«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


жыл Жеңіс күні құтты болғай елімде! (Өлең жолдары жеке шығармашылығымнан) Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет58/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

75 жыл Жеңіс күні құтты болғай елімде!
(Өлең жолдары жеке шығармашылығымнан)
Туған жердің батырларына мың тағзым!


Қарғалы ауданы, «№2 Бадамша орта мектебі» КММ
Қадыр Арай Нұрланқызы
5 «а» сынып оқушысы
Жетекшісі: Шаудырова Назия Рзахановна
Адамзат тарихындағы күрестердің ішінде ең ауқымдысы, құрбандықтары мен алапаттығы жағынан ең жантүршігерлігі – Екінші дүниежүзілік соғыс және оның құрамдас бөлігі – Ұлы Отан соғысы болды. Бұл соғыс біз үшін үлкен жеңіспен аяқталғаны бәрімізге мәлім. Ал, биыл Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл толуда. Шыны керек, ардагер бабаларымыздың саны жыл санап азаюда. Ал, соғыста ерлік көрсеткен батырларымыздың ерлігін тек мейрам күні есімізге алатынымыз жалған емес. Бұл тек жылына бір рет қана орын алады. Сонда батыр ұл-қыздарымыздың соғысты жеңудегі ерен еңбегі 9 мамыр күні ғана тойланатын дәрежеде болғаны ма? Әлде оған себеп тек өзіміз бе?
Жеңіс, батыр, ерлік – осы үш сөзді естігенде менің көзіме, ең алдымен, жауды жеңудегі рөлі жоғары, намысты қолдан бермеген, қиындыққа төзе білген, еңбегі өшпес тыл еңбеккерлері елестейді. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалығын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытқан рухты жандар десем де артық болмас. Әйел, қария, тіпті бала екеніне қарамастан жұмысқа етене араласты. Олардың қатарына Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев тары өсіруден ал, күріш өсіруден Шиелі ауданы, “Авангард” колхозының даңқын шығарған Ким Ман Сам, сонымен қатар, Ыбырай Жақаев әлемдік рекорд жасағанын айта кетпесек болмас. Республикада жоғарыда аты аталған жандардың жолын қуушылар аз болмады. “Ойыл” ауданы, “Кемерші” совхозының Зауре Баймулдина звеносы, Шелек ауданы “Төңкеріс” колхозынан Малжегерова звенолары тары мен күріш өсіруден алдыңғы қатарда болды. Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рөлдеріне отырды. Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданының Дзержинский атындағы қолхозында Агафья Швалькова соғысқа кеткен күйеуінің комбайынын жүргізіп, астық жинады. Одан бөлек, майдан шебіне тыл еңбеккерлерінің еңбегіне деген сұраныстың қандай болғандығын мына фактіден көруге болады: 1942 жылдың басында ауылдағы әр еңбекке жарамды адамға орташа жүктеме 6 га жердегі дәнді, техникалық дақылдарды өңдеу, әрі 14 бас малды күтіп баптау жүктелген. Тыл еңбекшілері жоғарыда қарастырылған барлық күш пен тердің, адамның қанын судай төккен зұлмат соғыстың жанды қысқан кезеңінде тыл еңбекші халқы белді қайыстырған қара жұмысқа таң сәріден жүгіріп, түн ортасында қайтқан ерлігінің, «өзім жемесем жемейін, өзім ішпесем ішпейін, бәрі де солар үшін, бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін болсын!» - деген игі ниетінің арқасында жаудың қолын кері қайтаруға өздерінің елеулі үлестерін қосты.
Содан соң осы үш сөздің әсерінен, көз алдыма қаһарлы соғысқа бүкіл алаулаған жастық шағын берген, қолына қару алған, жау құшағына «елім» деп соққан жүрек дүрсілімен аттанған, қатерлі сәттерде ажал оғына қарсы тұрып, азапқа толы ауыртпалықты арқалап шыққан қою жасыл формалы батыр-ер ұл-қыздарымыздың бейнесі көрінеді. Олар - адамгершіліктің, азаматтықтың, патриоттықтың, имандылықтың символы, көркем бейнесі іспетті. Тарихқа үңілер болсақ, бір емес бірнеше дивизиялар мен полктардың, батыр ұлдарымыз бен қоса қыздарымыздың сан мың рет жасаған ерліктерін тоқтамастан айтуға болады.Олардың еңбектеріне тоқталып кететін болсақ, қан майдан жылдары Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды. Қазақстан территориясында жасақталған әскери құрылымдар ащы соғыстың алғашқы күндерінен бастап жаумен ерлікпен шайқасты. Әсіресе, Москва, Сталинград түбіндегі шайқастарда қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды. Сонымен қатар қазақ жауынгерлері Украинаны, Белоруссияны, Молдавияны, Балтық бойын, Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Еуропа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты. Қазақ батырлары партизандық қозғалысқа да белсене араласты. Олардың ішінде: Ахмедьяров, Омаров, Шарудов, Қайсенов, Шәріпов, Жангелдин, Саин, Көшекпаев есімдері бүгінде зор құрметке ие. Тіпті, Герман шекарасын кесіп өтіп, рейстаг терезелерінің біріне алғашқылардың бірі болып алқызыл жалауды желбіреткен қазақ батырлары емес пе?! Ал, Берлин ратушасының төбесіне ту тіккен Орал өңірінің жас офицерлері екені де белгілі. Жауынгер ұлдарымыздан бөлек өз патриот жүрегінің үнімен бұл алапат соғысқа,ұшқан оқ бауырына қазақ қыздары да аттанды. Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып марапатталғандар — шығыстың қос шынары: пулеметші Мәншүк Маметова мен мерген Әлия Молдағұлова болды. Ал Бауыржан Момышұлының соғыста 207 рет шабуылға шығып, бірнеше рет жараланып тірі қалғаны, өмір бойы ешкімге бас имей, тек өз ар-намысының ғана құлы болмай халқының қамын ойлап, болашағы үшін күресіп өткені, өмірдегі өзі арқалаған ауыр жүгін, қоғам алдындағы өз парызын терең түсінгені, ажал құшағынан семсердей өткір, емендей берік болып оралғаны қазақ батырларының ерліктерінің дәрежесін одан әрі асқақтата түспей ме?!
Жеңіс, батыр, ерлік – осы үш сөздің әсерінен бейнелері көзіме елестемей, оның орнына шығармаларымен жүрегіме сезілетін ерекше жандар – қанды қырғын кезіндегі ақын-жазушылар. Қаламы мен қаруын қатар ұстаған ақын-жазушыларымыз соғысқа да аттанып, шығармашылығын да қалдырмады. Керісінше, жау құшағында соғысып жүрген бабаларымызға өз өлең жолдарымен рух беріп, шабыттандыра түскен. Майдангер-қаламгерлер ажал ошағына барып, елін қорғап, сонымен қоса болашаққа батырларының ерлігін насихаттау үшін өз туындыларын қағаз бетіне қалдырды. Олардың қатарына -Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Баубек Бұлқышев, Мәлік Ғабдуллин, Бисен Жұмағалиев, Әзілхан Нұршайықов сынды әдебиет танытушыларды жатқыза аламыз. Табан ет, маңдай термен келген осы Ұлы Жеңіске қаруымен де, қаламымен де үлес қосқан, аты аңызға айналған өр тұлғалы азаматтарымыз, қаһарман жазушыларымыз соғыстан кейін де ел өткен ерліктің ізін суытпай қағазға түсіріп, кітап жазды.Ал ерлік туралы қанатты сөздер жауынгерлерге күш-қуат бергені анық. Олардың шығармаларында майдан шежіресі шешен тілмен суреттеліп, мағыналы мақалмен айшықталған. Кітаптарында соғыста от кешкен майдангерлердің тарихы суреттеліп, майдан өмірі елес беріп жатады. Жауынгерді «аңызға айналған батыр» тұтып, көркем сөзбен әдеби кейіпкерге айналдыра білді. Олар - майданға өз үлестерін қосып, одан тыс әдебиетке де өз үлестерін қоса білген жандар. Олардың қаламынан туған шығармалары - жүрек қанымен, маңдай терімен, найзаның ұшымен, оқтың жарқылымен жазылған майдан күндерінің мызғымас ескерткіші. Майдангер-қаламгерлердің майдан шебіне барып өз көздерімен көрген суретті, ерлікті қағаз бетіне түсіруінің арқасында қазір, біз, жас ұрпақ бабаларымыздың жеңісінің дәрежесі асқақ екеніне көзімізді жеткізе қарай аламыз.
Енді өз ойымды қорытындылай кетсем, менің түсінгенім «жеңіс, батыр, ерлік» бар-жоғы үш сөздің арқасында батыр-бабаларымыздың еңбегі қандай дәрежеде екенін түсіне аламыз. Ал айтылмаған қаншама сан ойлар, қаншама сан сөздер, қаншама сан есімдер мен ерліктер бар. Бұның барлығы біздің тарихымыз, біздің Жеңісіміз. Оны жылына бір рет еске алып, кейін ұмыту үлкен күнә емес пе? Соғыс алаңында, тыл шебінде жүрген батырларымыз үшін бір күн бір ғасырға тең болмады ма? Ерліктің дәрежесі биік екеніне көзіміз жетті. Олардың біз үшін жасаған еңбегін бір күнге теңеген болғанымыз ба сонда?! Әрине, кінә өзімізде. Менің ойымша, мұндай айтулы мерекені бір күнде тойлауға болмайды. Оны өміріміздің соңына дейін күн сайын еске алу керек. Сонда өскелең жас ұрпақтың жадынан ешбір батырымыздың есімі, ерлігі жоғалмас, өшпес!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет