«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет60/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


Хромтау ауданы, Нұрлы-көш орта мектебі Самұрат Батырхан
Жетекшісі: Коразбекова Мариям Курбанбаевна


Ана үшін аянба, ант ұрады.
Бала үшін аянба, бетің күйеді.
Ел үшін аянба, ерлігіңе сын.
Жұрт үшін аянба, жігіттігіңе сын!


Бауыржан Момышұлы

Батыр! Батыр деп кімді айтамыз? Алдымен осы сұраққа жауап берер болсам, мен Бауыржан Момышұлы атамның жоғарыдағы сөзін басшылыққа ала отырып, елі үшін де, жері үшін де аянбай, өз жанын қауіпке тігіп, жаумен соғыста ерлігін де, жігіттігін де көрсете білген асыл ардагерлерімізді айтар едім. Өйткені, олар кез келген сәтте өздері оққа ұшуы мүмкіндігін біле тұра, бұғып қалмай, жауға қарсы соғыса білген нағыз батыр, нағыз ержүрек жауынгерлер еді.


Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл толып отыр. Бұл біз үшін айтулы мереке болуы тиіс. Өйткені, 1941-1945 жылдар аралығында өткен Екінші Дүниежүзілік соғыста қанша ер-азаматтар ел қорғау жолында мерт болды. Қаншама аналар балаларынан, қаншама балалар әкелерінен айрылған сұм соғыстың зардабы әлі күнге дейін кейбір отбасылар үшін әрі өкініш, әрі мақтаныш. Өйткені, олардың ең жақын адамдары Отан үшін от кешіп жүріп, ел қорғау жолында қаһармандық танытқан асыл азаматтар бола білді. Бірақ, кім өз жақынын ажалға қияды. Олар үшін оның да өзіндік бір қимастығы, өкініші болса керек.
Бір қуантарлығы мен тұратын Хромтау ауданы, Көктау ауылында осы Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Ол - Чернышов Василий Кондратьевич. Бүгінгі таңда күннен күнге сиреп бара жатқан ардагерлердің қатарындағы бұл азаматпен мен ауылдас болғанымның өзін мақтаныш көремін. Өйткені біз, бұрындары жыл сайын ардагер атаны мектебімізге қонаққа шақыратын едік. Жеңіс күніне арналған салтанатты мерекенің төрінде отыратын атаға бәріміз қызыға қарап, оның төсіндегі медалдарына үңілетінбіз. Бірақ, соңғы жылдары ата жасының үлкейгеніне байланысты ондай шараларға көп қатысудан бас тартады. Біз тек атаның үйіне барып, ересек балалар қыста отынын жарып, дайындап береді. Ал біз қарын күрейміз. Кей кездері бізбен бірге қыз балалар да еріп барып, атаның үйінің шаруасына көмектеседі. Мұндай жұмыстарды біз өзіміздің борышымыз деп санаймыз. Биылғы еріктілер жылында бізден жоғарғы кластарда оқитын ағаларымыз атадан жиі хабар алып, қажетті шаруаларын жасап беріп жүр.
Тіпті соңғы кездері атамен суретке түсудің өзі бір ғанибет. Ол кісі суретке түсуді де онша ұната қоймайды. Үлкендер жасы ұлғайғандыкі десіп жатады. Ал мен, басқаша ойлаймын...

Чернышов Василий Кондратьевичті бәрі құрметтейді. Ол атаны сипаттау өте қиын. Ол – мейірімді, ақкөңіл, балаларды жақсы көреді. Бірақ, жоғарыда айтқанымдай суретке түсуді аса ұнатпайды. Үлкендердің жасы ұлғайғандыкі деген пікірімен келіспейтін себебім, мен үшін ата өте жұмбақ жан сияқты. Оның жүзіне қарасаң, сұм соғыстың ізін көретіндеймін. Шүңірейген көзі майданда талай зұлматты көргенін байқатады. Меніңше, бүгінгі балалар үшін, яғни біз үшін таусылмайтын әңгімеге арқау болатын соғыс туралы түрлі сұрақтар қызықты болғанымен, ол кісі үшін ауыр шығар, мүмкін. Ал біз ардагермен суретке түсуді мақтан көрсек, ол кісі тіпті де мақтанғысы келмейтін сияқты. Сондықтан да ол суретке түскісі келмейтін болар деп ойлаймын...
Туған жердің батырларына мың тағзым! Мен Василий Кондартьевичтің және осы ата сияқты ардагерлерді әрдайым ескеріп, қажет жерінде үнемі қамқор болуымыз керек деп ойлаймын. Өйткені, ол кісінің бізге бергені көп. Олар Жеңіс атты үлкен қуанышты жеткізгендер, сол Жеңіс жолында өлшеусіз ерлік жасап, еңбек еткен жандар. Сонымен қатар, майдан даласында қолына қару ұстап, жауға қарсы оқ жаудырмаса да, күндіз-түні сұм соғыстың бітуін тілеп, тер төккен жандар да болды. Олардың жалғыз ұраны «Бәрі де майдан үшін!» болған. Демек, майдандағы жауынгерлерге тамақ пен киім-кешек болсын деп тынымсыз жұмыс жасаған жандарға да қамқор болып, әрдайым қолқабыс еткеніміз дұрыс. Біз ол кісілерден батырлықты, еңбекқорлықты, жігерлілік пен биік рухты байқаймыз, солардан үйренеміз.
Мен өзімді бүгінгідей тәуелсіз, бейбіт елде өмір кешіп жатқанымыз үшін өте бақытты балалармыз деп санаймын. Себебі, бұдан 75 жыл бұрынғы жылдардағы балалар аналарына көмектесіп, егіс алқаптарында жұмыс жасаған. Ал біз бүгін сол батырларымыздың желбіреткен Жеңіс туы арқасында бақытты да бейбіт өмір кешіп жатырмыз Бұл үшін біз туған жердің батырларына бас июіміз қажет. Себебі бізге бүгінгідей мамыражай өмір сыйлаған – Отан үшін отқа түскен ардақты ардагерлеріміз.
Ендеше, мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл толуына орай аулымыздағы жалғыз ардегер Чернышов Василий Кондратьевичке алғыс айтамын. Бұл атаға денсаулығы мықты болып, әр жыл сайын Жеңіс тойын көріп, бізбен бірге тойлап жүре берсе екен деп тілеймін. Сонымен бірге, еліміздегі барлық ҰОС ардагерлеріне басымды иемін. Біз де осы кісілер сияқты батыр да жігерлі болып өсіп, озық білім мен дамыған техникалардың құлағында ойнап, елімізді әлемге танытсақ деп мақсат қойып отырмын.
Туған жердің батырларына мың ТАҒЗЫМ!!!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет