«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Реклама 13 Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет65/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Реклама 13
Туған жердің батырларына мың тағзым!


Шалқар ауданы, «І.Үргенішбаев атындағы ЖОББМ» КММ
Әзиева Дильназ

«Кімнің жерін жерленсең,cоның жырын жырларсың» дегендей әрбір адам үшін туған жері, елі әрқашан бірінші орында. Және сол жері үшін барлығына дайын болады. Туған жер әрбір адамның жүрегінде ерекше орын алады. Міне, осы себептен ақ әрбір адамзатта туылғаннан бастап отанға деген керемет сүйіспеншілік сезімі оянады. Сол отан үшін барлығына қарсы тұруға дайын болады. Яғни, әрбір елдің өзіндік патриоттары болады. Дәл сол секілді біздің туған жеріміз, еліміз деп күрескен батырларымызды айтпай кете алмаймыз.
Елімізде бұрын соғыс болғаны бәрімізге де мәлім. Соғыстың сипаты — Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Кеңес Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды. Яғни, еліміздің әрбір қаһарманы өз жерін қорғауға ұмтылды.
Олар болмағанда қазіргі таңда бейбітшілік болатынына кім кепіл? Біздің туған жеріміз үшін олардың еңбегі өте зор. Бейбітшілік үшін өз жандарын қиған батырлардың орны біз үшін бөлек. Олардың ерліктерін біле тұра атын атап кетпеу мен үшін қате деп ойлаймын. Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Төлеген Тоқтаров, Талғат Бигелденов, Ідіріс Үргенішбаев, Әліби Жангелдин, Рақымжан Қошқарбаев. Ал олардың ерліктеріне жеке-жеке тоқталатын болсам. Бауыржан Момышұлы батырымыз Панфиловтың ең жақын шәкірті болған, гвардия полковнигі,әрі әскери жазушы да болған. Батыр әпкеміз Әлия Молдағұлова атқыштар бригадасының мергені. Мәншүк Мәметова пулеметші болған. Әліби Жангелдин, Ідіріс Үргенішбаев, Талғат Бигелденов партизан қозғалысына қатысқан даңқты батырлар. Бұл батырлардың ерліктері еленбей қалған жоқ. Кейбір жерлерге, мектептерге осы батырлардың аттары берілді. Мысалы, Ідіріс Үргенішбаев атағын иемденген біздің мектеп. Мектебіміздегі әрбір оқушы жадында Ідіріс атамыздың ерлігі жаңғыруда. Әлия Молдағұлова атына берілген музейлер,саябақтар,көшелер де жетерлік. Әліби Жангелдин батырға да мектеп аты берілген. Ұлы Отан соғысында болған әрбір батыр құрметке лайық. Жаудың елу танкісіне қарсы жекпе-жек шайқасқан батырлардың жартысынан көбі қазақ болды. Кейбір батыр ағаларымыз бен апаларымыз басқаларының қамын ойлағандықтан өздерін танкі астына салуға мәжбүр болды. Бұл жағдайлардың барлығы, денені түршіктендіретіндігі рас. Осы ерліктері үшін де түрлі ордень, медальдармен марапатталды. Солдат ерлігі орденінің толық иегері — 142 қазақстандық. Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар — 96638 болған. Шындығына келгенде бұл батырлар көкке көтеріп мақтауға лайықты. Және де тек солардың арқасындла ғана бостандыққа қол жеткізгенімізді ұмытпауымыз керек.
Міне, осылайша Кеңес халқы мен оның Қарулы күштері өздеріне қас жау болған фашисттерді талқандады.Ұлы Отан соғысында жанын қия күресіп,елін фашизмнің қанды шеңгелінен құтқарып жеңімпаз халық атанды.
Осындай қанды жолмен келген жеңістің тарихын ешкім де ұмытпайтыны сөзсіз. Осының ауыр сабақтары жас ұрпақты ерлікке,отанға деген сүйіспеншілікке баулуда. Ұлы Отан соғысы тұсында жеңіске тілектес болған ақын-жыраулар да аз болған жоқ. Қорытындылай келе, мен жас ұрпаққа осы қанды жолмен келген соғысты ешқашан ұмытпауын, әрдайым санасында жаңғыртуын сұрар едім. Ғабиден Қожахмет ақынның «Соғысты көрген тағдырлар» өлеңінде сұрапыл соғыс батырларды құрметтеуге шақырады:
Қиындық кезең сындары
Ерліктің отын маздаттың.
Соғыстың сұрапыл жылдары
Тағдыры талай боздақтың,
Жеңістің мәнін ұғасың,
Бағасын білсең бұл күннін.
Сұрапыл жылдар куәсін
Құрметтей, ұрпақ, жүр бүгін,-осындай сұрапыл соғысты көзімен көрген бізге ашық аспан мен бейбітшілікті алып берген ардагер батырларымызға басымызды иіп,тағзым етеміз!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет