сыпатаев; Сабира Мұхамеджанова; Қайрат Рысқұлбеков, сынды жастар. Бұл көтеріліс жастарды аямады. Қыз балалардың шашынан сүйрелеп, құздан құлатып, қарсы шықандарға өлім жазасы беріліп жатты. Қазақтарды аямаған бұл көтеріліс жастардың Брежневке қарсы алаңға шығуы еді.
Рейхстагқа бірінші болып жеңіс туын тіккен Рахымжан Қошқарбаев. Бұл сәуір айының 30 күні 18 сағат 30 минутта болған еді. Рахымжан Қошқарбаев 1924 жылы Ақмола облысы, Тайтөбе ауылында дүниеге келген. Рейхстагқа ту тікені үшін «Жауынгерлік Қызыл Ту» орденімен марапатталды.
Қанша жерден осындай қиын болсада, ешкімнің сағы сынған жоқ. Керісінше бар бойындағы күш жігерлерін жинап Отанына деген ыстық сезімімен қолдарына қару алып жауға қарсы тұрды. Соғыста қаза тапқандардың рухы бүгінгі ұрпақтарымызға үлкен тәрбие.
Елімізге жау шапқанда Отамыздыздың тәуелсіздігін қорғауда ерлік пен қайсарлық көрсеткен осы батырларымыз үшін тағзым етеміз!!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет