«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы



бет62/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Ұлы жеңістің 75 жылдығы!


Ақтөбе қаласы, М.Құрманғалиева атындағы № 32 мектеп-гимназиясы
Асқаров Асылбек
8 ”А” сынып оқушысы
Жетекшісі: Куанышева Р.К.

“Жалған солдат болуға біздің құқығымыз жоқ! Біз ерліктің екі бірдей мектебінен тәлім алдық. Біз шығыстың Қобыланды, Тарғын секілді батырларынан ерлікті бір үйренсек, ал орыс халқының қолбасшылары Суворов, Кутузовтан екі үйрендік. Біз Исатай мен Махамбетті, Амангелді мен Абайды дүниеге алып келген халықтың балаларымыз. Біз намызқой қаһарман елдің балаларымыз! Біздің қылышымыз фашист немісінің қанымен суарылуы керек. Жеңіс біздікі болады!”,-деген Баубек Бұлқышевтың хатының үзіндісінен шығармамды бастауды жөн көріп тұрмын. Қазақ халқы бүгінгі бейбіт күнге жету үшін талай қиыншылықты басынан өткеріп, талай құрбандыққа барғанын біз ұмытсақ та, тарих беттері ұмытпайды. Ол-өмір заңы. ХХ - ғасырдың 30 жылдарындағы нәубеттен әрең аман қалған қазақ халқын енді сұрапыл соғыс күтіп тұрған болатын.Ел басына күн туған сәтте толарсақтан саз кешкен ержүрек халқымыздың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына Ұлы Отан соғысының қатпарлы парақтары куә.


Ештеңе жоқ еліміздің жадында.
Тұт қиылдан соғыс ашты Гитлер,
Жерімізді жаулап алу жолында.
Қара бұлт үйірілгенде аспаныма,
Елін, жерін бермеу үшін жат қолына,
Қан майданға аттанды боздақтарым,
Жиырмадан жаңа асқан жас шағында
Осыдан 75 жыл бұрын, 1941 жылдың 22 маусымында миллиондаған адамның өмірін қиған, адамзат тарихындағы ең қатал және қаң төккен соғыс басталды. Қан мен дерт, шығын мен жеңілістің ащы дәмі, туыс және жақын адамдардың өлімі, ерлікпен қарсыласу және қайғылы тұтқын, тылдағы әл кеткенше аянбай төккен еңбек және, ақырында, қорқынышты жауды алғашқы жеңіс – бұның барлығы 1941-1945 жылдары болды.
Шаттық әні қайғылы күнге,нұрлы күнді қара түнге айналдырған, тыныш жатқан халықты бір-бірінен ажыратып, анасын баласынан, ,бауырынан, әкесінен айырған сұрапыл соғыс басталғанда “Бәрі де майдан үшін,бәрі Отан үшін” деген ұран ғана ел жүрегіне рух беріп, жұбатқандай. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек. Бұл – біздің елімізге төнген үлкен қауіп, әрі сын еді. Отанымызды қорғауға еңбектеген жас та, еңкейген кәрі де аттанған болатын. Сол кездегі Кеңес Одағының құрамындағы басқа халықтармен бірге жауды талқандап, жеңіске жетуісіне Қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты.Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді. Елдің сенімін ақтап, ерліктің ерен үлгісін көр­сет­ті.­ Олар­дың бәрі де кеуде­ле­­рі­не орден, медальдарды жар­қы­ра­та тағып, Отанына абырой­ әкелді. Бау­­ыр­­жан Момышұлы, Әлия­ Мол­­да­­ғұ­лова, Талғат Бигелди­нов,­ Мән­шүк Мәметова, Ибрагим Сүлейменов, Сұлтан Бай­ғам­бе­тов сынды көптеген батыр­ тұлға­лар­дың есімі еліміздің жүрегінде мәңгі сақталады. Осындай есіл аза­мат­тардың арқасында жеңіс туы желбірегенін кейінгі ұрпақ еш­қа­шан ұмытпайды.Маған майдан үшін,ел үшін тер төккен әрбір жан тұлғасы қашанда мұзарт шыңның басында еркіндікке ұмтылған қырандай елестейді.
Тірек болған еліме,
Туым едің сен алғаш.
Ленинградтың төріне,
Жау аяғын баса алмас,-деп Жамбыл атамыз тек қазақ жауынгерлеріне емес,бүкіл Кеңес Одағы әскерлеріне рух берген болатын.Әрине, өкініштісі аттанған миллион екі жүз адамның өкнішке орай тең жартысы елге, туған жеріне орала алмады.
Осы жақында үй жинап жүріп, әкемнің жинап қоятын ескі газеттерін жинастырып жатқанда ортасынан бір газет сусып түскен болатын. Сол сарғайған әкемнің газетінің бетіне көз жүгіртсем, Нүркен Әбдіров төңірегінде шағын мақала бар екен сол мақаланы мен көз жанарымды алмастан оқып шықтым.Нүркен Әбдіров 16 рет әуе шайқасына қатысып, фашисттердің 12 танкісін,28 жүк автомобилін,оқ-дәрі тиеген 18 машинасын жойған екен.Сонымен бірге 50-ден астам неміс солдаты мен офицерін жер құштырған. Қазақтың хас батыры Нүркен Әбдіров жаудың Сталинград шебіндегі қорғаныс бекітінде бірнеше взводты, 6 танкіні жойғанда өз ұшағы да зақымданыпты. Жалын шарпыған ұшағын жау техникасы шоғырланған тұсқа бағыттап, қаһармандықпен қаза табады. Ол өзі сол әуәге шықпас бұрын былай деп хат жазып кеткен екен: ”Егер біз фашисттерді құртпасақ, олар біздің түбімізге жетеді. Сөйтіп, келешек ұрпақтың қуанышты, бақытты өмірімен қоштастыратын біздің еш қақымыз жоқ. Біз қалайда оны жеңіспен аяқтауымыз керек!”,-деген екен. Мен Нүркен ағамыздың бізге қалдырған осы бір ауыз сөзі бүгінгі ұрпақ үшін ел аманатын орындау деп түсіндім. Міне жап-жас жігіттің осы айтқан сөзі газет бетін оқып отырған сәтте,тамағыма өксіп тығылды. Не деген батыр, не деген қаһарман еді. Осындай ұлы тұлғаларды, қаһарман батырларды есімізге сақтап,қашанда олардың біз үшін жасаған ерлік ісін жоғары көтеріп жүру менің де басты парызым деп қолыма қалам алдым.
Батырлық қылықтары туралы айтсақ, соғыс жылдары, әсіресе өз жарларының, әкелерінің және ағаларының орнында станоктарда, тракторларда ауыстырған, тылдағы «ерлердің» мамандықтарын игерген әйелдердің, қарттардың және балалардың еңбек ерліктері туралы айтқым келеді. Коммунисттік партияның шақыруы – «Барлығы майдан үшін, барлығы жауды жеңу үшін» - бүкіл кеңес халқымен белсенді қолдалды. Өз елі үшін тратористтің, комбайнердің мамандығын алып таңнан кешке дейін тер төгіп жұмыс жасап, кешке майданға жіберу үшін қолғап, шұлық тоқу арқылы бірнеше адамның жұмысын жасау тек қазақ әйелдерінің қолынан ғана келеді.
Айбынды білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректері мен қайрат күштерімен кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында 9 – мамырды Жеңіс күні деп атап өтеміз. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, туған жер топырағына аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған,қамқор болған арттағы қалың еліне қамығып жеткен Жеңіс күнін асылдың сынығындай бізбен бірге жыл сайын тойлап келуде. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ұлы Жеңіс – Қазақстан тарихының жарқын беттерінің бірі. Бұл – қан майданда от кешкен соғыс ардагерлері мен сол жылдарда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін»деп, құлақтары жастыққа тимеген тыл ардагерлерінің мейрамы» деп атап өткен болатын. Бүгінгі ұрпақ – өзіміздің бейбіт өмірімізде, алаңсыз күлкімізде, тыныш ұйқымызда, тербелген тал бесіктің қуанышында Отанды қорғаған аталарымыз бен әжелеріміздің мәңгілік үлесі тұрғанын ұмытпай, аталарымыздың ұрпаққа аманат етіп қалдырған Ұлы Жеңісін қадірлей білейік.
Ата-бабаларымыз сұрапыл соғыс жылдарында жандарын пида етіп, болашақ ұрпақтарына осынау бейбіт күндерді сыйлады. Ұрпақтары оларға әрдайым қарыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет