«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет56/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!




Ақтөбе қаласы, «№18 орта мектебі» КММ
Куракбаева Минура
6-класс оқушысы
Жетекшісі: Бижанова Б.Ж
Мен Куракбаева Минура, 6 сынып оқушысымын. Менің туған жерім Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы. Мен өзімді ең бақытты адаммын деп санаймын. Неге? десеңіздер, себебі мен батыр өмір сүрген жерде өмір сүремін.
Биылғы 9 мамыр күні Ұлы жеңіске 75 жыл толады. Сіздердің араларыңызда Жеңіс есімді аталары бар балалар көп шығар. Ол кісілердің атын ұлы жеңістің құрметіне қойғаны анық. Демек, биыл жеңіс есімді ата да 75 жасқа толып отыр.
Сендер де, сендердің әкелерің де,тіпті кейбіреулерінің аталарың да соғысты көрген жоқ. Сондықтанда біз бақытты ұрпақпыз. Ал бізге бейбіт те бақытты өмірді сыйлаған кім? Олар 1941 жалы маусым айының 21-де басталып, 1945 жылдың 9-шы мамырында жеңіспен аяқталған Ұлы отан соғысына қатысқан біздің бабаларымыз бен әжелеріміз. Олардың көпшілігі бүгінде біздің арамызда жоқ. Бірақ есімдері мен ерліктері біздің жадымызда...
Ұлы отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 200 мың адам қатысты. Олардың 400 мыңы әйел адамдар еді. Соғыз кезінде отан үшін, ел үшін талай боздақтар жанын пида етті. Олардың көпшілігінің жастары 17-18-де еді. Басым көпшілігі ұлы жеңісті көре алмай, кейінгі ұрпақты бақыты үшін жат жерде көз жұмды. Соғыс жылдарында елде қалған қариялар мен аналар,кішкентай балалар күн демей түн демей аш күйлерінде еңбек етті.
Соғыс кезінде Қазақстаннан барған 500 жауынгерелер мен офицерлер,оның ішінде 100 қазақ ұлтының азаматы кеңес одағының батыры деген ең жоғары атаққа ие болды. Солардың бірнешеуін атап өтпекшімін Қасым Қайсенов, Рахымжан Қошқарбаев, Бергин Исаханов, Сейтқасын Әшімов, Садық Әбдіжапаров, Хамета Қожақызы.
Жеңісті көрмей қаншама жастарымыз соғыс кезінде өмірден өтті. Жас батырлардың бірі, Тоғанбай Қауынбаев Оңтүстік Қазақстан облысы, 69-шы атқыштар дивизиясында жауынгер болған, 1923-1943 ж. Құрманбай Ырысбеков, Оңтүстік Қазастан облысы, 42-атқыштар девизиясының командирі болды, 1922-1943 ж. Нарсұтбай Есеболатов Алматы облысы, 1913-1941 ж. және де Ережепбай Молдабаев Оңтүстік Қазақстан, 389-девизиясының жауынгері, 1925-1944ж.
Мына бір өлең жолдары жас батырларымызға арналғандай,
Отан үшін! Жеңіс үшін!
Деп салдаттар салып ұран,
Көтерілді атакаға,
Оққа қарсы жауып тұрған.
Сол мезгілде бір жауынгер
Шайырылдыма,сүріндеме
Көкірегін қолмен басып
Құлады, сәл жүгірде де
Жығылды ол, жығыпты оқ
Ақты қаны ердің жерге
,,Тағы бір жеңдім," дер ме?
-Жоқ, жоқ! Ажал, қателестің
Әлі бойда қайратым бар.
Менің туған жерімнің батырлары, Абдолла Жанзақов 1918 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданында туған. "Ерлігі үшін" медальмен. ІІІ орында Даңқ орденімен марапатталды. 1944 жылы 22 шілдеде ұрыста қаза тапты.
Әлия Молдағұлова 1924 жылы 20 сәуірде Қобда ауданы Бұлақ ауылында туған. Ол өз еркімен 1942 армияға барады. 22-армиясында 54-атқыштар бригадасында ұрысқа қатысады. Ол фашистердің пунктін алардағы ұрысыта 1944 жылы 15 мамырда қаза тапты. Қожабай Жазықов 1920 жылы Байғанин ауданы, Көктүбек ауылдында дүниеге келген. 25-Синельников атқыштар двизиясының барлаушылар командирі болған. Елге жеңіспен оралды.
Малкеждар Бөкенбаев 1924 жылы Жұрын ауадында туған. 1942 жылы армияға шақырды. 1081-атқыштар дивизиясының взвод командирі. Соғыстан елге ерлікпен оралды.
Сұрапыл соғыс жылдары Кеңестер Одағының жау тылында қалған және фашистер таяп қалған аймағынан қазақстанға 142 ірілі-ұсақты кәсіпорындар көшіріліп әкелініп, жұмыс істей бастады.
Қазақстанда "Бәрі де майдан үшін! Бәрі де жеңіс үшін!" деген ұран тасталды.
Соғыс кезінде қорға 3 миллиард 184 миллион 395 мың сом болды. Оның бәрін ауылда қалған адамдар жинады. Ол ақшаға соңында жауынгерлерге 3 миллион жылы киім, 1600 вагон сыйлықтар жіберілінді.
Ұлы Отан соғысы кезінде дүниге келген сәбилердің жағдайы өте қиын болды. Елде қалған қарт аталар мен әжелер, ересек балалар, аналар таңның атысы, күннің батысы еңбек етті. Әсіресе жас босанған аналар жас сәбилерін арқаларына таңып мал бақты, егін екті, заводтарда еңбек етті. Ал түнде жұмыстан қалжырап келсе де сәбилерін жұбатып мына бесік жырын айтты,
Сұқсұр деген құс болар,
Тартсаң жүні бос болар,
Көкешіңнен хат келсе
Анаңның көңілі хош болар!
Әлди, бөпем, әлди-ай!

Оң аяғың көтеріп,


Жұбатасың көңілді.
Аман келіп көкеші?,
Ұзартарма өмірді.
Әлди, бөпем, әлди-ай!
Бұл күндерді де артқа тастап Жеңіске жеттік.
Еш уақытта ұмытпаймыз, ерліктеріңіз ел есінде мәңгілік сақталады біздің елдің батырлары! Сіздердің болашақ ұрпақ үшін жасаған ерліктеріңіз ешқандай пұлмен саналмайды.
Егерде елімізде батырларымыз болмай, ешкім жеңіс әкелмегенде онда біз осындай бақытты өмір сүрмес едік. Өз ұрапағы үшін жанын пида қылды. Біз ұлы тарихта бар жерімізді қадірлеуіміз керек. Мен "мен батыр отанында өмір сүремін" деп айту үшін еш уақытта аянбаймын. Мен өмір бойы батырларымызға бас иіп өтетін боламын. Әр уақыттың өз батыры бар,сол кісілерге көп-көп рахмет.
Батырлар, сіздерге мың тағзым, бас иеміз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет