Туған жердің батырларына мың тағзым!
Ақтөбе қаласы, «№18 орта мектебі» КММ
7 «Ә» класс оқушысы
Беспаева Гүлайым
Жетекшісі: Нәбиева А.М.
Қазақтың жері-ай талай қиындықты бастан кешірген. Әрине сол қиындықтан бізді алып шыққан қазақтың батырлары. Ол кездерде ешкім үйіне тығылып отырмаған. Керісінше, бір қолына қару алып, жаудан қорғауға аттанды. Тіпті оған әйел адамдар да қатысты. Қаншама қорқытарлық хаттар мен оқтар жіберіп халыықтың қабырғасын қайыстырғанымен батырларымыздың рухы қайтпады. Олар өздерін емес ұрпағын яғни, бізді ойлады. Бізге зор үмітпен қарады. Білектің күшімен, найзаның ұшымен тәуелсіздікті алып берді.
Туған жердің батырлары: «Алпамыс», «Қобыланды», «Қамбар батыр», «Ер Қосай», «Ер Көкше», «Ер Сайын», «Ер Тарғын», «Күлтегін», «Қырымның қырық батырынан» , «Сұраншы батыр», «Өтеген батыр», Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Исатай Махамбет, Сырым, Амангелді олардан бері келер болсақ Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев ағамыз және тағы да басқа батырларымыздың ел тағдырындағы тарихи орны мен олар жасаған ерлік жорықтарының мәні мен маңызы да бірнеше ғасырлар бойында ел жадынан бір сәтке де ұмыт қалған емес. Осындай батыр жауынгерлеріміздің арқасында еліміз жеңіске жетті. Әрине соғыс елімізге көп зардап әкелді. Қанша халқымыздан айрылдық, қанша үйлер күл-талқан болды. Дегенмен осындай ер жүрек ағаларымыз бен апаларымыз беріспегендіктен жеңіске жетті. Біз болашақ жастар осындай апа-ағаларымызға қарап өсудеміз. Оларды мақтан етеміз. Олардың аттарын ешқашан да ұмытпаймыз және әрқашанда еске аламыз. Олардың туған елге деген сүйіспеншілігі мен махаббаты дәлелдемесе де көрініп тұр. Айтып өткендей Барлық батырларымыз да өз кеуделерін оққа тосқан. Алаштың батырларына ешкім жетпейді. Олардың қаһармандығына, адалдығына, қамқорлығына, жаукештілігіне ешкім де теңесе алмайды. Сондықтан да біз оларға басымызды иіп, тағызым етеміз. Екінің бірі батыр бола алмайды. Батыр болу үшін де қайсарлық, сабырлық, шыдамдылық керек. Ал батыр дегеніміз – Отанын жаудан қорғап, жанын пида етуге дайын тұрады. Бүгінгі таңда адамдардың өз Отанын қорғауға деген мүмкіндігі жетіп, артылады. Себебі бұрынғы батырлар батыр болып туылған жоқ қой. Оған себеп ата-ана тәрбиесі. Әркім де өз туған жерін қорғауға міндетті. Тіпті сенің кішкене болсын көмегің тиюі мүмкін. Егер қарсы келген жауға төтеп беруге қасқайып қарсы тұрып, шайқаса білсең ол да ерлікке жатады. Біздің батырларымыз да дәл солай жауға қарсы тұрған. Бізге батырларымыз жеңісті алып бермегенде тәуелсіз мемлекет болмайтын едік. Басқа елге тәуелді болып, сол елдердің салт-дәстүрін жасауға мәжбүр болатын едік. Әрине осылай керемет, рақат өмір сүріп жүргеніміз батырларымыздың арқасы. Әрбір қазақ елінің азаматтары туған жеріміздің батырларын құрметтейді. Себебі біздің қанымыз бір, туымыз бір, еліміз бір. Бір қазақ жерінде өмір сүріп, өсіп-өніп келеміз. Мүмкін біз де сол жылдарда болсақ аянып қалмас едік. Олар да біз үшін қалай күрессе, біз де дәл солар секілді қайсар, батыр болармыз. Олардың алып берген жеңісін, тәуелсіздігін қорғауға ант беремін.
Қорытындылай келе батырларымызды құрметтеп, олардың еңбегін бағалау біздің парызымыз. «Қаһарман – өмірін өзінен де құнды болған нәрсеге арналған адам». Бұл жерде батырға құнды нәрсе қазақ жері. Демек батырлар қазақ жерін, кіндік қаны тамған жерін өздерінен де артық көрген. Олардың бар байлығы өз туған жері, өз Отаны. Ұмытпайық, батырлар өздері үшін, болашағы үшін, тәуелсіздігі үшін, ұрпағы үшін күресті. Біз оларды сыйлайық, құрметтейік, оларға тағзым етейік! Олар болмағанда жер бетін басып жүрмес пе едік. Сондықтан, «туған жердің батырларына мың тағзым!». Туған жердің батырларына басымызды иеміз. «Ер есімі – ел есінде» - демекші бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған батырларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Енді елімізде ешқашан соғыс болмасын!
Достарыңызбен бөлісу: |